- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
№ 3 Практикалық сабақ
АДАМ ҚАҢҚАСЫНЫҢ ҚОСЫМША БӨЛІМІ
Мақсаты: еркін қозғалатын қол және аяқ сүйектерінің құрылысымен танысу. Адам қаңқасының қосымша бөлімінің құрылысы туралы білім қалыптастыру, оларды ажырата білуді үйрету.
Құрал -жабдықтар: адам қаңқасы, жеке сүйектер.
Сабақ барысы: Плакаттар,таблицалар, анатомиялық атлас және адам қаңқасы бойынша қол-аяқ сүйектерін зерттеу.
Адам қаңқасының қосымша бөлімі қол және аяқ сүйектерінен құралады. Қол-аяқ сүйек-терінің құрылысында олардың функционалдық айырмашылығы із қалдырған. Қол сүйектері – еңбек мүшелері болса, аяқ сүйектері – тірек және қозғалыс мүшелері. Бірақ, олардың жалпы құрылысында ұқсастықтар да айтарлықтай. Олар белдеу сүйектерінен және еркін қозғалатын бөлім сүйектерінен тұрады.
Иық белдеуі екі жұп сүйектен – жауырын мен бұғанадан тұрады. Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғарғы ұшымен, екінші ұшы – жауырынмен қосылған.
Қол сүйектері
1 - жауырын; 2 - тоқпан жілік; 3 - кәрі жілік; 4 - шынтақ сүйек; 5 - білезік сүйектері; 6 - алақан сүйектері; 7 - саусақ сүйектері; 8 – қол басы сүйектері; 9 – білек сүйектері; 10 – иық сүйегі; 11 - жауырын; 12 - бұғана.
Еркін қозғалатын қол сүйектеріне тоқпан жілік, білек және қол басы сүйектері жатады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буынын түзіп, қолмен әр қилы қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майына толы болады. Білек сүйегі кәрі жіліктен және шынтақ сүйектен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен білектің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан. Қол басы сүйекте-рінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.
Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, балтыр сүйегі (асықты жілік пен шыбық сүйегінен тұрады) және аяқ басның сүйектерінен тұрады. Аяқ басының сүйектеріне майда сүйектерден тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады. Сонымен бірге, ортан жілікке тізе тобығы (сесам тәрізді сүйек) қосылады.
Аяқ сүйектері:
1 - жамбас сүйегі; 2 – тізе тобығы; 3 - шыбық сүйек; 4 - асықты жілік; 5 - тілерсек; 6 - табан; 7 - бақай сүйектері; 8 - аяқ басы; 9 - балтыр; 10 - тізе; 11 - сан; 12 - ортан жілік; 13 - жамбас.
Тапсырма:
1) Суретте көрсетілген сүйектердің типтерін атаңыз:
А. – ______________________________________
Б. 1. –_____________________________________
2. –_____________________________________
В. – ______________________________________
Г. – ______________________________________
Д. – _____________________________________
Е. *-мен белгіленген – ______________________________________
2) Суреттегі омыртқалардың аттарын атаңыз:
Бақылау сұрақтары:
1. Иық белдеуінің сүйектерін сипаттаңыз.
2 Еркін қозғалатын аяқ сүйектерін атаңыз.
3. Жамбас белдеуін сипаттаңыз.
8. Қолдың еркін қозғалатын бөлігінің сүйектерін атаңыз.
