- •2. Дене мәдениетінің қоғамдық қызметтері мен түрлері.
- •3. Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі спецификалық амалдыры тұрғысынан.
- •4. Табиғаттың сауықтыру күштері – дене тәрбиесінің қосалқы амалдыры тұрғысынан.
- •5 Гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосалқы амалдыры тұрғысынан.
- •6. Күн режимі – дене тәрбиесінің қосалқы амалы тұрғысынан
- •7. Жылдамдылық және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •8. Дене тәрбиесінің «саналық» және «белсенділік» қағидалары.
- •9. Ептілік және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •10. Иілгіштік (майысқақтық) және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •11. Күш және оны дамыту амалдары мен әдістемесі.
- •12. Төзімділік және оны дамыту амалдары мен әдістмесі.
- •13. Дене тәрбиесінің реттік және біртіндеушілік қағидаларынын міндеті мен мақсаты.
- •14. Дене тәрбиесінің жүйелік қағидасынын міндеті мен мақсаты.
- •15. Дене тәрбиесіндегі оқытып үйрету әдістері.
- •16. Дене жаттығуларының педагогикалық сұрапталып топтастырылуы.
- •17. Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар.
- •18. Дене тәрбиесінің жүйелілік қағидасының міндетітері мен мақсаты.
- •19. Дене тәрбиесінің көрнекті ықпал ету әдісі.
- •20. Дене тәрбиесінің қайталау қағидасының міндеті мен мақсаты.
- •21. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің жалпы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: сөзді қолдану әдісі, көрнекіліктерді қолдану әдісі.
- •22. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің арнайы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: қатаң шектелген жаттығулар әдісі, жарыстық әдіс.
- •Жарыс әдісі
- •Қатаң шектелген жаттығу әдістері
- •23. Дене тәрбиесінің оқытып-үйретудің арнайы әдістерін атап, оларға толық анықтама бер: жартылай шектелген жаттығулар әдісі, ойындық әдіс, шеңберлі жаттығу әдісі.
- •Ойын әдісі
- •Жартылай шектелген жаттығу әдістері
- •24. «Дене мәдениеті», «дене тәрбиесі», «спорт», «дене тәрбиелеу жүйесі», «дене дамуы», «дененің қалыпқа келуі» ұғымдарына анақтама бер
- •25. Ойындық және жарыспалы әдістер, көрнекі құралдармен сөзді пайдалану әдістері. Ойын әдісі
- •Жарыс әдісі
- •26. Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, тереңдетіп үйрету, пысықтау және жетілдіру әдістеріне анақтама бер.
- •27. Сабақ құрылымының негіздері-оқу сабақтарына және сабақтан тыс түрлеріне сипаттама бер.
- •28. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің негіздері.
- •29. Мектеп жасындағы дене шынықтырудың әлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағытымен міндеттері.
- •30. Қимыл әрекеттерге үйрету кезеңдерін атап, оларға толық анықтама бер: таныстыру, бастапқы үйрету, терендетіп үйрету, бекіту және жетілдіру, есепке алу.
- •1.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •2. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •3.Бастауыш мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •4. Негізгі мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •5. Орта мектеп дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары.
- •6.Кәсіптік-техникалық колледждардың дене тәрбиесі, міндеттері мен мақсаттары, қызметінің негізгі бағыттары және шарттары.
- •7. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмысының мақсаты, міндеттері және негізгі бағыты.
- •10. Дене тәрбиесі сабағын хронометраждау әдістемесі.
- •11. Кәсіби қолданбалы дене тәрбиесінің негізгі міндеттері мен мақсаттары.
- •12. Бастауыш, орта және жоғары мектептік жасаралығының білім берушілік, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.
- •13. Дене мәдениеті сабақтарының құрылымы және мазмұның ерекшеліктері.
- •14. Студенттік жастардың дене тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, түрлері және мазмұны. Оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу топтарын топтау әдісі.
- •15. Дене мәдениеті сабақтарында дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу: мектеп жасындағы балалардың дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •16. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның бағыттын дамуы: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, енбек, оқу енбегі, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие жұмысын басқара білу құралдары мен әдістері.
- •17.Арнайы медициналық топ оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын өткізудегі ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері.
- •18.Мектептегі дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
- •19.Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоспарлау құжаттарын атап оларға анықтама бер.
- •21. Дене тәрбиесі сабағы – мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі түрі: сабақтың құрылымы және сабақ бөлімдерінің мазмұны, үлгерімді тексеру және бағалау.
- •22. Жоғарғы оқу орындағы дене тәрбиесі кафедрасы жұмысының құрылымы және мазмұны.
- •23.Мектептік спорттық жарыстарға қойылатын педагогикалық талаптар: спорттық жарыстардың міндеттері, жарыстың түрлері, спорт жарыстарының күнтізбесі, жарыстар жөніндегі ереже.
- •24.Президенттік сынамалар бойынша сынақтарды өткізудің тәртібі мен ережелері.
27. Сабақ құрылымының негіздері-оқу сабақтарына және сабақтан тыс түрлеріне сипаттама бер.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады. Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру. Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі - сыныптан тыс өткізілетін спорт, көпшілік спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). 2. Мектептегі жаттықтырулар ұйымдастарылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар т.б. жарыстар. 3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. 4. Жазғы және қысқы Президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыс спорт түрінің жарыстарына дайындық және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. 5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары. 6. Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әртүрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру ж.т.б. жорық дағдыларын меңгереді. 7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған, денсаулықтарын нығайту, дене қуаты дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар. 8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмысттарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір – бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі.
Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жоспарлаудың негізгі жоспарлау құжаты - көпшілік спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басы қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап, оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет – ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады.
