Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

№ 4 Практикалық сабақ

СҮЙЕКТЕРДІҢ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Мақсаты: Сүйектер байланыстарының, буындардың түрлерімен танысу. Адам сүйектері байланыстарының түрлері туралы, буындар туралы білім қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: плакаттар, адам қаңқасы, муляждар.

Сабақ барысы: анатомиялық препараттар, плакаттар, анатомиялық атластар және адам қаңқасы арқылы сүйектердің байланыстары зерттеледі.

Сүйектер байланыстарының екі түрі бар:

1. Тұтас байланыстар — байланысқан қаңқа сүйектерінің аралығында дәнекер ұлпасы немесе шеміршек болады, қозғалысы шамалы, не мүлдем қозғалмайды. Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Демек, сүйектер аралықтарындағы қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады.

2. Буынды байланыстар — сүйектердің қозғалмалы байланысын қамтамасыз етіп, организмдегі түрлі қимыл қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Буынды құрайтын сүйектер бастары аралықтарында буын қуысы болады және оны іш жағынан сірі (синовиальды) жарғақ. жауып жатады, ол қоймалжың сұйық – синовий бөліп, буынның қозғалысын жеңілдетеді.

Симфиздер, немесе жартылай буындардың ерекшелігі – байланысатын сүйектер аралығындағы шеміршекті немесе дәнекер ұлпадан құралған қабатта кішкене ғана саңылау қалады. Симфиздер тұтас және қозғалысты байланыстардың арасында өтпелі орын алады, олардың мықтылығын арттыратын байламдары болады, және салыстырмалы түрде қозғалғыштыққа ие (шат симфизі, омыртқалар симфизі, төс сүйегінің денесі мен сабы арасындағы симфиз).

Буындар – құрылысына байланысты қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Бұлардан басқа кешенді буын, аралас буын деген түрлері де бар. Қарапайым буынды тек екі сүйектің буын бастары құрайды. Олардың аралығында бір буын қуысы болады. Күрделі буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе бірнеше қатарда

Буынның құрылысы:

1 – сүйек қабығы

2 – буын қабының синовиальды жарғағы;

3 – буын қабының фиброзды жарғағы;

4 – буын қуысы;

5 және 6 – сүйектердің шеміршекпен қапталған буын беттері

орналасқан майда сүйектер, болмаса шеміршектер болады. Сондықтан олардың аралықтарында екі не одан да көп буын қуыстары болады.

Буындардың беті әр түрлі геометриялық фигуралардың пішініне ұқсайды: цилиндр, эллипс, шар.Осыған сәйкес буындар шар тәрізді, эллипс тәрізді және цилиндр тәрізді болады. Буынның биомеханикалық (анатомо-физиологиялық) жіктелуінде олар төмендегіше бөлінеді:

1) бір білікті буындар; 2) қос білікті буындар; 3) көп білікті буындар.

Бақылау сұрақтары:

1. Синхондроздың анықтамасы, мысалдар келтіріңіз.

2. Синдесмоздың анықтамасы, мысалдар келтіріңіз.

3. Синостоздың анықтамасы, мысалдар келтіріңіз.

4. Қарапайым буындар дегеніміз не мысал келтіріңіз;

5. Күрделі буын дегеніміз не мысал келтіріңіз;

6. Қандай буындар кешенді деп аталады, мысалдар келтіріңіз;

7. Қандай буындар аралас деп аталады, мысалдар келтіріңіз.