Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алма Кадыровна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.23 Mб
Скачать

№ 7 Практикалық сабақ

ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ

Мақсаты: жүрек-қан тамырлар жүйесінің ерекшеліктерімен және қызметтерімен танысу. Жүрек қан тамыр жүйесі туралы, қан айналу шеңберлері туралы білім қалыптастыру.

Құрал--жабдықтар: плакаттар, муляждар, анатомиялық атлас.

Сабақ барысы: Анатомиялық препараттар, плакаттар және муляждар арқылы жүрек-қантамыр-лары жүйесі және қан айналу механизмін, қанды зерттеу.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі жүректен, қан және лимфа тамырларынан, сүйектің сары майынан, лимфа түйіндерінен тұрады.

Организмнің ішкі ортасы.

1 – қан жасушалары; 2 - капилляр; 3 – ұлпа жасушалары; 4 – ұлпа сұйықтығы; 5 – лимфа капиллярларының бастамасы

Жүрек құрылысы

Артерияның құрылысы.

1 - эндотелий; 2 - базальдық жарғақша; 3 – өзіндік қабықша; 4 – ішкі қабық; 5 – ішкі эластикалық жарғақша; 6 - бұлшықеттер; 7 - сыртқы эластикалық жарғақша; 8 – ортаңғы қабық; 9 – сыртқы қабық

Венаның құрылысы.

1 - эндотелий; 2 - базальдық жарғақша; 3 – ішкі қабық; 4 -ортаңғы қабық; 5 - сыртқы қабық.

Веноздық клапанның құрылысы.

1 - веноздық клапан; 2 –ішкі қабық; 3 - ортаңғы қабық; 4 - сыртқы қабық

Қан айналу жүйесінің схемасы.

1 - капиллярлар; 2 - өкпе артериясы; 3 – оң жақ жүрекше; 4 – оң жақ қарынша; 5 – бауыр венасы; 6 - қақпа венасы; 7 – ішек артериясы; 8 – үлкен айналымның капиллярлары; 9 - құрсақ аортасы; 10 – сол жақ қарынша; 11 – сол жақ жүрекше; 12 – аорта (қолқа) доғасы; 13 - өкпе венасы; 14 – бастың капиллярлары.

Бақылау сұрақтары:

1.Жүректің құрылысы.

2. Артериялар, веналар және капиллярлардың құрылысы.

3. Үлкен және кіші қан айналым шеңбері.

4. Қан, оның қызметі және маңызы.

5. Қан жасаушы органдар.

6. Лимфа жүйесі және оның маңызы. Лимфа құрамы.

7. Лимфа капиллярлары, тамырлары және өзектері.

8. Лимфа түйіндерінің құрылыс мен қызметі.

9. Организмге инфекция таралуында лимфа жүйесінің рөлі.

№ 8 Практикалық сабақ

ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ

Мақсаты: эндокриндік жүйенің мүшелерімен танысу, эндокриндік жүйенің маңызы туралы білім қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: плакаттар, анатомиялық атлас.

Сабақ барысы:

Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді заттар – гормондарбөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің клеткаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. Гормондар гомеостазды, заттар алмасуын реттейді, өсуге, тіндердің дифференцияциясына, көбеюге әсер етеді, қоршаған ортаның өзгерістеріне организмнің жауап реакциясын қамтамасыз етеді. Эндокриндік бездер анатомиялық және опографиялық тұрғыда жайыла орналасқан және шығу тектері де түрліше.

Эндокриндік қызметтің реттерлуінің жоғарғы орталығы гипоталамус болып табылады. Гипофиз – ішкі секреция бездерінің ең маңыздыларының бірі, ол бірқатар эндокриндік бездердің жұмысын реттейді. Гипофиз бастың сына сүйегінің түрік ерінің гипофиздік ойығында орналасқан және гипоталамуспен жалғасқан.

