Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

№ 12 Практикалық сабақ

АНТРОПОМЕТРЛІК ӨЛШЕУЛЕР ТЕХНИКАСЫ

Мақсаты: антропометрлік өлшеулердің техникасын игеру, антропометрлік өлшеулер жүргізу машығын қалыптастыру.

Құрал -жабдықтар: бойөлшегіш, медициналық таразы, антропометр, үлкен циркуль, жылжығыш циркуль, калипер, сантиметрлік таспа, динамометр.

Сабақ барысы:

Тік тұрған дене ұзындығын өлшеу. Дененің ұзындығын тік тұрып өлшеу үшін бойөлшегіш қолданылады. Жалаңаяқ, іш киіммен тік тұрған адамның төбе нүктесінің биіктігі өлшенеді.

Отырған күйдегі дене ұзындығын өлшеу. Өлшенуші бойөлшегіштің орындығына отырады, адамның төбе нүктесінің биіктігі өлшенеді.

Антропометрлік нүктелердің тірек бетінен биіктігін өлшеу. Тік тұрған адамның антропометрлік нүктелерінің тірек бетінен биіктігі сантиметрлік таспамен өлшенеді.

Дене диаметрлерін (көлденең өлшемдерін) өлшеу. Толықтықты өлшейтін циркуль көмегімен төмиендегі өлшеулер жүргізіледі:

1. Акромиальдық диаметр (иықтың кеңдігі).

2. Төс ортасының көлденең диаметрі.

3. Төс ортасының алдыңғы-артқы көлденең диаметрі.

4. Жамбас-айдары диаметрі (1-жамбас кеңдігі).

5. Мықын қыры диаметрі (2-жамбас кеңдігі).

6. Ортан жілік нүктелері арасының диаметрі (3- жамбас кеңдігі).

7. Білектің дистальдық бөлігінің диаметрі – жылжығыш циркульмен шынтақ сүйегінің төмпешіктері арасын өлшейді (шынтақ бүгілген күйінде).

8. Қардың дистальды бөлігінің диаметрі.

9. Санның дистальды бөлігінің диаметрі.

10. Балтырдың дистальды бөлігінің диаметрі (1).

11. Балтырдың диаметрі (2).

12. Қосылған екі тізенің ені.

Дененің орамдық (ауқымдық) өлшемдерін (периметрлерін) өлшеу. Өлшенуші стандарттық орналасу жағдайында болады, өлшеулер сантитметрлік таспамен жүргізіледі, таспаның 0-і алдыңғы жақта болуы керек.

1. Көкірек ауқымы.

2. Иық ауқымы.

3. Кернеулік жағдайдағы иық ауқымы.

4. Босаңсу жағдайындағы иық ауқымы.

5. Жоғарғы иық ауқымы (проксимальды).

6. Төменгі иық ауқымы (дистальды).

7. Білектің максимальды ауқымы.

8. Білектің минималльды ауқымы.

10. Сан ауқымы.

11. Балтырдың максимальды ауқымы.

12. Балтырдың минималльды ауқымы.

Тері-май қабатын өлшеу. Калипер құралы қолданылады. Теріні сол қол саусақтарымен шымши тартып (1 см) оған калипердің аяқтарын орналастырады да, өлшейді.

1. Кеудеде (әйелдерде өлшенбейді).

2. Қарда, алдыңғы жағынан.

3. Қарда, артқы жағынан.

4. Білекте.

5. Алақанда

6. Қарында.

7. Санда.

8. Балтырда.

9. Жауырын астында.

10. Мықында.

№ 13 Практикалық сабақ

ДЕНЕНІҢ МАЙСЫЗ МАССАСЫН АНЫҚТАУ

Мақсаты: антропометрлік нүктелердің еденнен биіктігін, дене диаметрлерін, ауқымдық өлшемдерін, тері-май қабатының қалыңдығын өлшеуді үйрену, дененің майсыз массасын анықтау машығын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: бойөлшегіш, медициналық таразы, антропометр, үлкен циркуль, сырғығыш циркуль, калипер, сантиметрлік таспа, алақан динамометрі, тұрақты динамометрі.

