- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
№ 15 Практикалық сабақ
ДЕНЕ ТҰРПАТЫН АНЫҚТАУ
Мақсаты: дене тұрпатының негізгі белгілерімен таныстыру, дене тұрпатын анықтау әдістерін игеру, Мошков ромбын, иық индексін анықтауды, лордоздарды өлшеу және тереңдігін анықтауды үйрету.
Құрал-жабдықтар: антропометр, үлкен циркуль, сантиметрлік таспа, шыны таяқшалар, йодтың 5%-дық спирттік ерітіндісі, сколиозометр.
Сабақ барысы:
Дене тұрпаты деп адамның тұрғандағы, жүргендегі, отырғандағы үйреншікті болып, қалыптасып кеткен дене қалпын атайды. Қалыпты немесе дұрыс тұрпат деп қимыл аппаратының және бүкіл организмнің қызметі іске асырылуы үшін жағдайлы болатын тұрпат саналады. Дененің дұрыс тұрпаты келесі белгілермен сипатталады:
-бас пен дене бір вертикальдың бойында орналасады;
-омыртқа жотасының сагиттальды жазықтықтағы иілулеріның айқындығы орташа;
-құрсақ жайпақ, тартылған, ширақ;
-аяқтар жамбас-ортан жілік және тізе буындарында жазылған күйде;
-көкірек клеткасы сәл көтеріңкі және алға шығыңқы;
- иықтар ашық және кішкене төмен түсірілген;
-жауырындар симметриялы орналасқан және шығып тұрмайды.
Дене тұрпаты туа пайда болмайды, организмнің дамуы барысында қалыптасады. Дене тұрпатын анықтауда негізгі белгі – омыртқа жотасының пішіні болып табылады. Адамның омыртқа жотасының келесі физиологиялық иілген тұстары болады: мойын және бел лордоздары, көкірек және сегізкөз-құймшақ кифоздары. Олар дененің тік жағдайында тепе-теңдікті сақтауға байланысты, ауырлық күшінің әсерінен пайда болады, және бұлшықеттер күшімен, омыртқа жотасының байламдарының эластикалылығы және мықтылығымен, омыртқалардың өзімен сақталып тұрады. Омыртқа жотасының иілімдері балалық шақта пайда бола бастайды, 5-6 жаста анық байқалады, ал толығымен қалыптасуы 18-20 жаста жүреді (М.Ф. Иваницкий, М.Г. Привес, В.И. Бушкович және басқ.). Сагиттальды жазықтықта омыртқа жотасының иілістерінің өзгеруі, омыртқа жотасының фронтальдық жазықтықта орталық сызықтан ауытқуы бұрыс тұрпаттың пайда болуына әкеледі. Тұрпаттың әр түрлі кемшіліктері: әсіресе, бүкірею, ішкі мүшелер жүйелерінің қызметінің бұзылуын туғызады. Бірақ, физикалық жаттығулармен жүйелі айналысу бұлшыеттің мықтылығын арттырып, тұрпаттың бұзылуының алдын алады және оның кемшіліктерін түзеуге ықпал етеді. Тұрпаттың бұзылуының бірнеше түрі бар:
1. Жауырыны қайқайған тұрпат – омыртқа жотасының барлық иілістері әлсіз (жеткіліксіз) дамыған.
2. Жауырыны бүкірейген тұрпат – арқа кифозы артып, бел лордозы азаяды, бас алға ұмсынып, 7-ші мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі қатты шығып тұрады, бастың артқа қарай қозғалуы шектеледі, иықтар қушиып, көкірек ішке қарай ойылады.
3. Жауырыны домалана еңкейген тұрпат – көкірек лордозы мен бел лордозының артуынан болады. Жамбастың көлбеу бұрышы артып, бөксе күрт артқа кетеді. Арқаның, құрсақтың бұлшықеттері әлсірейді. Көкірек қушиып, қарын шығып кетеді. Корпус қысқарып, бел жуандайды.
4. Лордозық тұрпат – бел лордозының артуымен, жамбастың күрт алға ұмсынуымен сипатталады. Құрсақ қуысының мүшелері құрсақтың ішкі жағына салмақ түсіріп, оның созылуына, бұлшық ет тонусының әлсіреуіне әкеледі, осының салдарынан қарын салбырап, ішкі мүшелердің қызметі бұзылады.
6. Сколиоздық тұрпат – омыртқа жотасының фронтальды жазықтықта қисаюынан туады. Әдетте физикалық тұрғыда әлсіз балаларда кездеседі.
Сколиоздың түрлері:
Доға қисығының пішіні бойынша:
-бір доғалы сколиоз (С-пішінді сколиоз)
-күрделі сколиоз – екі қарама-қарсы қисаю (S-пішінді сколиоз);
Омыртқа жотасының бөлімдеріне байланысты сколиоздар:
-мойын сколиозы;
-арқа сколиозы;
-бел сколиозы;
-аралас (комбинациялы) сколиоз;
-оң сколиоз;
-сол сколиоз;
Сколиоздық тұропаттың белгілері: бас бір жаққа немесе алға қисайған, иық сызығының ұзындығы әр түрлі (тең емес), иық буындарының орналасу деңгейлері әр түрлі, көкірек клеткасы ассимметриялы, қарын шығыңқы. Жауырындардың төменгі бұрыштары бір деңгейде орналаспаған. Қисықтың жоғарғы ұщы бір жаққа бағытталған, немесе қарама-қарсы жаққа компенсациялық қисаю байқалады.
Сколиоздың 3 дәрежесі бар:
I. Функционалдық сколиоз (қолды басқа қойғанда қисық жоғалады);
II. Аралық сколиоз (дене асылып тұрғанда қисық жоғалады);
III. Тұрақты сколиоз – омыртқаның тұрақты, көп осьті деформациялануы, бүкірліктің пайда болуы, қисық аймағында ет түйінінің пайда болуы.
Тұрпатты зерттеу әдістері:
1. Субъективті әдістер:
- Соматоскоптық (соматоскопия — зерттелушінің денесін алдынан, артынан, бүйірінен қарап шығу);
- Пальпациялық.
2. Объективтік өлшеу (соматометриялық)әдістері:
- Функционалдық сынамалар әдісі;
- Сызықтық өлшеу әдістері:
А) иық және айдар нгүктелерінің еденнен биіктігін анықтау;
Б) В.Н. Мошков ромбын анықтау;
В) иық индексін анықтау.
№ 1 БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ
1. № 4 хаттаманы дәптерге жазу.
2. Төменде көрсетілген ретпен соматоскопия жүргізу.
3. Мәліметтерді зерттеулердің № 4-хаттамасына енгізу.
4. Қорытынды жасау.
№ 4-ХАТТАМА
1. Бастың орналасуы |
|
2. Иық буындарының деңгейлері |
|
3. Жауырындардың орналасуы |
|
4. Арқаның пішіні |
|
5. Қарынның пішіні |
|
6. Қолдардың пішіні |
|
7. Аяқтардың пішіні |
|
Бастың орналасуы. Алдынан қарағанда мыналарға көңіл аударылады: бас кеудемен бір сызық бойымен орналасқан, немесе бір жаққа (оңға немесе солға) қисайған. Бүйірінен қарағанда бастың алға, төменге немесе артқа қисайғаны көрінеді.
Иық белдеуінің орналасуы.
Алдынан қарағанда:
1. иықтардың деңгейлерінің әр түрлілігі – біреуі жоғары, екіншісі төмен;
2. иықтар салбыраңқы немесе көтеріңкі, қушық немесе қайқы болуы.
Артынан қарағанда мыналарға көңіл аударылады:
1. иық сызықтарының ұзындығына;
2. жауырындардың орналасуына: симметриялы немесе ассимметриялы орналасқан, жауырындардың төменгі бұрыштары бір-біріне жақын, немесе алшақ (қанат тәрізді жауырындар). Егер арқа еттері әлсіз дамыған болса, жауырын астына саусақ тығуға болады.
Омыртқа жотасы. Профильден қарағанда омыртқа жотасының иілімдерінің тереңдігіне көңіл аударылады, қай иілім қаншалықты терең немесе әлсіз екендігі сипатталады. Арқаның пішіні анықталады: қалыпты, жалпақ, дөңгелек, лордозды, т.б. Артынан қарағанда сколиоздың бар-жоқтығы, қисаю сызығының ұшының орналасуы, төменіректе компенсациялық қисаюдың бар-жоқтығы (S-пішінді сколиоз), бел үшбұрыштарының теңдей болуы.
Көкірек клеткасыны пішіні.
Алдынан және бүйірінен қарап анықталады:
1. жалпақ;
2. цилиндр тәрізді;
3. конус тәрізді.
Жалпақ көкірек клеткасының белгілері: алдыңғы-артқы диаметрі кішірейген, жоғарғы және төменгі бөлімдері бірдей. Көкірек клеткасы ұзарған, төменгі қабырғалар қатты еңкейген, эпигастральдық бұрыш үшкір.
Цилиндр пішінді көкірек клеткасының белгілері: көкірек клеткасы кең, бірқалыпты дөңгелек, ұзындығы орташа. Ттөменгі қабырғалардың көлбеуі орташа, эпигастральдық бұрыш тік.
Көкірек клеткасыны пішіні
: а – жалпақ, б – цилиндр пішінді, в – конус пішінді
Конус пішінді көкірек клеткасының белгілері: көкірек клеткасының төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда кеңірек, қабырғалар горизонтальды орналасқан, көлбеуі шамалы, сондықтан эпигастральдық бұрыш үлкен, немесе доғал.