Гипофиз бірқатар гормондар бөледі. Оның алдыңғы бөлігі аденогипофиз деп аталады, ол соматотроптық, тиреотроптық, гонадотроптық, лютеиндеуші және лактогендік гормондарын бөледі. Гипофиздің артқы бөлігі нерогипофиз деп аталады, ол вазопрессин және окситоцин гормондарын бөледі.

Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) – нәруыздың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу горомонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады.Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе акромегалия байқалады, яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады.

Эпифиз – пішіні домалақ без. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Эпифиз безінің гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі: меланин – теріні түссіздендіреді; контргиопоталамус гипофиз – гипофиздің қызметін тежейді; гломерулокортикотропин – бүйрекүсті безінің қызметін тежейді.

Қалқанша безі – ересек адамдарда 35-37 г. Қалқанша безінің гормондары – тироксин, трийодтиронин және тиреокальцитонин. Олардың құрамында йод болады, мысалы, тироксиннің құрамында 65% йод бар. Организмге йод жетіспегенде эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп, ұйқы бұзылып, адам тез шаршайды, бала жылауық, ашуланшақ болады. Гипосекрецияда – миксидема, шірішті ісік пайда болады. Науқастың тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса кретинизмге шалдығады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.

Эпифиз. Үстінен қарағандағы көрініс:

1 - мидың ішкі веналары; 2 – үшінші қарынша; 3 - эпифиз; 4 – мидың үлкен венасы; 5 – бүйір қарыншаның тамырлар түйіні; 6 - таламус; 7 – ми қиысының бағаны.

Қалқансерік бездері - қалқанша безінің артында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады. Қал-қансерік безінде паратгормон деп аталатын гормон өндіріледі. Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, қандағы мөлшерін реттейді. Бұл гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады.

Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы 6-12 г. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10-нан астам кортикостероидтар тобына жататын гормондар түзеді. Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин. Адреналин жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғалысын жақсартады, қантамырларын тарылтып, қысымды өсіреді.

Тимус (айырлы без) – 2 бөліктен тұрады (оң және сол), бір-бірімен дәнекер ұлпа арқылы байланысқан. Кеуде қуысында төс сүйегінің астында орналасқан. Милы және қыртысты қабаты болады. Тимус 2 қызмет атқарады: тимоидин гормонын өндіреді және организмнің иммунитетін қалыптастырады, себебі онда Т-лимфоциттер дамып жетіледі.

Ұйқы (қарын асты) безі – қарынның астыңғы жағында орналасқан, аралас безге жатады. Сыртқы секрециялы без ретінде асқорыту мүшесіне сөл бөледі, ішкі секрециялы без ретінде ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары гомондар бөледі. Лангерганс аралшықтарында альфа, бета, гамма, дельта клеткалары бар. Альфа клеткаларында гликоген, бета клеткаларында инсулин гормоны бөлінеді. Инсулин аса маңызды гормондардың бірі. Көмірсулардың, майлардың алмасуына қатысады. Инсулин гормонының мөлшері азайса адам қант диабеті аруына шалдығады. Ондай аурудың қанында глюкоза мөлшері артады, шөлі қанбайды, несепте қант пайда болады.

Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс безі жатырдың оң және сол жағында орналасқан, эстроген (сыртқы жыныс мүшелерінің дамуына, қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, тірек-қимыл аппататының өсуі мен дамуына әсер етіп, дененің әйелдік ерекшеліктерге сай дамуын қамтамасыз етеді) және прогестерон (жатырдың шырышты қабығын жұмыртқа клеткасын қабылдауға даярлайды, ұрықтың өсуі мен дамуына, плацентаның, сүт бездерінің дамуына ықпал етеді, жаңа фолликулалардың дамуын тежейді) гормондарын бөледі.

Бақылау сұрақтары:

Ішкі секреция бездерінің құрылысы және маңызы.

Гипофиз, эпифиз, олардың гормондары.

. Қалқанша безінің құрылысы және гормондары.

Қалқансерік безі және гормондары.

Жыныс гормондары..