- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
№ 6 Практикалық сабақ
АДАМНЫҢ ІШКІ АҒЗАЛАРЫ
Мақсаты: Ішкі органдардың жалпы сипаттамасымен, қызметтерімен танысу. Ішкі органдардың құрылысы , қызметіндегі ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.
Құрал -жабдықтар: плакаттар, муляждар.
Сабақ барысы: Анатомиялық препараттарды, плакаттарды және атласты пайдаланып адамның ішкі ағзалары жүйелері бойынша зерттеледі.
Ішкі мүшелер (висцеральды органдар); (organa viscerales; лат. мүше, ағза; visceralis - ішкі) – дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею үрдіс-терін іс жүзіне асыратын мүшелер жүйелері (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелері) жатады. Бұл органдар жүйелері көкірек, құрсақ және жамбас қуысында жатқандықтан, оларды ішкі органдар деп атайды. Ішкі мүшелерді зерттейтін ғылым спланхнология деп аталады.
Ас қорыту жүйесі ұзына бой жатқан түтік тәрізді, оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты келеді. Ас қорыту жүйесінің негізгі топтары: ас қорыту жолдары және ас қорыту бездері. Ас қорыту мүшелеріне түскен тағам физикалық және химиялық өңдеуден өтіп, нәрлі заттар анағұрлым қарапайым заттарға қортылады, қанға сіңеді. Ас қорыту жолының ұзындығы 8 – 10 м және келесі бөлімдерге бөлінеді: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек,.
Ас қорыту жүйесінің құрылысы төмендегі суретте келтірілген.
|
Адамның ас қорыту жүйесі
Тыныс алу дегеніміз – О2 қабылдап, СО2 шығарудан тұратын физиологиялық құбылыс болып табылады. Тыныс алу үрдісі төмендегілерден тұрады: өкпе мен сыртқы ауа арасында газ алмасу; ұлпаллар, қан және дене клеткалары арасында О2 мен СО2 алмасулары.
Тыныс алу ауа тасымалдайтын жолдардан тұратын тыныс алу аппаратының көмегімен жүзеге асырылады (мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпе).
Адамның тыныс алу жүйесі:
1 – мұрын қуысы; 2 – ауыз қуысы; 3 - көмекей; 4 - кеңірдек; 5 – сол жақ басты бронх; 6 – сол жақ өкпе; 7 – оң жақ өкпе; 8 - сегменттелген бронхалар; 9 – оң жақ өкпе артериялары; 10 - оң жақ өкпе веналары; 11 – оң жақ басты бронх; 12 - жұтқыншақ; 13 –мұрын-жұтқыншақ жолы.
Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылынады, дымқылданады. Оның кілегейлі қабығын-да ауамен бірге енген зиянды заттар мен ауру қоздырғыштарға қарсы қорғаныс қасиеттері бола-ды. Ауызбен тыныс алғанда ауа тазармай, жылымай жұтқыншақ пен көмекейге барады.
Тыныс алу көлемі - өкпе арқылы өтетін ауа көлемі. Жай тыныс алып, тыныс шығарғанда 1,5 л ауа шығарылады.
Өкпенің тіршілік сыйымдалығы - адам қалыпты жағдайда тыныс алып, тыныс шығар-ғандағы өкпенің көлемі (500 мл) мен өкпенің тыныс алу, тыныс шығаруының резервтік немесе қосалқы (500 мл + 1500 мл) көлемдерінің қосындысына тең. Өкпенің тіршілік сыйымдылы-ғының жасқа және жынысқа байланысты ерекшеліктері байқалады. Ерлерде өкпенің тіршілік сыйымдылығы – 4200 мл, әйелдерде - 3500 мл. Спортпен шұғылданатын ер адамдарда 7000 мл, әйелдерде 5000 мл.
Тыныс алу жиілігі – көкірек клеткасының 1 минутта жасаған қозғалысымен есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттық жиілігі – 18 рет. Спортпен шұғылданатын адамдарда тыныс алу көлемінің ұлғаюына байланысты тыныс алу жиілігі минутына 8 – 12 дейін төмендейді. Дене шынықтыру барысында тыныс алу жиілігі көбейеді, мысалы жүзушілер минутына 45 рет тыныс алады.
Өкпе вентиляциясы - минутына өкпе арқылы өтетін ауа көлемі. Тыныштық жағдайда 5000 – 4000 мл шамасында болады. Дене шынықтыру барысында бұл көрсеткіш жоғарылайды.
Оттегіні пайдалану - организмнің 1 минутта тыныштық немесе жүктеме түсіргендегі пайдаланған оттегі мөлшері. Тыныштық жағдайда 1 минутта адам 150 – 300 мл оттегін жұмсайды. Дене шынықтыру барысында бұл көлем ұлғаяды. Бұлшықеттердіңжұмыс істеуі барысында организмнің қолданатын О2 мөлшері «оттекті максимальді қолдану» деп аталады.
Зат алмасудың соңғы өнімі адам ағзасынан өкпе, тері, ішек, негізінен зәр шығару арқылы шығарылады.
Зәр шығар жүйесі - бүйрек, несепағар, қуық, несеп шығару түтігінен тұрады. Зәр шығару жүйесінің негізгі мүшелері - бүйректер. Бұл массасы 150 г болатын пішіні бұршаққа ұқсайтын жұп мүше. Құрсақ қуысының артқы жағында, бел аймағында, бел омыртқаларының аралығында орналасқан.
Бүйрек сыртын қабық қаптайды. Көлденең кесіндісінде екі қабат анық байқалады: сыртқы – қыртысты, ішкі – милы қабаттан тұрады. Милы қабатында бүйрек пирамидалары орналасқан. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал ұшы қуысқа бағытталған. Бүйрек қуысының жіңішкерген соңғы бөлігі несепағармен жалғасқан. Ол қуыққа қарай ашылады, қуықтан несеп шығару түтігімен сыртқа шығарылады. Несеп шығару түтігінің шыға берісі 2 мықты жуан бұлшықеттермен жабылады, олар зәр шығару кезінде ашылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ас қорыту жүйесінің маңызы.
2. Ас қорыту жүйесінің мүшелерін сипаттаңыз.
3. Бауырдың құрылысы мен маңызы.
4. Ұйқы безінің құрылысы және екі жақты қызметі.
5. Тыныс алу жүйесінің мүшелері.
6. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не?
