- •Құрылымдық өзгерістері
- •Лекция 14. Әйелдер және ерлер организмдерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері
- •Лекция 15. Жасқа байланысты морфология. Спорттық бағдарлау мен іріктеу негіздері.
- •№ 1 Практикалық сабақ
- •№ 2 Практикалық сабақ
- •№ 3 Практикалық сабақ
- •№ 4 Практикалық сабақ
- •№ 5 Практикалық сабақ
- •№ 6 Практикалық сабақ
- •№ 7 Практикалық сабақ
- •№ 8 Практикалық сабақ
- •№ 9 Практикалық сабақ
- •№ 10 Практикалық сабақ
- •№ 11 Практикалық сабақ
- •№ 12 Практикалық сабақ
- •№ 13 Практикалық сабақ
- •№ 14 Практикалық сабақ
- •№ 15 Практикалық сабақ
- •Тест тапсырмалары
- •Презинтациялар
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
«Биологияжәне БОӘ» кафедрасының
доцені Ағыбаева А.Қ.
Мазмұны
1. Лекциялар
Лекция 1
Лекция 2
Лекция 3
Лекция 4
Лекция 5
Лекция 6
Лекция 7
Лекция 8
Лекция 9
Лекция 10
Лекция 11
Лекция 12
Лекция 13
Лекция 14
Лекция 15
2. Практикалық сабақ
Практикалық сабақ 1
Практикалық сабақ 2
Практикалық сабақ 3
Практикалық сабақ 4
Практикалық сабақ 5
Практикалық сабақ 6
Практикалық сабақ 7
Практикалық сабақ 8
Практикалық сабақ 9
Практикалық сабақ 10
Практикалық сабақ 11
Практикалық сабақ 12
Практикалық сабақ 13
Практикалық сабақ 14
Практикалық сабақ 15
3. Тест тапсырмалары
4. Такырыптық презинтациялар
1-Лекция. Организм және оның құрамдық бөліктері. Ұлпалар.
Адам анатомиясы ғылымы ағзаның сыртқы және ішкі құрылысын зерттейді.
Анатомияның басқа ғылымдармен байланысы.
Зерттеу әдістері.
Адам дененсінің осі мен ауданы, асимметриялық құрылысы.
Мүшелер, ағза жүйесі мен аппараттары.
Жасушалар мен ұлпалар.
Адам анатомиясы - адам денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін, олардың дамуы мен функциясын зерттейтін ғылым, Эволюциялық даму процесі барысындағы адамның тарихи қалыптасуы, салыстырмалы-анатомиялық әдісті пайдалана отырып зерттеу.
Анатомиямен басқа морфологиялық ғылымдар байланысты:
Цитология;
Гистология – ұлпа туралы ғылым;
Эмбриология, жыныс жасушаларының қалыптасу процесін, ұрықтану, іштегі организмнің дамуын зерттейді.
Анатомия ғылымы организмді жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Олар сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функциональды, дене қимылы, антропологиялық, сапыстырмалы және микроскопиялық анатомия деп аталады.
Қалыпты анатомия, адамның мүшелері мен құрылысын зерттейді;
Патологиялық анатомия – ауру адамның морфологиясын зерттейді;
Топографиялық анатомия – адам ағзасының кез келген мүшесінің орналасуы туралы ғылым;
Динамикалық анатомия – адамның дұрыс физикалық дамуына маңызды, функциональды жағынан қозғалыс аппаратын қарастыру.
Адам хордалылар типіне, омыртқалылар тип тармағына, сүтқоректілер класына, жоғарғы сатыдағы маймылдармен бірге приматтар отрядына жатады.
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Бір саласын бөлшектеу, ал адам мүшелерін тұтас тексеретін саласын сынақ әдістері деп атайды. Бөлшектеу әдістеріне өлік денесін жару, толтыру, ыдырату, жидіту, қактау және микроскопиялық әдістері жатады. Ең негізгі және ежелден келе жатқан жару әдісі қазір де маңызын жойған жоқ. Ол ірі препараттар жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға мүмкіндік береді.
Адам денесі қосжақтаулы симметрия бойынша құрылған – екі симметриялы жартыларға бөлінген. Негізгі терминдер - адам ағзасын қарастыруда қолданылады.
Адам ағзасын вертикальды бағытта екі симметрияға бөлетін орталық – орталық деп аталды.
Орталыққа параллель орналасқан – сагиттальды.
Орталыққа перпендикуляр - фронтальды.
Фронтальды кеңістік пен перпендикулярлы орталықтың горизонтальды кеңістігі.
«Медиальды» термині орталыққа жақын дене бөлігін айтады.
«латеральды» – одан алыс.
Ұлпа дегеніміз – клеткалар және клетка аралық заттардың тегі бір, құрылысы мен функциясы бір. Адам организімінде 4 негізгі ұлпаларды ажыратуға болады: эпителий, бұлшықет, жүйке, дәнекер. Эпителий ұлпасы дене жабынын және ішкі орта жабынын құрайды.
Дәнекер ұлпасы, мысалы тері және шеміршек ағза жабынын қамтамасыз етеді. Дәнекер ұлпаларының басқа түрлері, мүшелерді қаптай отырып, оларды байланыстырады.
Лимфа және қан – біріктіруші ұлпа түрлері, ағзаның сұйық ортасын құрайды.
Бұлшықет ұлпасы – сүйек бұлшықеттерінің ұлпасы және басқа да мүшелердің ұлпасы. Бұлшықет ұлпасымен қимыл, іс-әрекет функциясы байланысты. Жүйке ұлпасы бас миының және жұлынның массасын құрайды.
