- •2. Дене мәдениетінің қоғамдық қызметтері мен түрлері.
- •3. Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі спецификалық амалдыры тұрғысынан.
- •4. Табиғаттың сауықтыру күштері – дене тәрбиесінің қосалқы амалдыры тұрғысынан.
- •5 Гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосалқы амалдыры тұрғысынан.
- •6. Күн режимі – дене тәрбиесінің қосалқы амалы тұрғысынан
- •7. Жылдамдылық және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •8. Дене тәрбиесінің «саналық» және «белсенділік» қағидалары.
- •9. Ептілік және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •10. Иілгіштік (майысқақтық) және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •11. Күш және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •12. Төзімділік және оны дамыту амалдары мен әдістмесі.
- •13. Дене тәрбиесінің реттік және біртіндеушілік қағидаларынын міндеті мен мақсаты.
- •14. Дене тәрбиесінің жүйелік қағидасынын міндеті мен мақсаты.
- •15. Дене тәрбиесіндегі оқытып үйрету әдістері.
- •16. Дене жаттығуларының педагогикалық сұрапталып топтастырылуы.
- •17. Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар.
- •18. Дене тәрбиесінің жүйелілік қағидасының міндетітері мен мақсаты.
- •19. Дене тәрбиесінің көрнекті ықпал ету әдісі.
- •20. Дене тәрбиесінің қайталау қағидасының міндеті мен мақсаты.
- •21. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің жалпы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: сөзді қолдану әдісі, көрнекіліктерді қолдану әдісі.
- •22. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің арнайы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: қатаң шектелген жаттығулар әдісі, жарыстық әдіс.
- •Жарыс әдісі
- •Қатаң шектелген жаттығу әдістері
- •23. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің арнайы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: жартылай шектелген жаттығулар әдісі, ойындық әдіс, шеңберлі жаттығу әдісі.
- •Ойын әдісі
- •Жартылай шектелген жаттығу әдістері
- •24. «Дене мәдениеті», «дене тәрбиесі», «спорт», «дене тәрбиелеу жүйесі», «дене дамуы», «дененің қалыпқа келуі» ұғымдарына анақтама бер
- •25. Ойындық және жарыспалы әдістер, көрнекі құралдармен сөзді пайдалану әдістері. Ойын әдісі
- •Жарыс әдісі
- •26. Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, тереңдетіп үйрету, пысықтау және жетілдіру әдістеріне анақтама бер.
- •27. Сабақ құрылымының негіздері-оқу сабақтарына және сабақтан тыс түрлеріне сипаттама бер.
- •28. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің негіздері.
- •29. Мектеп жасындағы дене шынықтырудың әлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағытымен міндеттері.
- •30. Қимыл әрекеттерге үйрету кезеңдерін атап, оларға толық анықтама бер: таныстыру, бастапқы үйрету, терендетіп үйрету, бекіту және жетілдіру, есепке алу.
- •1.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •2. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •3.Бастауыш мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •4. Негізгі мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •5. Орта мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •6.Кәсіптік-техникалық колледждардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •7. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмысының мақсаты, міндеттері және негізгі бағыты.
- •10. Дене тәрбиесі сабағын хронометраждау әдістемесі.
- •11. Кәсіби қолданбалы дене тәрбиесінің негізгі міндеттері мен мақсаттары.
- •12. Бастауыш, орта және жоғары мектептік жасаралығының білім берушілік, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.
- •13. Дене мәдениеті сабақтарының құрылымы және мазмұның ерекшеліктері.
- •14. Студенттік жастардың дене тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, түрлері және мазмұны. Оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу топтарын топтау әдісі.
- •15. Дене мәдениеті сабақтарында дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу: мектеп жасындағы балалардың дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •16. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның бағыттын дамуы: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, енбек, оқу енбегі, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие жұмысын басқара білу құралдары мен әдістері.
- •17.Арнайы медициналық топ оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын өткізудегі ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері.
- •18.Мектептегі дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
- •19.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
- •21. Дене тәрбиесі сабағы – мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі түрі: сабақтың құрылымы және сабақ бөлімдерінің мазмұны, үлгерімді тексеру және бағалау.
- •22. Жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі кафедрасы жұмысының құрылымы және мазмұны.
- •23.Мектептік спорттық жарыстарға қойылатын педагогикалық талаптар: спорттық жарыстардың міндеттері, жарыстың түрлері, спорт жарыстарының күнтізбесі, жарыстар жөніндегі ереже.
- •24.Президенттік сынамалар бойынша сынақтарды өткізудің тәртібі мен ережелері.
30. Қимыл әрекеттерге үйрету кезеңдерін атап, оларға толық анықтама бер: таныстыру, бастапқы үйрету, терендетіп үйрету, бекіту және жетілдіру, есепке алу.
1.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту,денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.
Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.
Бала денесін шынықтыру.
Балалардың жүру, жүгіру. Секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
2. Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсіуіне қолайлы мәдени – гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа райына жылы-жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын процедура түрінде , ауа және күн ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен ысқылану, үстіне суық су құйыну түрінде пайдаланады.
3. Басқа тәрбие салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында да балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне , денсаулығына , дамуына дербес жауап береді. Меңгеруші мен тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысында басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып , сауықтыру шараларын жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз- балаың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты , белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейдейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-аналардың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балалардың күн тәртібін орындауға үйренетеді,, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
