- •2. Дене мәдениетінің қоғамдық қызметтері мен түрлері.
- •3. Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі спецификалық амалдыры тұрғысынан.
- •4. Табиғаттың сауықтыру күштері – дене тәрбиесінің қосалқы амалдыры тұрғысынан.
- •5 Гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосалқы амалдыры тұрғысынан.
- •6. Күн режимі – дене тәрбиесінің қосалқы амалы тұрғысынан
- •7. Жылдамдылық және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •8. Дене тәрбиесінің «саналық» және «белсенділік» қағидалары.
- •9. Ептілік және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •10. Иілгіштік (майысқақтық) және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •11. Күш және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •12. Төзімділік және оны дамыту амалдары мен әдістмесі.
- •13. Дене тәрбиесінің реттік және біртіндеушілік қағидаларынын міндеті мен мақсаты.
- •14. Дене тәрбиесінің жүйелік қағидасынын міндеті мен мақсаты.
- •15. Дене тәрбиесіндегі оқытып үйрету әдістері.
- •16. Дене жаттығуларының педагогикалық сұрапталып топтастырылуы.
- •17. Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар.
- •18. Дене тәрбиесінің жүйелілік қағидасының міндетітері мен мақсаты.
- •19. Дене тәрбиесінің көрнекті ықпал ету әдісі.
- •20. Дене тәрбиесінің қайталау қағидасының міндеті мен мақсаты.
- •21. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің жалпы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: сөзді қолдану әдісі, көрнекіліктерді қолдану әдісі.
- •22. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің арнайы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: қатаң шектелген жаттығулар әдісі, жарыстық әдіс.
- •Жарыс әдісі
- •Қатаң шектелген жаттығу әдістері
- •23. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің арнайы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: жартылай шектелген жаттығулар әдісі, ойындық әдіс, шеңберлі жаттығу әдісі.
- •Ойын әдісі
- •Жартылай шектелген жаттығу әдістері
- •24. «Дене мәдениеті», «дене тәрбиесі», «спорт», «дене тәрбиелеу жүйесі», «дене дамуы», «дененің қалыпқа келуі» ұғымдарына анақтама бер
- •25. Ойындық және жарыспалы әдістер, көрнекі құралдармен сөзді пайдалану әдістері. Ойын әдісі
- •Жарыс әдісі
- •26. Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, тереңдетіп үйрету, пысықтау және жетілдіру әдістеріне анақтама бер.
- •27. Сабақ құрылымының негіздері-оқу сабақтарына және сабақтан тыс түрлеріне сипаттама бер.
- •28. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің негіздері.
- •29. Мектеп жасындағы дене шынықтырудың әлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағытымен міндеттері.
- •30. Қимыл әрекеттерге үйрету кезеңдерін атап, оларға толық анықтама бер: таныстыру, бастапқы үйрету, терендетіп үйрету, бекіту және жетілдіру, есепке алу.
- •1.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •2. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •3.Бастауыш мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •4. Негізгі мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •5. Орта мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •6.Кәсіптік-техникалық колледждардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •7. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмысының мақсаты, міндеттері және негізгі бағыты.
- •10. Дене тәрбиесі сабағын хронометраждау әдістемесі.
- •11. Кәсіби қолданбалы дене тәрбиесінің негізгі міндеттері мен мақсаттары.
- •12. Бастауыш, орта және жоғары мектептік жасаралығының білім берушілік, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.
- •13. Дене мәдениеті сабақтарының құрылымы және мазмұның ерекшеліктері.
- •14. Студенттік жастардың дене тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, түрлері және мазмұны. Оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу топтарын топтау әдісі.
- •15. Дене мәдениеті сабақтарында дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу: мектеп жасындағы балалардың дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •16. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның бағыттын дамуы: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, енбек, оқу енбегі, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие жұмысын басқара білу құралдары мен әдістері.
- •17.Арнайы медициналық топ оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын өткізудегі ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері.
- •18.Мектептегі дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
- •19.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
- •21. Дене тәрбиесі сабағы – мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі түрі: сабақтың құрылымы және сабақ бөлімдерінің мазмұны, үлгерімді тексеру және бағалау.
- •22. Жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі кафедрасы жұмысының құрылымы және мазмұны.
- •23.Мектептік спорттық жарыстарға қойылатын педагогикалық талаптар: спорттық жарыстардың міндеттері, жарыстың түрлері, спорт жарыстарының күнтізбесі, жарыстар жөніндегі ереже.
- •24.Президенттік сынамалар бойынша сынақтарды өткізудің тәртібі мен ережелері.
