Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.

- Жасқа байланысты морфология, оның міндеттері.

- Спорттық бағдарлау мен іріктеудің генетикалық аспектілері

- Өсу және даму. Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау.

- Жас кезеңдері.

- Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі.

Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, ұлпаларында, мүшелерінде және жүйелерінде жүретін үрдістердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.

Организмде жүретін үрдістерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым – педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу үрдісі баяндалады: адамның психикалық үрдістерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.

Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Әбу-Әли Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.

Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербор дәрігерлік-хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.

Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. Олардың зерттеулері рефлекстер, жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және синтездеу әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық үрдістер арасындағы диалектикалық өзара байланысты ашып берлі.

Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н.И.Красногорский, В.М.Бехтеров, А.Г.Иванов-Смоленский, Н.И.Касаткин, Н.М.Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И. А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық жүйке жүйесіндегі басылымдық үрдістері туралы А. А, Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу үрдісі мүмкін емес.

1972 жылы Белорус ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық институты (Бел НИСГИ) ашылды, 1959 жылы оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы құрылып, 1963 жылдан бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі болып қайта құрылды. Республикада мектептік-гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде зерттеу Ұлы отан соғысынан кейін басталды. 1964 жылы М. Т. Мотюшоноктың «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» атты кітабы жарыққа шықты, 1970 жылы педагогика училищелері үшін оқулық шығарды, 1975 жылы педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа авторлар Г. Г. Турик және А. А. Крюковамен бірлесіп) шығарды, бұл кітап оның қайта басылуы болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер берді. Балалар ауруларын алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп, балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми-теориялық деңгейін көтереді.

Биологиялық және календарлық жас. Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды топтастыру бірінші кезекте календарлық жасқа байланысты жүргізілетіні белгілі.

«Календарлық жас» түсінігі (хронологиялық жас) дара туғаннан бастап оның өміріндегі белгілі бір кезең өткенге дейінгі аралықты көрсететін уақытты білдіреді. Оқушыларды жастық топтарға топтастыруда белгілі бір «n жас» тобына осы уақытта n жас± 6 айға толған балаларды жатқызады. Мысалы, 10-жастағы балалар тобына 9 жас 6 айға толға балалардан бастап, 10 жас 5 ай 29 күнге толған балаларға дейінгілер жатқызылады.

Бірақ бұлай топтастыру ылғи тиімді бола бермейді. Себебі, бірдей календарлық жастағы балалар (құрдастар), әсіресе жеткіншектер организмнің өсуі мен дамуында жеке ерекшеліктерге ие, яғни, биологиялық жетілу деңгейінің әр түрлілігімен, немесе, биологиялық жасының әртүрлігімен сипатталады. Омындай жеке ерекшеліктердің диапазоны, әсіресе, акселерацияға байланысты арта түсті.

Сәбидің биологиялық жасы («биологиялық жастың» синонимі) – организмнің қаралу кезіндегі құрылымдық-функционалдық қасиеттерінің уақыттық сипаттамаға сәйкес жиынтығы.

Календарлық жастан айтарлықтай артық биологиялық жас индивидуумның онтогенездік тұрғыдан жетілгендігін, жұмысқа қабілеттілігін және адаптивтік реакцияларының сипатын көрсетеді.

Биологиялық жастың критерийлері (өлшемдері) ретінде морфологиялық, функционалдық, биохимиялық, иммунологиялық, цитохимиялық көрсеткіштер алынады, олардың организмнің жетілгендігін бағалаудағы құндылығы постнатальдық онтогенез сатыларына байланысты өзгеріп отырады.

Биологиялық жастың негізгі критерийлері болып төмендегілер саналады:

1) жетілгендік, ол екінші жыныстық белгілердің даму дәрежесі бойынша бағаланады;

2) қаңқаның жетілгендігі – қаңқаның сүйектенуінің реті мен уақыты;

3) тістің жетілгендігі – сүт және тұрақты тістердің шығуының уақыты мен реті.

Екінші жыныстық белгілердің даму деңгейі мен дене өлшемдерінің арасында айтарлықтай корреляция бар. Жеткіншектерде екінші жыныстық белгілер неғұрлым күшті дамыған болса, дене өлшемдері де солғұрлым ірі болады. Екінші жыныстық белгілердің даму деңгейі мен бұлшық еттің даму дәрежесінің арасында да байланыс бар: құрдас жеткінжектер арасында екінші жыныстық белгілер неғұрлым күшті дамыған жеткіншекетрде бұлшық еттері де күштірек келеді.

Биологиялық жетілудің кейбір параметрлерінің арасында тығыз байланыс болатындықтан , биологиялық жасты анықтауда іс жүзінде тіс және жыныс формулаларын пайдалану жеткілікті және оңай.

Тіс формуласы сүт тістердің шығу реті мен уақытын және тұрақты тістермен ауысуын ескереді. Ол 6-дан 13-жасқа денйінгі балалардың биологиялық жасының объективті индикаторы болып табылады. Бұл көрсеткіштер визуальды түрде (жай көзбен) анықталып, стандарттармен салыстырылады.

1-кесте. Сүт және тұрақты тістердің шығу уақыты

Тістер

Жас

Сүт тістер

Медиалдық күрек тістер

6-8 айда

Латералдық күрек тістер

8- 12 айда

Бірінші молярлар

12-16 айда

Ит тістер

16-20 айда

Екінші молярлар

20-30 айда

Тұрақты тістер

Медиалдық күрек тістер

6-8 жаста

Латералдық күрек тістер

8-12 жаста

Бірінші молярлар

9-11 жаста

Екінші молярлар

11-13 жаста

Ит тістер

12-14 жаста

Бірінші молярлар

10-11 жаста

Екінші молярлар

12-13 жаста

Үшінші молярлар

17-20 жаста

Биологиялық жасты бағалауда жыныстық жетілу кезінде бірінші және екінші жыныстық белгілердің дамуы ескеріледі.

Денсаулықты ранжирлеу де ұсынылған, ол үшін биологиялық жастың популяциялық стандарттан ауытқу шамасына жүгінеді.

I ранг - 15 тен - 9 жасқа дейін

II ранг - 8,9 дан - 3 жасқа дейін

III ранг - 2,9 ден + 2,9 жасқа дейін

IV ранг - + 3 тен + 8,9 жасқа дейін

V ранг - + 9 дан + 15 жасқа дейін

Сонымен, I ранг қартаюдың күрт баяу қарқынына, ал V – күрт жылдам қарқынына сәйкес; III ранг БЖ пен КЖ-тың шамамен бір-біріне сәйкестігін көрсетеді. II ранг қартаюдың баяу қарқынына, ал IV ранг қартаюдың жылдам қарқынына сәйкес.

Спорттық бағдарлау мен іріктеудің генетикалық аспектілері

Адамның антропометрлік сипаттамаларының генетикалық талдауы оларға тұқымдық және сыртқы факторлардың әсерін бағалау мақсатында көптеген зерттеушілер тарапынан жүргізіліп келеді. Нәтижесінде көптеген антропометрлік көрсеткіштердің генетикалық детерминациясы күмәнсіз дәлелденген.

Туысқандық дәрежесі артқан сайын дененің ұзындығы мен массасының генетикалық тәуелділігі артатындығы белгілі. Ұзын бойлы ата-ананың балалары көбіне өздерінен биік болады. Бойларының айырмашылығы алшақ ата-аналардың балалары бойлары бірдей ата-аналардың балаларынан биік болады. Бойы биік ана мен бойы аласа әкенің балалары бойы биік әке мен бойы аласа ананың балаларынан биік болып келеді. Анасы мен баласының бойы бойынша корреляция әкесі мен баласының бойы арасындағы корреляциядан артық болады.

Сонымен, балаларының бойын ата-анасының бойына қарап болжауға болады.

Ер адамдардың бойының биіктігі орташа есеппен 165-180 см, әйелдерде 155-170 см. Антропологтар дененің жалпы өлшемдерін табуға арналған шкала жасаған. Олардың бірі, дененің ұзындығын анықтауға арналған Мартиннің шкаласы 9 баллдық рубрикацияға ие.

2-кесте. Дене ұзындығының шартты шкаласы, см

Дене ұзындығы

Ер адамдар

Әйелдер

I кіші

1. ергежейлі

До 129,9

До 120.9

2. өте аласа

130.0-149.9

121.0-139,9

3. аласа

150,0-159,9

140.0-148.9

II орта

4. ортадан төмен

160,0-163,9

149,0-152.9

5. орта

164,0-166.9

153,0-155,9

6. ортадан биік

167,0-169,9

156,0-158,9

III үлкен

7. ұзын

170.0-179.9

159,0-167,9

8. өте ұзын

180.0-199,9

168.0-186,9

9. алып

больше 200,0

больше 187,0

3-кесте. Ата-анасының бойына байланысты 1 – 18 жастағы балаларының бойының ұзындығын (см) анықтау (әкесінің бойы мен шешесінің бойының ұзындығының жиынын 2-ге бөлу нәтижесі), G. Gaisl, 1975

Жасы, жыл

Ұлдар

Қыздар

Ата-аналарының дене ұзындығы

Ата-аналарының дене ұзындығы

163

169

175

163

169

175

1

73,1

75,1

77,1

73,0

74,0

74,6

2

85,4

87,4

88,9

84,0

85,5

88,2

3

93,2

96,0

98,3

90,4

93,8

96,5

4

99,5

103,1

106,3

96,8

103,3

103,8

5

105,6

110,0

112,7

103,5

109,1

111,0

6

110,9

115,4

118,7

110,2

115,0

117,3

7

116,2

121,3

124,6

116,5

120,2

124,0

8

121,6

126,8

130,4

122,4

125,8

130,2

9

126,9

131,9

136,0

128,6

131,4

136,6

10

132,5

137,4

141,5

135,1

136,9

143,1

11

1385

143,0

146.8

141,6

143,4

149,6

12

144,7

148,4

152,4

147,8

150,3

155,8

13

151,0

154,9

159,6

154,2

157,0

161,7

14

158,8

161,6

167,8

158,8

160,4

165.9

15

165,8

167,9

174,7

159,8

162,2

168,4

16

169,4

172,8

176,6

160.5

163,4

169,7

17

170,9

175,4

177,8

160,8

164,0

170,9

18

171,5

176,2

178,6

161,0

164,3

171,8

Баланың соңғы теориялық бойының биіктігін біле отырып, келесі 4-кесте бойынша оның бойы қазіргі уақыттағы жасына сәйкес пе, жоқ па екендігін анықтауға болады. Ол үшін қазіргі бойының биіктігінің кестедегі берілген күтілетін биіктікпен сәйкестігін тексеру қажет.

4-кесте. 1 жастан 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздардың ересек адамның денесінің соңғы ұзындығына пайызбен шаққандағы дене ұзындығы, G. Gaisl, 1975

Жасы, жыл

Ұлдар

Қыздар

М

±σ

М

±σ

1

42.66

1,08

45,24

1,42

2

49,62

1,16

52,58

1,67

3

54,47

1,14

58,41

1,59

4

58.58

1,33

63,19

1,65

5

62.36

1,44

67.35

2,01

6

65. 9-1

1.66

71.17

2,34

7

68,67

1,81

74,22

1,85

8

71,97

1,96

77,60

2,13

9

75,18

2,09

81.17

2,28

10

78,17

2,25

84,64

2,77

11

80,88

2,56

88,50

3,32

12

84,13

3,05

92.50

3,27

13

87,94

3,96

95,91

2,49

14

95.41

3,32

99,10

1,18

15

96,52

2,84

99.35

1,02

16

97,64

2,15

99,53

0,68

17

98,89

1,31

99,71

0,67

18

99,59

0,72

100,0

0,00

Сонымен, баланың денесінің ұзындығын кез-келген жаста болжауға болады. Сол сияқты аяқ, қөолдарының және т.б. ұзындығын да алдын ала айтуға болады. Аяқ-қолдар өсуінің және жалпы өсудің жасқа байланысты динамикасын біле отырып, ерте жастан бастап баланы спорттың қай түрімен айналысатыныдығы жайлы бағдарлауға болады.

5-кесте. Қол ұзындығы мен аяқ ұзындығының бой ұзындығына пайызбен шағылған индекстері

Жасы, жыл

Қол ұзындығының индексі

Аяқ ұзындығының индексі

Ұлдар

Қыздар

Ұлдар

Қыздар

7

43,1 ±3,7

42 6 ± 2,7

49,0 ±1,8

49,3 ± 1,9

8

43,8 ±2.0

42,9 ± 2,2

49,8 ± 1,9

50,4 ± 1.7

9

42,4 ±4.5

43,2 ±3,1

50,9 ± 1,9

50,9 ± 1,7

10

43,3 ±3,3

43,2 ±2,2

51,0 ±2.7

52,1 ±2,2

11

44,4 ± 1,9

43,7 ± 1,9

51,2 ± 1,4

52,1 ± 1,4

12

44.0 ±2,6

43,6 ±2,4

51,8 ± 1,3

51,9 ± 2,6

13

44,2 ±2,0

43,5 ±2,0

52,2 ± 2,3

52,1 ± 1,7

14

44,2 ± 1,9

43,5 ±2,0

52.8 ± 1,5

52,0 ± 1,5

15

44,6 ±2,0

43,5 ± 1,6

52,1 ± 1,8

52.1 ± 1.9

16

43,6 ±2,8

43,6 ± 1,8

52.5 ± 1,5

52.0 ± 1,4

17

44.3 ±2,1

43,6 ± 1,3

52,0 ±1,5

52,2 ± 1.6

18

44,3 ± 1,5

43,1 ± 1,9

52,0 ± 1,2

52,2 ± 1,3

Спорттық бағдарлау мен спорттық іріктеудің жасқа байланысты аспектілері

Спорттық жетістіктердің өсуі спорттық баптаудың әдістемесі мен тактикасына, техникалық құралдардың прогресіне, спортшыларды уақытында және тиімді реабилитациялауға, сондай-ақ спорттың жаппайлылығына және спорттық іріктеуді дұрыс жүргізуге байланысты екендігі белгілі.

Әр адам үшін спорттық әрекеттің түрін таңдау – спорттық бағдарлаудың міндеті болса, белгілі спорт түрінің талаптарына сай спортшыларды таңдап алу – спорттық іріктеудің міндеті.

Спорттық бағдарлау мен спорттық іріктеу жүйесінде дене шынықтыру мұғалімі мен тренердің сабақтар барысындағы, спорттық секциялардың сабақтары кезіндегі, әр түрлі қозғалмалы ойындар, жарыстар кезіндегі бақылаулары үлкен маңызға ие.

Спорттық бағдарлау мен спорттық іріктеу мәселесі кешенді мәселе. Бұл мәселенің негізгі аспектілері – педагогикалық, психологиялық және медико-биологиялық. аспектілер.

Педагогикалық әдістер баланың қимылдық функцияларын, физикалық сапасының даму деңгейін, қимыл машықтары мен координациялық қабілеттерін, спорттық-техникалық шеберлігін және т.б. бағалауға мүмкіндік береді. Психологиялық әдістер баланың тұлға ретіндегі мінез-құлықтық ерекшеліктерін, оның психикалық әрекеттерінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Медико-биологиялық әдістердің көмегімен бала денсаулығының күйін, организмінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, физикалық жүктемелерге бейімделуін, жалпы және физикалық еңбекке қабілеттілігін, қимыл әрекет терінің координациялық механизмдерін анықтайды.

Спорттық іріктеу – бір рет жүргізілетін шара емес, ол ұзақ уақыт, көпсатылы түрде жүргізіледі. Оның тиімділігі негізінен баптау үрдісінің сапасына байланысты, ал ол – әр түрлі жастағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру дәрежесімен анықталады.

Спорт түрлерімен айналысуды бастау кезі туралы әр түрлі пікірлер бар. Төменде балалардың спорт мектебінде спорт түрлерімен айналысудың жасқа байланысты шамалаеған кезеңдері келтірілген.

6-кесте. Спорт мектептерінде әр түрлі спорт түрлерімен айналысуды бастаудың жасқа байланысты нормативтері

Спорт түрі

Бастауыш топтар

Арнайы мамандану топтары

Акробатика

8-9

10-11

Баскетбол

10-12

12-14

Бокс

12-14

14-15

Күрес

10-12

12-14

Волейбол

10-12

И2-14

Гандбол

10-12

12-14

Футбол

8-9

10-12

Спорттық гимнастика

8-9

10-11

Көркем гимнастика

7-8

9-10

Тау шаңғысы спорты

8-4

10-11

Академиялық есу

10-11

12-16

Шаңғы спорты

10-11

12-13

Жеңіл атлетика

10-12

13-14

Жүзу

7-8

8-10

Суға секірулер

7-8

9-10

Мәнероеп сырғанау

7-8

9-10

Шайбалы хоккей

10-11

12-13

Өсу және даму. Басқа ғылымдарға қарағанда, жас ерекшелігі физиологиясында өсу және даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму – ұлпалардың, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші.

Адам организмінде бүкіл организмнің қанша өмірі болса, сонша өмір сүретін, көбеймейтін клеткалар болады. Оларды ұзақ жасайтын клеткалар деп атайды. Олар – жүйке жүйесінің клеткалары. Бұл клеткалар организммен бірге туады, ал оның өсіп жетілуі үрдісінде ол белгілі шекте тек көлемін ғана ұлғайтады әрі функциясы жетіле береді. Егер бұл клеткалар өлсе, олардың орнына жаңалары пайда болмайды.

Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау. Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір, не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштерін алу үрдісі антропометрия (гр. антропос. – адам, метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі көрсеткіштер деп аталады.

Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.

Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы, кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен, бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет.

Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен саусақтардың қысу күшін өлшейді.

Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе жеткіншектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды.

Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10 см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек басталады және аяқталады.

Осы уақытқа дейін жалпы қабылданған акселерация теориясы (тезірек даму) жасалған жоқ, көптеген гипотезаларға қарамастан, шартты түрде оны төрт негізгі топқа бөлуге болады.

Физикалық-химиялық гипотезалар қазіргі балалар күннің, радиоактивті және электромагнитті радиациялардың өте күшейген әсеріне ұшырайды деп есептейді.

Нутритивті гипотезалар – тұрмыс жағдайларының өзгеруін, соның ішінде жануардан шығатын майлар мен белоктарды пайдаланудың көбеюі есебінен балалардың тамақтарының жақсаруын, анасы мен баланың тамағы құрамына витаминдердің қосылуын ескереді. Балалар ауруларын төмендеткен педиатрияның, гигиенаның т.б. табыстарына белгілі маңыз беріледі.

Гетерозийлер – гетерозистің биологиялық циклді өзгерістерінің нәтижесі, әлеуметтік, діни және ұлт аралық шекараларды бұзуға әкелген, өмірдің қоғамдық өзгерістері мен байланысты. Бұл осыған дейін оқшауланған адам топтары арасында некелесудің географиялық мүмкіндігін кеңейтті, тұқым қуалаушылықтың тез өзгеруіне және дамудың жылдамдауына әкелді.

Урбанизация гипотезалары – қалалардың тез дамуы және село халқының қалаларға ауысуымен, қала өмірінің барлық кешендерінің, сол сияқты кино, радио, теледидардың баланың жүйке жүйесіне қоздырушы әсер етуімен байланысты.

Келтірілген гипотезалардың ғылыми маңызы бар, бірақ әрқайсысы түйінді қарсылықтарға кездескендіктен, олардың біреуі де акселерацияның бірден-бір немесе негізгі себебі бола алмайды. Акселерация проблемасын, сірә, келтірген факторлардың үйлесімінде қарау керек болар. Акселерацияның әлеуметтік шарттарының ерекше маңызы бар. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары тез жақсарған елдерде акселерация қарқыны өсті; осындай тенденция дамып келе жатқан елдерде де байқалады.

Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық функциялардың нетұрлым тез дамуы, өмірінің ұзаруы т.б. оның қолайлы жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу мүшелерінің ауруға ұшырауы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық аурулармен көбірек ауыратындықтары туралы мәліметтер бар.

Акселерация мектепте оқытудың, жоғары оқу орындарына түсудің, некелесудің басталу мерзімін өзгерту және т.б. шешімі әлі табылмаған көптеген проблемаларды алға қойып отыр.

Рет саны

Өсіп-даму кезеңдері

Жас кезеңдері

1

Жаңа туған нәресте

1 -10 күн

2

Емшектегі сәби

10 күн – 1 жас

3

Алғашқы (ерте) балалық шақ

1 – 3 жас

4

Бірінші балалық шақ

4 – 7 жас

5

Екінші балалық шақ

қыздар 8 – 11 жас;

ұлдар 8 – 12 жас

6

Жеткіншек немесе жасөспірімдік кезең

қыздар 12 – 15 жас;

ұлдар 13 – 16 жас

7

Кәмелеттік кезең

бойжеткендер 16 – 20 жас;

бозбалалар/жігіттік 17 – 21 жас

8

Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің бірінші жартысы

әйелдер 21 – 35 жас;

ерлер 22 – 35 жас

9

Ересектік мерзімнің екінші жартысы

әйелдер 36 – 55жас;

ерлер 36 – 60 жас

10

Егде (орта) жас кезеңі

әйелдер 55 – 74 жас;

ерлер 60 – 74 жас

11

Қариялар немесе кәрілік кезеңі

74 – 90 жас

12

Ұзақ жасаушылар

90 жастан асқандар

Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.

1965 ж. Мәскеуде бүкілдүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның өмірін 12 кезеңге бөлу қаулысы қабылданған.

Онтогенездің жасқа байланысты кезеңдерге бөлінуі –анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік-психикалық белгілеріне байланысты адам өмірінің кезеңдерін ажырату. Жас кезеңдері – онтогенездің белгілі сатысларының аяқталуына қажет мерзімдер. Ресей педагогикалық ғылымдар академиясы мақұлдаған жас кезеңдерінің схемасы бойынша үш жастық саты (эволюциялық, тұрақты және инволюциялық) постнатальдық дамудың12 кезеңіне бөлінеді. Мұнда 7 жасқа дейін және 75 жастан кейін бұл кезеңдердің шегараларының жыныстық айырмашылығы болмайды. Ал осы көрсетілген жастардың аралығында кезеңдердің шегаралары әйелдерде ерлерге қарағанда ертерекке жылжытылған.

Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері

Баланың танымдық үрдісіне сай жас кезеңдері бес топқа бөлінеді.

Өсіп-даму кезеңдері

Жас кезеңдері

1

Жаңа туған сәби

1 ай

2

Емшектегі сәби

1 ай – 1 жас

3

Ясли жасы немесе балбөбектер тобы

1 – 4 жас

4

Мектепке дейінгілер тобы

5 – 7 жас

5

Мектеп жасындағылар

7 – 18 жас

А) бастауыш сыныптағы оқушылар

7 – 11 жас

Б) ортаңғы сыныптағы оқушылар

11 – 14 жас

В) жоғарғы сыныптағы оқушылар

14 – 18 жас

Жас спортшыларды даярлау жүйесінің тиімділігіне қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі – бала дамуының әр түрлі сатыларына тән жасқа байланысты және жеке анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді қатаң ескеру болып табылады. Бұл – спорттық іріктеу және бағдарлау, жаттығу әдістері мен құралдарын таңдау, жаттығуға және жарыстарға арналған жүктемелерді нормалау, алда болуы мүмкін жетістіктерді болжау сияқты мәселелерді шешуде көмектеседі.

Педагогикалық және спорттық тәжірибеде төмендегідей кезеңдерге бөлу жиі қолданылады:

3 жасқа дейін және оны қоса алғандағы кезең – мектепке дейінгі жастың алдындағы кезең.

4-6 жас- мектепке дейінгі жас.

7-10 жас – бастауыш мектеп жасы.

11-14 жас – орташа мектеп жасы.

15 жастан жоғары – жоғары мектеп жасы.

Бұл жастық кезеңдерге мүшелердің және жүйелердің құрылысы мен функциясындағы, организмнің реактивтілігі мен тұлғаның эмоционалдық-психикалық дамуындағы белгілі ерекшеліктер сәйкес келетіндіктен, оларды спорттық іріктеу және бағдарлауда, жаттығу үрдісін жоспарлауда, жаттығу әдістері мен құралдарын таңдауда, спорттық нәтижелерді болжауда ескеру қажет. Сонымен бірге баланың төлқұжаттық жасы оның биологиялық даму деңгейіне сәйкес келе бермейтіндігін де ескеру керек.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-дай ғана, ал ересек адамда 45-40% болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекінеді. Қаңқа еттері негізінен көлденең жолақты еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұратын, құрамында дәнекер ұлпасы, жүйкелер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді.

Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті — жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы жүйке импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздырады. Жүйке импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қозғыштығы дейді. Еттің қозғыштығы оның жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу жылдамдығы онша көп емес, 5 м/сек шамасында.

Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғүрлым ет жуан болса, соғүрлым күшті болады. Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшық еттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзын дығы 2 мм — 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын бұлшық ет қабығы жабады. Ет талшықтары саркоплазмадан, жиырылу қасиеті бар миофибрилдерден, митохондриялар мен басқа түрлі органоидтардан тұрады. Бұлшық еттердің қан тамырлары көп болады. Қан тамырлары арқылы етке түрлі қоректік заттар, оттегі тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады.

Бұлшық еттерде көптеген жүйке ұштары — рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Баланың өсу барысында жалпы мускулатураның салмағы 35 есе үлғаяды. Жыныстық жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. Сондықтан жас өспірімдердің аяқ-қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер т толып жуандай бастайды. Бұлшық еттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін байқалады.

Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті өсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды.

Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бұзады. Себебі жүйке-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе ұзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттан артық тік түрғызуға болмайды.

Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.