- •Мазмұны
- •1.1 Ambi ішкі жүйелік интерфейс. Sсis интерфейсі
- •Amba ішкі жүйелі интерфейсі ahb.
- •Ішкі жүйелі интерфейсі amba asb
- •1.2 Sсis интерфейсі
- •Деректерді жіберу режимдері
- •Кабелдын құрылымы
- •2 Бағдарламаны әзірлейтін құрал-саймандары
- •2.1 Анықтама жүйесі. Нтмl workshop
- •2.2 Windows операциялық жүйесінің реестрі
- •C# бағдарламалау ортасы туралы жалпы мәліметтер
- •3 Тәжірибелік бөлім
- •3.1 Анықтама жүйесі. Нтмl. Workshop
- •3.2 Реестр арқылы жұмыс істеу
- •3.3 Visual Studio. «Компьютер обойының форматын» өзгерту.
- •Visual Studio–да төмендегі әдіс бойынша«Компьютер обойының форматы» өзгертілді:
- •3.4 Visual Studio. Формалармен жұмыс. Drag & Drop
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
C# бағдарламалау ортасы туралы жалпы мәліметтер
С# тілін («Си-шарп») деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп оқиды. Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған.
С # тілі Microsoft фирмасының ..NET (дот-нет) архитектурасы үшін бағдарламалар жазуға арналған тілі. .NET – бағдарламалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосылған компьютерлерге арналып жасалған.
.NET көмегімен шағын мобильді компьютерлерде орындалатын бағдарламалар жазу ыңғайлы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде бағдарламалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.
С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін . Visual Studio.NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, компьютер типінен тәуелсіз командалардан тұрады да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқарылады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орындала береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
16- сурет. С# тілінде бағдарлама орындалу барысы.
Компилятор жұмысы нәтижесінде құрас-тыру (сборка) деп аталатын ехе немесе dll типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады.
Метамәліметтер программада қолда-нылатын объектілер және құрастыру туралы ақпарат сақтайды. Ол тіларалық әрекеттесу, қауіпсіздік, сенімділік сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Visual Studio.NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген тілде пайдалана беруге болады.
3 Тәжірибелік бөлім
3.1 Анықтама жүйесі. Нтмl. Workshop
HTML (ағылш. Hypertext Markup Language— «еренмәтін белгілеу тілі») —вебшолғышта көрсетілуге арнаулы еренмәтін мен басқа ақпараттан тұратын веб беттерді жасауға арналған белгілеу тілі.
HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.
HTML-документті таңбалауға арналған тег-ті тіл. Кез келген HTML тіліндегі документ элементтер жиынтығын көрсетеді, және әр элементтің басы мен соңы арнайы тег арқылы белгіленеді. Одан басқа, элементтердің арнайы қасиеттері бар атрибуттары бола алады(мысалы,font-элементінің түсі немесе шрифт өлшемі). Атрибуттар ашылып жатқан тег-тің ішіне жазылады. HTML-документінің фрагменттерінің мысалдары:
Екі тег арасындағы текст - ашылған және жабылған. <a href="http://www.example.com"> Бұл жерде элемент href атрибуты бар, ол гиперсілтемені білдіреді.</a> Бос элемент мысалы: кез келген HTML-документ HTML нұсқасының спецификациясына жауап беретін <!DOCTYPE…> жолынан тұруы қажет.
17 - сурет - Өзім туралы мәлімет Интернет арқылы ашылған түрі
HTML – де өзіміз туралы мәліметтер еңгізілді. Олар арнайы “тег” – арқылы жұмыс жасайды. HTML - тегтер - HTML негізі. Теги түзетуінде элементтердің бастауы және аяқталуын шектеу үшін пайдаланылады. Әрбір HTML - құжат HTML-элементтер және мәтіннен тұрады. Әрбір HTML-элементі бастапқы (ашу) және соңғы (жабылу) тегімен белгіленеді. Ашылуы мен жабылуы тегтер атауын тег қамтиды.
Бұл курстық жұмыста қолданылған тегтер:
<html>–браузерге html файл екенін хабарлайды
<title> – курстық жұмыстың тақырыбын көрсетеді
<head> - жұмыстың басталуы
<h1 align="center"> </h1> тақырыптың ортада жазылуы
<BODY BACKGROUND > – фонды енгізуге арналған тег бұл файлға арналған фон "http://ramki-vsem.ru/fon/fon-nebo4.jpg"
<body> денесі, барлық код осында жазылады және </body> арқылы аяқталады
<br> жаңа жолдан жазу
<IMG SRC=> сурет қоюға арналған тег, курстық жұмысты жазу барысында қолданылған html суреттің коды "http://www.psu.kz/images/stories/psu_photo/psu_9.1.1.jpg"
<IMG SRC="ALIGN=TOP|MIDDLE|LEFT|"> суреттің өлшемін туралауға арналған тег ALIGN–суретті горизанталды бағытта туралау, TOP–суреттің жоғарғы бөлігі ең жоғарғы элеменпен теңестіру, MIDDLE–суреттің ортасын базалық сызық бойымен туралау, LEFT–суретті терезенің сол жақ бөлігіне туралайды, <marquee> анимацияның қозғалу бағытын көрсетеді
<p style="text-indent: 25px;"> отступты енгізетін код
<UL> <LI> – тізім жасау үшін қолданылатын тег.
18 - сурет Аналогтық RGB интерфейсі