Ұлпалардан мүшелер пайда болады. Мүшелер – ағза бөлігі, мүшелер белгілі формаға ие, белгілі құрылысы мен орны бар, белгілі бір немесе бірнеше функцияны атқарады. Қол, жүрек, бүйрек, бауыр – бұл барлық ағзалардағы мүшелер. Мүшелердің басым бөлігі дене ішінде орналасқан, сондықтан олар ішкі мүшелер деп аталады. Бір мүшелер басқа мүшелерді қорғайды, басқалары қозғалысты қамтамасыз етеді, біреуі асқортыуға қатысады, басқасы организмге қоректік заттар мен оттегін тасиды. Әр мүше бірнеше ұлпалардан тұрады, бірақ тек біреуі мүшенің функциясын басқарады, әр мүшеде қан тамырлары мен жүйке жүйесі бар. Мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін құрайды.
2-лекция.Остеология.
-Тірек-қимыл жүйесі туралы түсінік.
-Адам қаңқасы, оның бөлімдері және қызметі.
-Сүйек мүше ретінде. Сүйектердің жіктелуі.
-Бас ққаңқасы.
Тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты түлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жүлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысады.
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыс тарды орындауын қамтамасыз етеді.
Қаңқа -бұлшықет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі — сүйек. Сүйек қан тамырлары мен жүйкелер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады.
Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сүйектері. Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың еңбегі деп атайды.
Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), маңдайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады. ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.
Нәрестенің жақ сүйектерінің тістері болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері — ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, осуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.
Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады., яғни оның түрі тұрақты болады.
3-лекция. Остеология.
-Омыртқа жотасы. Омыртқалар құрылысының ерекшеліктері.
-Көкірек клеткасы.
-Қол қаңқасы.
-Аяқ қаңқасы.
Омыртқа жотасы –бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері — денесі. Омыртқалардың доғалары жүлын орналасатын омыртқа жотасының каналын (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылыс ы үқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
І-ші мойын омыртқасы — атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағындағы буын беті арқылы III-ші мойын омыртқасымен жалғасады. Соңғы VІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады.
Көкірек омыртқаларының ерекшелігі — денесінің алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері.
Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы V-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағүрлым ірі болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады.
Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дау болады. Адамның IV-V-ші құйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мұны жануарлардың қ ұ йрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар.
Көкірек клеткасы. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады.
Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырға бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның басы, мойыны, денесі болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ үшы тос сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның колденең өсіндісімен жалғасады.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылыс ында озіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы VII қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, V-ІХ-Х-қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғыларымен жалғасады, ал ХІ-ХІІ-жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І-VІІ-жүн қабырғаларды шын, олардан кейінгі VII-Х-жұп қабырғаларды жалған, ал соңғы ХІ-ХІІ-жұп қабырғаларды бос қабырғалар деп атайды. Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрыш ында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.
Төс сүйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Төс сүйегінің денесі, түтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар. Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын қүрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.
Омыртқа сүйектері мен XII жұп қабырға және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды.
Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Ж а у ы р ы н — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.
Бұғана бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ үшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.
Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен қүралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.
Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.
Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.
Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл ерте қатады.
Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. Ең алдымен Ш-ші, ең соңында І-ші және V-ші сүйектері қатады.
С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілікпен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.
Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бүдырлау орналасқан ұршықтары болады.
Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни үзарады. Асықты жіліктің шеміршектері бала неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.
Бақайшақтар бес ұсақ жұмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда — 17, жігіттерде — 20 жасқа дейін өседі.
Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен қүралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.
Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді.
Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруында да кері әсер етеді. Мұндай да жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаңаяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.
Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.
4, 5-лекция. Сүйектердің байланыстары туралы ілім.
-Сүйектер байланыстарының типтері.
-Буындар, олардың жіктелуі.
Сүйектер байланыстарының типтері. Адам сүйектерінің байланысы негізінен екі түрге бөлінеді. Егер сүйектер бір-бірімен тікелей саңылаусыз, қимылсыз қосылса, оларды қимылсыз – синартрозды байланыстар дейді. Егер сүйектер бір-бірімен аралық саңылау қалдырып, қимылды қосылса, оларды қимылды – диартрозды байланыстар деп атайды. Қимылсыз байланыс ерте пайда болған. Қимылсыз байланыстар сүйек аралық ұлпалар қасиетіне қарай үш түрге бөлінеді: екі сүйек аралығын шеміршек ұлпа байланыстырып жатса, синхрондозды байланыс дейді. Екі сүйек аралығын дәнекер ұлпасы байланыстырып жатса оны синдесмозды байланыс деп атайды. Сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы байланысуын немесе сүйектену процесін синостозды байланыс деп атайды. Қимылды байланыстарға адам денесіндегі буынды қосылыстар жатады. Буын құрылысына қатысатын сүйек санына қарай жай және күрделі буындарға бөлінеді.
Буындар, олардың жіктелуі. Буындар сүйектің қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар жұқа шеміршекпен қапталған, сондықтан олар үйкелісті жеңілдетеді. Әр буын буын сөмкесіне жұмылған. Осы қалтаның қабырғалары буын сұйықтығын бөледі, яғни ол үйкелу қызметін атқарады. Буындарың негізгі қозғалыс бағыттарына: иілу – жиырылу, әкелу - әкету, айналу және шеңбер жасап қозғалу.
Байланысатын сүйектердің арасында шеміршекті немесе дәнекер тінді кішкене ғана қуыс болатын, қозғалыссыз және қозғалысты байланыстардың аралығындағы күйде болатын, байламдармен күшейтілетін, салыстырмалы түрде қозғалмалы болып келетін жартылай буындарды симфиз деп атайды. