Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.34 Кб
Скачать

4. Негізгі мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады. Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша, 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.

Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі. Олар: 1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары. 2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. 3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар. 4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары.

Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.

Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық іс-әрекеттері арқылы орындалады.

Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Пәндік және кұрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.

Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы. Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру жұмыстары жүргізіледі

5. Орта мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердің дене тәрбиесін берудегі басты бағдары – жастардың гармониялық өсуін, рухани жетілуін, моральдық тазалығы және деннің сау болуын қамтамасыз ету, тұлғаның өмірге үйлесімді жетілудің басты шартының бірі-дене тәрбиесі

    Міндеттері:      -   оқушыларды  Отанын, халқын сүю рухына тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандыру.      - дене тәрбиесі сабақтарын жоғарғы сапада өткізу және бағдарламада жоспарланған материалдарды толық өтуді қамтамасыз ету. Мектеп күн кестесіндегі бұхаралық сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі, сабақ үстінде өткізілетін «үзіліс сәті», сабақ арасындағы үзілістермен, ұзартылған күн тәртібіндегі ойындармен дене жаттығулары) жатады.

     -   дәргерлер мен тығыз байланыста болу. Оқу жылының басында барлық оқушыларын міндетті дәргерлік бақылаудан өткізу. Оқушыларды оқу топтарға (дайындық, негізгі және арнаулы медициналық топтарға) бөлу.

 Қорыта келе, мектеп жасындағы балалардың қозғалыс сапаларын жетілдіру, олардың өсуі мен даму ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Себебі сапалық қасиетті дамыту екінші бір сапаның дамуына әсерін тигізеді. Оқушылар организімінің өсу жолында дененің кейбір сапалық қасиеттерін жетілдіру жоғары қарқында тәрбиеленеді. 

    Сабақтарды, және іс-шараларды өткізгенде  оқушының  мүмкіншілігіне қарай топ-топқа бөліп қарастырған жөн. Себебі әр оқушының дене бітіміне, денінің саулығына байланысты мүмкіншіліктері әр-түрлі болады. Сондықтан мұғалім оқушыны бағалау барысында осы мүмкіншіліктерін ескере отырып бағалаған дұрыс.