Сабақ барысы: Көптеген зерттеушілердің (Башкиров П.Н., 1962; Мартиросов Э.Г., 1982; Петру-хин В.Г., Язвиков В.В., 1991) пікірінше, дараның физикалық дамуын бағалауда дене массасы компонент-терінің арақатынастары үлкен маңызға ие. Дене массасының құрамында мыналар бөліп қарастырылады:

а) метаболизмдік тұрғыдан белсенділігі төмен компонент – май компоненті;

ә) метаболизмдік тұрғыдан белсенді компоненттер – бұлшықет, сүйек, жүйке, ішкі мүшелер тіндері.

Белсенділігі төмен компоненттер (тері асты майы және іш майы)– организмнің май қорын түзеді. Белсенді тіндер «арық тін» немесе «дененің майсыз массасы» деген атаумен біріктіріледі (Дорохов Р.Н. дәне әріптестері, 1994). Салмақтары бірдей адамдардың денесіндегі майлы және етті компоненттер үлесі әр түрлі болуы мүмкін. Физикалық жаттығулармен айналысу осы арақатынгастардың өзгеруіне алып келеді. Баптаумен жиі және көп айналысу кезінде бұлшықет массасы өсіп, майдың мөлшері азаяды. Баптау кезеңіндегі салмақ компонентерінің арақатынастары өзгеруінің маңызы оны дараландыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде салмақтың әр түрлі компонентерін анықтаудың бірнеше әдістері бар: биохимия-лық, рентгенографиялық, ультрадыбыстық және т.б., бірақ олар арнайы құрал-жабдықтарды қажет етеді, сондықтан оларды пайдалануға мүмкіндік бола бермейді. Жаппай зерттеулер кезінде қолдануға ыңғайлы әдіс – талдаулық әдіс (Matiegka J., 1921), ол антропометрлік мәліметтерді математикалық формулалар-дың көмегімен өңдеуге негізделген. Я. Матейка әдісі май, бұлшық ет және сүйек массаларының абсолюттік және салыстырмалы мәндерін бағалауға мүмкіндік береді. Және, маңыздысы – есептеу жұмыстарын өлшеу кезінде емес, кейін жасауға болады. Дененің майсыз массасының салмағы (БМ) Бенке формуласымен есептеледі, мұнда адамның майсыз массасының салмағы саны жағынан цилиндр-дің көлеміне тең, оның өлшемдері антропометрлік көрсеткіштер бойынша анықталады.

Цилиндрдің көлемі мына формуламен анықталады:

мұндағы V - цилиндрдің көлемі, L – цилиндрдің биіктігі, R - цилиндрдің радиусы, π = 3,14

Цилиндрдің биіктігі ретінде дененің ұзындығы алынады. Цилиндрдің радиусы есептеу жолымен табылады, ол үшін дененің 5 диаметрі мен екі ауқымдық өлшемдері алынады:

а - акромиальдық диаметр (иық кеңдігі),

b – төс ортасымен алынған көлденең диаметр,

с – жамбас-айдар диаметрі (1-жамбас кеңдігі),

d – ортан жіліктер тұсынан өлшенген диаметр (3-жамбас кеңдігі),

е – қосылған екі тізенің ені,

g – балтырдың минимиальды ауқымы,

h - білектің минимиальды ауқымы.

Табылған жиынтық мәнді (Σ) эксперименттік жолмен табылған 18,1 константасына бөледі.:

Осылайша, дененің майсыз массасын есептеуге арналған Бенке формуласы мынатай түрде болады:

БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ:

1. № 2-хаттаманы дәптерге жазып алу.

2. Қажетті көрсеткіштерді антропометрлік өлшеулердің № 1-хаттамасынан № 2-хаттамаға көшіру.

3. Дененің майсыз массасын анықтау:

Мұндағы R – дене массасы.

4. Қорытынды жазу.

№ 2-ХАТТАМА

Дененің майсыз массасының салмағын анықтауға арналған мәліметтер

Көрсеткіш

L

P

a

b

c

d

e

g

h

Σ

Мәліметтер

(см)

(кг)

(см)

(см)

(см)

(см)

(см)

(см)

(см)

(см)

Көрсеткіш

R (см2)

R (см2)

БМ (г)

БМ (кг)

БМ (%)

Мәліметтер

Бақылау сұрақтары:

1. Тік тұрған дене ұзындығын өлшеу техникасы.

2. Дене массасын анықтау.

3. Дененің ауқымдық өлшемдерін өлшеу техни касы.

4. Техника измерения поперечных размеровтела.

5. Бенке формуласы, оның құрамы.