Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

№ 5 Практикалық сабақ

БҰЛШЫҚЕТТЕР

Мақсаты: Бұлшықеттермен танысу. Бұлшықеттердің негізгі түрлерін және олардың қызметтерін анықтай білу машығын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: плакаттар, муляждар.

Сабақ барысы: Анатомиялық препараттар, плакаттар, анатомиялық атластар және муляждар бойынша бұлшықеттер және олардың түрлері зерттеледі.

Бұлшық еттің қызметі оның жиырылғыштық, созылғыштық қасиетіне және оның құрысу, сіресу қасиеттеріне негізделген. Адамның тұлғасында 400-ден аса бұлшықет бар, олар дене салмағының 35-40%-ын құрайды, спортсмендерде бұл көрсеткіш 50-52%-ды құрайды.Бұл бұлшықеттерді көлденең жолақты немесе ерікті бұлшықет деп атайды.

Бұлшық ет жиырылған кезде жылу бөлініп, қанның құрамы өзгереді, соның өсерінен денеде күрделі тірлік әрекеттері жүзеге асады. Дененің құрысып, сіресуі арқылы денені белгілі бір күйде ұстап тұруға немесе кез келген қалыпты жағдайда сақтап қалуға мүмкіндік туады. Мұны бұлшық еттердің жиырылуы дейді. Олардың көпшілігі жеке-жеке сүйектерге жабысып тұрады. Мұндай бұлшық еттер қаңқа бұлшықеттері деп аталады. Әр бұлшық еттің негізгі денесі катарласа орналасқан талшықтардан түзіледі де екі ұшы тарамыс сіңірмен аяқталады. Адамның денесіндегі көлденең жолақты жөне бірыңғай салалы бұлшық еттер бірдей жұмыс атқарса да олардың құрылысы мен дамуында өзіндік айырмашылықтар бар. Бірыңғай салалы бұлшық еттің ұлпасы мезенхимадан пайда болады. Адамдарда бірыңғай салалы бұлшық еттерді ішкі мүшелердің, тамырлар мен терілердің құрамынан ғана кездестіруге болады. Көлденең салалы бұлшық еттер - дененің күшті және тез кимылдайтын бұлшық еттері. Адам көлденең жолақты бұлшық еттердің әсерімен денені икемдеп жүре алады, көлденең жолақты бұлшық еттер теңдікті сақтауға қатынасады

Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады. Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.

Мойын бұлшық еттері басты тепе-теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай-ақ жұтуға қатысады. Дене бұлшық еттері – қабырғааралық бұлшық еттер және көк ет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.

Адам денесінің бұлшықеттері

Аяқ-қол бұлшық еттері- дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады. Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.

Кез келген қозғалыс, кез келген дене шынықтыру жұмыстары бұлшықеттің жиырылуы салдарынан жүзеге асады. Сондықтан бұлшықеттің құрылысы мен функциялық мүмкіндіктерін кез келеген адам, әсіресе дене тәрбиесімен және спортпен айналысушылар білуі тиіс.

Ұршық тәрізіді ет

(мыс.ала-қанның ұзын еті)

Екі басты ет

(мыс. Қолдың екі басты еті)

Үш басты ет

(мыс. Балтырдың үші басты еті)

Төрт басты ет

(мыс.

Санның

төрт басты

еті)

Бұлшық еттердің кейбір түрлері:

Бақылау сұрақтары:

1. Бұлшықеттің құрылысы, талшықтарының түрлері және олардың етте орналасуы.

2. Бұлшықет мүше ретінде, осы мүшенің белгілерін атаңыз.

3. Бұлшықеттің қызметі.

4.Бұлшықеттің жіктелуі.

4. Бұлшықеттің жұмыс жасау принципі.

5. Буындарды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер.