Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері

-Дені сау адамның морфологилық моделі.

-Жыныстық диморфизмнің эволюциялық ролі.

-Жыныстық айырмашылықтардың деңгейлері.

Дені сау адамның морфологилық моделі. Физикалық жетілгендік дегеніміз тек дененің сыртқы кескіні мен пішінінің контрасты ғана емес, бұл, сонымен бірге, міндетті түрде тұлғаның денінің саулығы мен дамуының үйлесімділігі.

Дені сау адамның морфологиялық моделі, яғни, дене тұрқының деннің саулығына сәйкес ерекшеліктері әлі де жеткілікті жасалмаған. Антропология мен медицинаның тәжірибесі дене массасын адамның интегралды сомалық сипаттамасы ретінде таңдалуының дұрыс екендігін дәлелдейді.

Дененің қалыпты массасы деп жұмыс істеу қабілеті жоғары, әлеуметтік функцияларын жан-жақты орындайтын, іс жүзінде дені сау адамның денесінің соматотипологиялық ерекшеліктеріне сай массасы саналады. Өте қарапайым түрде физикалық тұрғыда жетілген адамның моделі оның ұзындық-аумақтық өлшемдері мен соматотипі үшін қалыпты болып табылатын дене массасымен сипатталады. Ғалымдар дененің қалыпты массасын бағалаудың әр түрлі әдістерін ұсынған. Олардың ішінде ең кең тараған әдіс Брок индексі болып табылады (бойдың ұзындығыб см – 100 = дене массасы, кг.).

Жыныстық диморфизмнің эволюциялық ролі. Интегративтік жынысайырушы антропология адамның соматопсихикалық біртұтастығының өзгергіштігін, организмнің әлеуметтік және табиғи орта факторларына реакциясы нормаларының жынысқа байланысты айырмашылықтарын анықтады.

Жыныстық дифференциация және жыныс мүшелерінің қалыптасуы әр түрлі факторларға – жыныстық хромосомаларда орналасқан гендерге, ананың және баланың организмдерінде жасалатын гормондарға, сыртқы факторларға – байланысты орын алады.

Әйел және ер адамдар организмдерінің эволюциялық үрдіске қосатын үлесі теңдей емес. Әйел организмі – тұқымдық ақпараттың сақтаушысы. Ер жынысы эволюцияның «сынақ полигоны» іспетті деуге болады, онда мутация нәтижесінде жаңадан пайда болған белгілердің позитивтілігі немесе негативтілігі анықталады. Егер, эволюциялық үрдіс нәтижесінде сыналған жаңадан пайда болған белгі пайдалы болса, ол ұрпақта бекітіледі; егер белгі зиянды болатын болса, онда осы белгінің тасымалдаушысы болып табылатын аталық даралар өліп қалады, яғни, осындай жолмен генетикалық ядросы әйел жынысты дарада сақталатын (биологиялық тұрғыда жетілдірілген) түрдің тағдыры құтқарылады. Осылайша әйел жынасты организм өзінде сақталатын генетикалық ақпаратта адамның тұқымдық қасиеттерінің ұрпақтарға берілуін анықтайды.

Жыныстық ерекшеліктердің деңгейлері. Жыныстық ерекшеліктердің әр түрлі деңгейлері бар: генетикалық, гонадалық, генитальдық, сомалық және психологиялық.

Айырмашылықтардың сомалық деңгейінің белгілері адам туған сәттен бастап пайда болады. Өсу және жыныстық жетілу үрдістерінің вариациялары тікелей генетикалық факторларға байланысты болады.

Сомалық жыныстың дененің пропорциясына, өсу үрдістеріне, екінші жыныстық белгілерге байланысты ерекшеліктері әсіресе адам өмірінің басында және екінші онжылдықтың ортасында айқын байқалады. Аналық және аталық гормондар деңгейіне сәйкес дене пропорциясының аналық немесе аталық типі қалыптасады. Аталық сомалық типке, аналық сомалық типке (табаны төмен қараған қысқартылған үшбұрыш пішіндес) қарағанда, иықтың айтарлықтай кең болуы мен жамбас кеңдігінің аздау болуы тән (табаны жоғары қараған қысқартылған үшбұрыш пішіндес).

Жынысқа байланысты сомалық белгілерге дененің және оның кейбір бөліктерінің өлшемі жатады. Аталық және аналық дараның дене ұзындықтарындағы айырмашылық нәресте жаңа туғаннан-ақ көрінеді. Өсу қарқыны ұлдар мен қыздарда қарама-қарсы болып келеді. Ұлдарда өсу қарқыны арта бастағанда, қыздарда төмендей бастайды, және керісінше, бұл – жыныстық диморфизмнің салдары болып табылады, және ол жыныстық жетілу кезеңінде өте айқын байқалады.

Сомалық дамудың жыныстық жетілу дәрежесіне тәуелділігі айтарлықтай болады, жыныстық жетілу дәрежесі жоғары болған сайын бойдың және салмақтың көрсеткіштері арта т үседі, тері асты май қабаты қалыңдап, қаңқа ірілене бастайды.

Ересек әйел денесінің ұзындығы 161 см, ал ер адамда - 172 см. Әйел және ер адамның ороганизмдері тірек-қимыл аппаратьының кейбір бөліктерінің дамуы тұрғысынан да айырмашылыққа ие. Ер адамның бас қаңқасы ірілеу келеді, қас үсті доғасы айқынырақ, төменгі жақ сүйегі үлкенірек болады, аяқ-қолдары әйелдерге қарағанда қысқарақ, ал омыртқа жотасы ұзынырақ болады. Әйел адамның бас қаңқасына маңдайдың тіктеу болуы, сүйектердің ет бекитін бұдырлары тегістеу, омыртқа араларындағы дискілері кеңірек болып келеді, көкірек клеткасы қысқарақ болады, сондықтан да диафрагма әйелдерде жоғарырақ орналасқан. Иықтарының кеңдігі ер адамдарға қарағанда аздау, ал жамбастың кеңдігі мен тереңдігі артығырақ, сондықтан әйелдер жүгіргенде жамбастың айналмалы қозғалысы үлкен болады да, бұл олардың ер адамдарға қарағанда жүгіру тиімділігін азайтады. Ауырлықтың орталығы әйелдерде төменірек орналасқан. Жалпы, әйелдердің қаңқасы ер адамдардікімен салыстырғанда, жеңілірек, майысқақ, қозғалғыш және мықтылығы төмендеу болып келеді.

Әйелдердің орташа дене салмағы 61 кг, ер адамдарда – 72 кг. Дененің майлы компоненті әйелдерде 30%, ал ер адамдарда 20%-ға жуық. Майдың абсолюттік мөлшері де әйелдерде 4–8 кг-ға артық, және май негізінен санда, қарында, қардың артқы бетінде жиналады, ал ер адамдарда – санда, балтырда, жауырын астында және қарында жинақталады.

Бұлшық еттен, сүйектерден және ішкі мүшелерден тұратын дененің «арық» массасының салмағы (майсыз ұлпалар) әйелдерде ер адамдарға қарағанда 15–20 кг-ға кем болып келеді. Спорттық жаттығулар барысында майдың мөлшері азаяды, бірақ, стайер-спортшы әйелдердің өзінде ол тек жаттықпайтын ер адамдармен ғана теңесуі мүмкін. Май мөлшерінің аздығы ер адамдарға жүгіруде басымдық береді, бірақ, жүзуде әйелдер бірдей жылдамдықпен бірдей қашықтықты өткенде, энергияны ерлерден аз жұмсайды.

Ересек әйелдерде бұлшық ет массасы орташа есеппен дене салмағының 30–35%-ын (орташа мәні 18 кг), ал ерлерде 40–45%-ын (орташа мәні 30 кг) құрайды. Осы көрсеткіш максимальды еркін күшті (МЕК) анықтайды, ал ол әйелдерде ер адамдардікімен салыстырғанда, аз болады. Әйелдерде қолдарының, иық белдеуінің және кеудесінің еттері әлсіздеу болады, олардың МЕК мәні ер адамдардікінің осындай еттерінің күшінің 40–70%-ындай ғана болады. Оның есесіне, денесінің төменгі бөлігінің еттерінің МЕК мәні ер адамдардікімен салыстырғанда 27%-ға ғана кем.

Әйелдерге көкіректік тыныс алу тән, а ер адамдарға – қарындық тыныс алу тән. ӨТС әйелдерде төмендеу, минуттық тыныс алу көлемі (МТК) тыныштық жағдайда 3-5 л, ал ер адамдарда – 6-8 л.

Әйелдер организмінің орталық жүйке жүйесінің жұмысында да ерекшелік бар. Қозғалыс реакциясының жылдамдығы спортшы әйелдерде спортшы ерлерден төмендеу болады.

Әйелдер организмі ер адамдардың организміне қарағанда жалпыбиологиялық тұрғыдан күштірек болып келеді, ауыруға ұшырауы сирегірек болады және қан жоғалтуға да шыдамдырақ келеді. Сәби шақта ұл балардың арасында өлімшілік жиірек кездеседі, ер адамдардың өмір ұзақтығы әйелдерге қарағанда аздау екендігі де дәлелденген.