Қарынның пішіні. Қарынның төмендегі пішіндері болады:
1. ойық;
2. тік;
3. томпақ.
Қолдардың пішіні. Қолдарды көтеріп, алақандарды бір-біріне қаратып қойып анықтайды. Егер иықтың және қардың сызықтары сәйкес келетін болса қолдар түзу болғаны, ал егер қардың сызығы ауытқитын болса Х-пішінді болғаны.
Аяқтардың пішіні.
1. түзу;
2. Х-пішінді;
3. О-пішінді.
Аяқтардың әлсіз Х-пішінділігі қыздарда жиірек кездеседі, шамалы О–пішінділік ерлерде жиі кездеседі. Аяқтардың шамалы дәрежедегі Х- және О-пішінділігі олардың тірек қызметін бұзбайды, және қалыптылықтың бір нұсқасы ретінде саналады (А. Г. Дембо).
№ 2 БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ
1. Бақылау тапсырмасын дәптерде орындау.
2. Төмендегі функционалдық сынамаларды жүргізу:
А) Омыртқалардың қылқанды өсінділерінің орналасуын анықтаңыз. Зерттелуші сәл алға еңкейіп тұрады. Шыны таяқшамен йодтың 5%-спирттік ерітіндісімен омыртқалардың қылқанды өсінділерінің проекцияларын белгілеңіз. Зерттелушіні тік тұрғызып, омыртқа сызығының ауытқуы бар-жоғын анықтаңыз. Сколиоз бар болған жағдайда оның тереңдігін, бағытын, ұшының орналасуын анықтаңыз. Мәліметтерді сызбанұсқаға түсіріңіз.
Б) Бел үшбұрыштарының симметриялылығын анықтаңыз;
В) Бел тұсында сколиоз байқалған жағдайда оң (а) және сол (б) жақ айдар нүктелерінің еденнен биіктігін анықтаңыз;
Г) Аяқтардың Х-пішінділігі анықталса, екі тобықтың арасының қашықтығын өлшеңіз, ал О-пішінділігі анықталса, тізе буындарының ішкі беттерінің ара қашықтығын өлшеңіз.
Д) В. Н. Мошков ромбын өлшеңіз. Ол үшін өлшеулер төмендегі ретпен жүргізіледі:
VII-ші мойын омыртқасы – сол жақ жауырынның төменгі бұрышы (А),
оң жақ жауырынның төменгі бұрышы - VII-ші мойын омыртқасы (В),
IV-ші бел омыртқасы - оң жақ жауырынның төменгі бұрышы (С),
сол жақ жауырынның төменгі бұрышы - IV-ші бел омыртқасы (D).
Өлшеулердің нәтижелерін сызбанұсқаға түсіріңіз. Егер тұрпат дұрыс, қалыпты болса, жауырындардың симметриялық орналасуы жағдайында А және В өлшемдері бір-біріне тең болады, және С және D өлшемдері де бір-біріне тең болады.
Е) О.А. Аксёнова бойынша иық индексін (J) табыңыз:
иық кеңдігі
J= -------------------------- · 100%
иық доғасы
Иық кеңдігі – акромиальдық нүктелер арасының қашықтығы; циркульмен анықталады (см). Иық доғасы – акромиальдық нүктелер арасындағы доғаның қашықтығы, сантиметрлік таспамен өлшенеді (см). Индекстің бағасы: 89,9%-ға дейін болса – еңкіштік, 90-нан 100%-ға дейін болса – қалыпты тұрпат.
Ж) Лордоздардың тереңдігін графиктік әдіспен анықтау. Зерттелуші сколиозометрдің бағанына арқасын қаратып тұрады, ол еркін тұрып алған соң өлшегіш таяқшаларды омыртқа жотасының қылқанды өсінділеріне жақындатады. Иілімдердің пішінін қағазға көшіреді. Қылқанды өсінділердің қағаздағы проекциясы тұтас сызыққа айналдырылады және ол омыртқа жотасының қисаю контурын көрсетеді.
Мойын және бел лордоздарының пішіндерін және терңдігін өлшеу үшін кифоздан шығатын жанама сызыққа лордоздың ең терең нүктесінен перпендикуляр түсіріледі. Осы перпендикулярдың мәні лордоздың тереңдігін көрсетеді.
3. Қорытынды жасаңыз.
Омыртқалардың қылқанды өсінділерінің орналасуын графиктік түрде көрсетуге арналған сызбанұсқа
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрпатты анықтау жолдары.
2. Тұрпаттың ішкі мүшелердің қызметімен байланысы.
3. Тұрпаттың белгілері.
4. Патологиялық тұрпаттың түрлері. Олардың негізгі белгілері.
