- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
№ 14 Практикалық сабақ
ДЕНЕ САЛМАҒЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН АНЫҚТАУ
Мақсаты: дене салмағы компоненттерін анықтаудың талдаулық әдісін игеру,дененің өлшемдерін алу машығын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: бойөлшегіш, медициналық таразы, үлкен циркуль, сырғығыш циркуль, калипер, сантиметрлік таспа.
Сабақ барысы: Адамның физикалық дамуын зерттеуде тіршіліктегі дене массасының құрамын анықтауға көп көңіл бөлінеді, себебі, ол бөлек комполненттерді дифференциациялауға мүмкіндік береді. Дене массасының құрамын анықтау әр түрлі жолдармен жүргізілуі мүмкін: талдаулық, рентгеногра-фиялық, биохимиялық және т.б. Жаппай тексерулер кезінде Я. Матейканың талдаулық әдісіне жүгінеді.
№ 1 БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ
Май компонентін анықтау
Май компонентін анықтау мына формуламен шығапылады:
D S d K1
мұндағы D – денедегі майдың абсолюттік салмағы (кг), S – дене бетінің ауданы (м2 ), d – тері асты май қабатының орташа қалыңдығы (мм), К1 - константа, мәні 1,3-ке тең.
1. Антропометрлік өлшеулердің № 3-хаттамасын дәптерге жазып алу.
2. Антропометрлік өлшеулердің № 1-хаттамасынан массаның (Р) және дене ұзындығының (L), май қабаттарының қалыңдығының қажетті мәліметтерін № 3 хаттамаға көшіріп жазу.
3. Бойд кестелері (1, 2-кестелер) бойынша дене ұзындығының факторын f(L) және дене массасының факторын f(P) табыңыз, оны № 3-хаттамаға енгізіңіз.
4. Мына формула бойынша дене бетінің ауданын табыңыз: S = 0,1 f(P) f(L)
5. Тері асты май қабатының орташа қалыңдығын (d) есептеңіз.
Тері асты май қабатының орташа қалыңдығы (d) май қабаттары қалыңдықтарының жиынтығын (мына нүктелерде өлшенеді: d1 – жауырын астында, d2 – көкіректе, d3 - қарында, d4 – қарда, алдынан, d5 – қарда, артынан, d6 - білекте, d7 – санда, алдынан, d8 - балтырда) 2-ге және май қабаттарының санына (ерлер үшін – 8, әйелдер үшін - 7) бөлу арқылы табылады.
Майлы клетчатка қалыңдығының орташа мәні төмендегі формула бойынша анықталады:
,
ерлер үшін
,
әйелдер үшін
6. Жоғарыда ұсынылған формулалар көмегімен май массасының абсолюттік (D) және салыстырмалы (D1) салмағын есептеңіз:
D (кг)
D1= ----------- ∙ 100%
P (кг)
мұндағы Р – дене массасы.
Май ұлпасының үлесі:
- ерлерде дене салмағының 12%-ы,
- әйелдерде – 18%-ы.
7. Алынған мәліметтерді спорттық мамандану бойынша нормалық көрсеткіштермен салыстырыңыз.
8. Спортшылардың май қабатын (ЖП) W. Stern (1980) бойынша төмендегі формуламен анықтауға болады:
дене массасы – дененің арық массасы
ЖП = ---------------------------------------------------- ∙ 100%
дене массасы
Дененің арық массасы = 98,42 + (1,082∙дене массасы – 4,15 бел орамы).
9. Қорытынды жазу.
№ 3-ХАТТАМА
Май массасының салмағын анықтауға арналған мәліметтер
Көрсеткіштер |
L (см) |
P (кг) |
f(L) |
f(P) |
S (м ) |
d1 (мм) |
d2 (мм) |
d3 (мм) |
d4 (мм) |
Мәліметтер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көрсеткіштер |
d5 (мм |
d6 (мм |
d7 (мм |
d8 (мм |
∑d (мм |
d (мм) |
D (кг) |
D1% |
Мәліметтер |
|
|
|
|
|
|
|
|
1-кесте
Дененің ұзындығы (L) бойынша оның бетінің ауданын табуға арналған Бойд кестесі.
Ұзындық факторы f(L)
2-кесте.
Дененің массасы (Р) бойынша оның бетінің ауданын табуға арналған Бойд кестесі.
Масса факторы f(P)
№ 2 БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ
Дененің ет массасын анықтау
Дененің ет массасын анықтау мына фа бойынша жүргізіледі:
мұндағы М – ет массасының абсолюттік мәні (кг), L – дене ұзындығы (см), г – қардың, білектің, санның, балтырдың радиустарының орташа мәні (см), К2 - константа, 6,5-ке тең.
1. № 4-хаттаманы дәптерге жазып алу.
2. Антропометрлік өлшеулердің № 1-хаттамасынан № 4-хаттамаға келесі мәліметтерді көшіру. L – дене ұзындығын, Q, - босаң күйденгі қардың ауқымын, Q2 - білектің максимальды ауқымы, Q3 – санның максимальды ауқымы, Q4 – балтырдың максимальды ауқымы.
3. № 3-хаттамадан № 4-хаттамаға қардың, білектің, санның және балтырдың тері-май қабаттарының қалыңдығының мәндерін көшіріңіз: d4 – қарда алдынан, d5 – қарда артынан, d6 - білекте, d7 – санда алдынан, d8 - балтырда.
4. Қардың, білектің, санның және балтырдың аумақтарының жиынтығын (Σ ) мына формула бойынша анықтаңыз:
және қардың, білектің, санның және балтырдың май қабаттарының мәндерінің жиынтығын (Σ ) мына формула бойынша анықтаңыз:
5. Қол мен аяқтың төрт бөлігінің орташа радиусын (r) есептеңіз:
6. Ет массасының абсолюттік салмағын (М) есептеп шығарыңыз:
7. Ет массасының салыстырмалы салмағын (М) есептеп шығарыңыз:
мұндағы Р – дене массасы.
Ет массасының дене салмағындағы үлесі:
- ерлерде 43%,
- әйелдерде 36%.
Спортшыларда ет тінінің дене салмағындағы үлесі 50%-ға жетеді.
8. Қорытынды жазыңыз.
