Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

№ 2 Практикалық сабақ

АДАМНЫҢ ОСЬТІК ҚАҢҚАСЫ

Мақсаты: адамның осьтік қаңқасы құрылысының ерекшеліктерін игеру. Сүйектің құрылысы туралы білім қалыптастыру, осьтік қаңқасының сүйектерін ажырата білу.

Құрал-жабдықтар: плакаттар, адамның қаңқасы.

Сабақ барысы: Плакаттар, таблицалар, анатомиялық атлас және адам қаңқасы бойынша адамның осьтік қаңқасының сүйектері зерттеледі.

Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Сүйек ұлпасы 33% органикалық заттардан (коллаген, гликопротеидтер және т.б..) және 67% бейорганикалық заттардан (тұздар, цитраттар, гидрооксиапатит кристалдары, 30-дан астам микроэлементтер) тұрады.

Сүйек құрылысының сызбанұсқасы (остеон):

1 – Гаверсов каналы; 2 – остеоцит; 3 – остеон тақтайшасы

Адам қаңқасы шартты түрде осьтік (бас қаңқасы және омыртқа жотасы) және қосымша (қол және аяқ сүйектері) бөлімдерге бөлінеді. Осьтік қаңқка (Skeleton Axiale) кеуде қаңқасынан (омыртқа жотасы және көкірек клеткасының сүйектері) және бас қаңқасынан тұрады.

Адам қаңқасы. Алдынан қарағандағы түрі. 1 – бас қаңқасы; 2 – омыртқа жотасы; 3 - бұғана; 4 - жауырын; 5 – төс сүйнгі; 6 – тоқпан жілік; 7 –шынтақ сүйек; 8 – кәрі жілік; 9 – білезік сүйектері; 10 – алақан сүйектері; 11 – саусақ сүйектері; 12 – жамбас сүйегі ; 13 - сегізкөз; 14 - шат симфизі; 15 – ортан жілік; 16 – тізе тобығы ; 17 – асықты жілік ; 18 –шыбық сүйек; 19 – толарсақ сүйектері; 20 – табан сүйектері; 21 – бақайшақ сүйектер; 22 – қабырғалар (көкірек клеткасы).

Омыртқа жотасы, columna vertebralis, бөлек-бөлек сүйек сегменттерінен – омыртқалардан тұрады. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады.: Омыртқалар мойын омыртқалары (7), арқа омыртқалары (12), бел омыртқалары (5), сегізкөз (5) және құйымшақ (1-5) омыртқаларына бөлінеді.

Көкірек клеткасын арқа омыртқалары, төс сүйегі және қабырғалар құрайды. Төс сүйегі қанжарға ұқсас, оның жоғарғы бөлігі төс сабы, ортасы – төс сүйегінің денесі, ал, төменгі бөлігі – семсер пішінді өсінді деп аталады. Қабырғалар 12 жұп, доға тәрізді иілген, ұзынша сүйектер. Қабырғалардың алдыңғы шеті шеміршекті болады. Олар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Жоғарғы 7 жұп қабырға (нағыз қабырғалар) төссүйекпен шеміршек арқылы байланысқан; 8-10 қабырғалардың (жалған қабырғалар) шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді де 7-қабырғаның шеміршегіне жалғасады; 11-12 қабырғалар (бос қабырғалар) төс сүйекпен қосылмай, бос аяқталады.

Бас қаңқасы атқаратын қызметіне орай ми сауыты және бет бөлімі деп екіге бөлінеді.

Көкірек клеткасы

Бас қаңқасының сүйектері:

А – ми сауыты; Б – бет бөлімі

Бақылау сұрақтары:

1. Қаңқа дегеніміз не?

2. Адам қаңқасының құрылысы.

3. Осьтік қаңқа сүйектеріне не кіреді?

4. Бас сүйектің құрылысын сипаттаңыз.

5.Омыртқа жотасының ерекшеліктерін атаңыз.

6. Көкірек қуысына не жатады?