- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
№ 11 Практикалық сабақ
АНТРОПОМЕТРЛІК ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ НҮКТЕЛЕР
Мақсаты: Антропометрлік нүктелердің орналасуымен және құрал-жабдықтарымен танысу. Антропометрлік құралдарды қолданып, антропометрлік нүктелерді анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар: бойөлшегіш, медициналық таразы, антропометр, үлкен циркуль, жылжығыш циркуль, калипер, сантиметрлік таспа, динамометр.
Сабақ барысы: Алға қойылған міндеттерді шешу үшін бірнеше әдістер қолданылады:
1. Антропометрлік әдіс (өлшеуіш әдіс).
2. Антропометрлік әдіс (суреттеуші әдіс).
Бұл әдістер адамның жас ерекшелік және жыныстық жетілуіне баға беруде, биологиялық жасын анықтауда қолданылады. Объективті мәліметтер алу үшін арнайы талаптарды орындау қажет:
1. Өлшеулер арнайы тексерістен өткен құрал-жабдықтармен жүргізілуі керек.
2. Антропопметрлік құрал-жабдықтарды қолдану тәсілдері инструкцияларға және стандарт талаптарына сәйкес болуы керек.
3. Өлшеулер арнайы антропометрлік нүктелер арасында жүргізіледі. Жұп нүктелер оң жақта өлшенеді. Асимметрияны анықтау үшін өлшеулерді сол жақта да жүргізеді;
4. Тексеріліп отырған адам өзінің денесін тік бағытта ұстауы тиіс; Өлшеу біткенше қозғалмай тік отыру керек;
5. Антропометрлік өлшеу барысында тексерілуші адам ішкиіммен ғана қалуы керек. Өлшену жүргізілетін бөлменің температурасы 18°С –тан төмен болмауы керек. Бөлме жарығы жеткілікті болуы керек;
6. Өлшену ұзаққа созылмауы керек (10-15 мин аралығында). Антропометрлік өлшеуді таңертең ашқарынға жасаған дұрыс;
7. Өлшеулердің дәл болуын қадағалау керек. Екі рет өлшу кезінде жіберілетін шекті ауытқу мөлшері 2-3 мм-ден аспауы керек; зерттеу хаттамасына олардың орташа мәні жазылады;
8. Өлшеу алдында нәтижелер жазылатын арнайы өлшеулер бағдарламалары және хаттамалардың түрлері жасалуы керек.
Антропометрлік құрал -жабдықтар
1. Тегіс жерге орнатылған ұзындығы 2 м болатын ағаштан жасалған бойөлшегіш.
Станокты ағаш бойөлшегіш
2. Мартинннің металдан жасалған антропометрі
Мартинннің металдан жасалған антропометрі
3. Толықтықты өлшейтін циркуль (Боделок жамбасөлшегіші).
4. Сырғығыш циркуль.
Толықтықты өлшейтін циркуль (а) және сырғығыш циркуль (б)
5. Сантиметрлік таспа.
6. Медициналық таразы.
7. Калипер – тері-май қабатының қалыңдығын өлшейтін құрал.
Калипер
8. Матье-Колленнің қол динамометрі, алақанның күшін анықтауға арналған құрал.
9. Орнықты динамометр, дененің жазғыш еттерінің күшін анықтауға арналған құрал.
|
|
Қол динамометрі: ересектерге арнлған (а), баларға арналған (б). Орнықты динамометр:
1– динамометр, 2 – сап, 3 – шынжыр, 4 – ілмегі бар табан, 5 – платформа
Антропометрлік нүктелер
Адам денесінің барлық өлшеулері антропометрлік нүктелерде жүргізіледі. Олар анық көрінетін және қолға сезілетін қаңқаның бөліктерінен, тігістердің жиегінен, жұмсақ мүшелердің шекараларынан тұрады.
Антропометрлік нүктелер:
1 – төбелік нүкте, 2 – төстің жоғарғы нүктесі, 3 – төстің ортаңғы нүктесі, 4 – шықшыт нүктесі, 5 – мықынның алдыңғы қырлық нүктесі, 6 – мықын айдары нүктесі, 7 – мойын нүктесі, 8 – бел нүктесі, 9 – акромиальдық нүкте, 10 – шынтақ нүктесі, 11 – біз тәрізді нүкте, 12 – саусақ нүктесі, 13– ортан жілік нүктесі, 14 – асықты жіліктің ішкі жоғарғы нүктесі, 15 – асықты жіліктің төменгі ішкі нүктесі, 16– табанның ішкі нүктесі, 17 – табанның сыртқы нүктесі, 18 – өкше нүктесі, 19 – соңғы нүкте.
Бастағы антропометрлік нүктелер
Зерттеу тапсырмаларына және мақсатына сәйкес басты өлшеу үшін әр түрлі нүктелер қолданылады. Біздің зерттеуімізге қажеті – дененің ұзыныдығын анықтайтын төбелік нүкте қолданылады.
1. Төбелік нүкте – «немістік горизанталь» бағытында орналасқан бастың ең жоғарғы нүктесі ().
Кеудедегі антропопметрлік нүктелер
2. Төстің жоғарғы нүктесі.
3. Төстің ортаңғы нүктесі.
4. Шықшыт нүктесі.
5. Мықынның алдыңғы қырлық нүктесі.
6. Мықын айдары нүктесі.
7. Мойын нүктесі.
8. Бел нүктесі.
Қолдың антропометрлік нүктелері
9. Акромиалъдық нүкте.
10. Шынтақ нүктесі.
11. Біз тәрізді нүкте.
12. Саусақ нүктесі.
Аяқтың антропометрлік нүктелері
13. Ортан жілік нүктесі
14. Асықты жіліктің ішкі жоғарғы нүктесі
15. Асықты жіліктің төменгі ішкі нүктесі
16. Аяқ басының ішкі нүктесі
17. Аяқ басының сыртқы нүктесі
18. Өкше нүктесі
19. Соңғы нүкте
Антропометрлік нүктелер мен тірек бетінің арасындағы қашықтықты өлшеулер нәтижесінде денеің келесі ұзындық өлшемдері есептеледі:
1. кеуде ұзындығы = төстің жоғарғы нүктесі - шықшыт нүктесі
2. корпус ұзындығы = дене ұзындығы - аяқ ұзындығы
3. қол ұзындығы = акромиальдық ұзындық – саусақ нүктесі ұзындығы
4. қар ұзындығы = акромиальдық ұзындық – шынтақ нүктесі ұзындығы
5. білек ұзындығы = шынтақ ұзындығы - бізтәрізді нүкте ұзындығы
6. алақан ұзындығы = бізтәрізді нүкте ұзындығы - саусақ нүктесі ұзындығы
мықынның алдыңғы қырлық нүктесі
7. аяқ ұзындығы = --------------------------------------------------
2
8. сан ұзындығы = аяқ ұзындығы - асықты жіліктің жоғарғы нүктесінің ұзындығы
9. балтыр ұзындығы = асықты жіліктің жоғарғы нүктесінің ұзындығы - асықты жіліктің төменгі нүктесінің ұзындығы
Бақылау сұрақтары:
1. Кеудедегі антропометрлік нүктелер.
2. Қолдағы антропометрлік нүктелер.
3. Аяқтағы антропометрлік нүктелер.
4. Антропометрлік құралдар.
5. Антропометрлік нүктелердің еденнен басталған биіктігін өлшеу техникасы.
