Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

№ 1 Практикалық сабақ

АДАМ ОРГАНИЗМІНДЕГІ ТІНДЕР МЕН ЖАСУШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Мақсаты: жасушаның құрылысымен,тіндердің түрлерімен таныстыру, микроскоппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: плакаттар, жасуша мен тіндердің препараттары, микроскоп.

Сабақ барысы:

Клетка, cellula, — тірі организмдердің құрылымының ең қарапайым бөлігі. Жасушадағы тіршілік процестері, зат алмасу клеткалық деңгейде өтіп, жасушаның негізін құрайтын ақуыздардың тікелей қатысуымен жүреді. Әрбір клетка өз алдына күрделі жүйе болып табылатын цитоплазма, ядро және органеллалардан тұрады.

Клетка құрылысы

Клетканың құрылысы – түйіршікті жарғақшалы рибосомаларда нәруыздар синтезделеді және тегіс жарғақшалы рибосомалар майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады.

Эпителий ұлпасы (epithelium, грек. «ерi»-үстiңгi, беткi; «tеli»-емiзiк)-шекаралық ұлпа, организм мен сыртқы орта шекарасында орналасады, дене бетiн жауып, оның қуыстарын, iшкi ағзалардың кiлегейлi қабығын төсеп, көптеген бездердi құрады.

Дәнекер ұлпасы - адам организмінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы клеткалардан және клеткааралық заттан тұрады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі клеткалар мен клеткааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал клеткааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады.

Бұлшықет ұлпасы — адам организмінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет ұлпасының үш түрі болады. Олар – бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы және жүрек бұлшықеті ұлпасы.

Жүйке ұлпасы жүйке клеткаларынан түзілген. Жүйке клеткасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір клеткасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан клетка қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке клеткасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Анатомия нені зерттейді?

2. Филогенез дегеніміз не?

3. Онтогенез дегеніміз не?

4. Антропогенез дегеніміз не?

5.Адам организміндег негізгі құрылымдық элементтерді атаңыз.

6. Ұлпа және оның түрлерін сипаттаңыз.

7. Анатомияның зерттеу әдістері.