- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
№ 9 Практикалық сабақ
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Мақсаты: Орталық және перифериялық жүйке жүйесімен жалпы танысу. Жүйке жүйесінің маңызы туралы білім қалыптастыру.
Құрал -жабдықтар: плакаттар, анатомиялық атлас.
Сабақ барысы: Оқулық және анатомиялық атлас бойынша ОЖЖ мен ПЖЖ құрылысын зерттеу.
Адамның жүйке жүйесі организмдегі барлық жүйені біріктіреді және бірнеше млрд жүйке клеткаларынан мен олардың өсінділерінен тұрады. Ұзын өсінділер бірігіп, жүйке талшықтарын қалыптастырады. Олар адам организмінің ұлпаларынан өтеді. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және перифериялық бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімі бас ми мен жұлыннан, ал перифериялық бөлімі —организмнің перифериялық аумақтарына мидан және жұлыннан таралатын жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Бас миынан 12 жұп жүйке шығады, жұлыннан 31 жұп жүйке шығады.
Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық) жүйке жүйелері.
Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.
Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық (А) және симпатикалық (Б) бөлімдері:
1-көз; 2-көз жасы безі; 3-тыныс жолдары; 4-жақ асты безі; 5-тіл асты безі; 6- шықшыт безі; 7- жүрек; 8- кеңірдек ; 9- өңеш ; 10- бауыр; 11- қарын асты безі; 12-аш ішек; 13-тоқ ішек; 14-бүйрек; 15-қуық; 16-жатыр.
Қарапайым екі нейрондық рефлекторлық доға:
1 - сезімтал нейрон; 2 – жұлын түйіні; 3 – миелиндік жүйке талшығы; 4 – сезімтал жүйкесінің ұштары; 5 – бұлшықет талшығындағы жүйке ұшы; 6 - жұлын жүйкесі 7 – жұлын жүйкесі түбіртектері; 8 - жұлынның алдыңғы бөлігіндегі эфференттік (қозғалтқыш) нейрон.
Бақылау сұрақтары:
1. Жұлынның құрылысы мен қызметі.
2.Бас миының құрылысы мен қызметң.
3. Орталықжүйке жүйесінің жасқа байланысты құрылымдық-функционалдық сипаттамасы.
4. Вегетативтік жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық сипаттамасы.
5. Жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің қызметі.
№ 10 Практикалық сабақ
АНАЛИЗАТОРЛАР
Мақсаты: адамның сезім мүшелеріне жалпы шолу, адамның сезім мүшелерінің маңызы және қызметі туралы білім қалыптастыру.
Құрал - жабдықтар: плакаттар, анатомиялық атлас, муляждар.
Сабақ барысы: Анатомиялық атластар және муляждар бойынша көру және есіту мүшелерін зерттеу.
Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе сезім мүшелері дейді. Олар сенсорлық жүйе құрайды. Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты анализаторлар.
Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады:
1) перифериялық бөлім – тітіркенулерді қабылдайды және оларды жүйкелік импульсқа айналдырады;
2) өткізгіш бөлім, импульстарды жүйке орталықтарына жеткізеді;
3) орталық, немесе қыртыстық бөлім, үлкен ми сыңарларының қыртысында орналасып, сезім орталықтары құрайды, ақпараттарды талдаумен және синтездеумен айналысады. Сезім мүшелерінің арқасында организм мен сыртқы орта өзара арасында байланыс орнайды.
Көздің құрылысы:
1-кірпікті дене; 2-нұрлы қабық; 3-көздің алдыңғы камерасы; 4-5 – көру осі; 6-қарашық; 7- көздің қасаң қабығы; 8-көз бұршағын бекітетін байлам; 9-конъюнктива; 10-көз бұршағы; 11-шыны тәрізді дене; 12-дәнекер тінді қабықша; 13-тамырлы қабық; 14-торлы қабық; 15-ортаңғы ойыс; 16-Соқыр нүкте; 17-көру жүйкесі.
Есіту мүшесі
Бақылау сұрақтары.
Анализаторлар дегеніміз не?
Анализатордың қандай түрлері бар?
Көз қарашығының құрылысы қандай?
Көздің түрлі қабатының құрылысы қандай?
Есту механизмі
Құлақтың құрлысы қандай?
Иіс сезу мүшесі қайда орналасқан?