19.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1) физкультура сабақтары;
2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
21. Дене тәрбиесі сабағы – мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі түрі: сабақтың құрылымы және сабақ бөлімдерінің мазмұны, үлгерімді тексеру және бағалау.
Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады. Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады: 1. Оқу сабағына кіретін дене тәрбиесі жаттығуларының құрамы 2. Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылардың іс-әрекеті ұсынылған жаттығуларды орындауымен байланысты. Олар: мұғалімді тыңдау, жаттығуды орындау, орындау техникасын бақылау, көрген немесе естігенді түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын құру, оны орындау, өз әрекетін бақылау, бағалау т.б. оқушылардың көптеген әр түрлі әрекеттерінен тұрады. 3. Мұғалімнің қызметі. Сабақ міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру, жаттығушылардың әрекетін бақылау, қателерін түзеу, орындауын бағалау, баға қою, талдау, жүктемені реттеу т.б. 4. Сабақ кезінде оқушылардың ағзасында болып жатқан физиологиялық, психологиялық үрдістер мен жаттығушылардың көңіл-күйлері. Физиологиялық үрдістер: жүрек соғысы, тыныс алу жиіліктері, зат алмасу жүйесінің жұмыстары. Психикалық үрдістер: ықылас, еске ұстау, ойлау, қозғалыс реакциясы жылдамдығы т.с.с. Жаттығушылардың көңіл-күйлері: дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойын ойнау барысындағы қуануы, күйінуі, ренжуі, рақаттануы, күлуі, жылауы. Жаттығушылардың көңіл-күйлері мен осы физиологиялық, психологиялық үрдістер қосылып білімде, қозғалыс ептілігінде, дағдысында жағымды, дұрыс өзгерістер тудырады. Ол өзгерістер оқу сабағы мазмұнының көрінбейтін жағын құрайды. Уақыт бойынша бір-бірімен байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді: 1. Кіріспе. 2. Негізгі. 3. Қорытынды.
22. Жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі кафедрасы жұмысының құрылымы және мазмұны.
«Дене тәрбиесі» кафедрасы келесі бағыттарда жұмыс атқарады:
Оқу жұмысы бойынша:
Дене тәрбиесі бойынша оқу үрдісін жетілдіру жүргізілуде.
Оқыту әдістемесін дамыту бағытында айқындалған жұмыс атқарылуда. Ұдайы оқу пәнінің оқыту сапасына ішкі бақылау жүргізіліп отырылады. Кафедраның кестесіне сәйкес өзара сабаққа қатысу жүйелі түрде жүргізіледі.
Әлемнің көптеген елдерінде білім алушылар спортының дамуына үлкен көңіл бөлуде. Осы білім алушылар спортының арқасында Олимпиадалық ойындарына және әлем біріншіліктеріне қатысатын ұлттық құрамалардың негізі қалыптасады.
Университет білім алушыларының дене – сауықтыру және спорттық – бұқаралық спорттық жұмысын арттыру мақсатында, білім алушылар арасына белсенді демалыс пен саламатты өмір салтын енгізу, спорттық шеберліктерін және кафедраның спорттық қорын жоғарылату үшін төмендегідей негізгі бағыттар айқындалған:
Дене тәрбиесі үрдісінің бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуін жаңғырту, қазіргі заманға сай жаңа дене шынықтыру – сауықтыру технологияларын жасау , спорттық-бұқаралақ қызметтің және дене жаттығулармен өз беттерінше айналысудың жаңа үлгілерін енгізу
Дайындық және біліктілікті көтеру, магистратура мен докторантурада оқу арқылы дене тәрбиесі кафедрасының ғылыми әлеуетін нығайту
Оқытушылар мен қызметкерлерді, білім алушы жастарды бір-бірімен араластыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларын ұдайы өткізу. (Факультет аралық жарыстар, білім алушылар үйі біріншліктері, атақты спортшылармен дәстүрлі кездесу, атақты спорт ардагерлерімен кездесу, ҚР ЖОО арасындағы Унивеиадаға қатысу т.б.)
Жоғары дәрежелі білім алушы – спортшыларды дайындауға қажетті жағдайлар жасау.
Спорттық-бұқаралық жұмыс:
Денсаулықты нығайту мақсатында дене тәрбиесі және спорт құралдарын қолдану, білім алушылардың жұмыс қабілетін арттыру және оларды кәсіби қызметтеріне даярлау үшін жүргізіледі. Университет білім алушылары университет, аудан, қала, Республика көлемінде ұйымдастырылатын спорттық-бұқаралық іс-шараларға белсене араласады.
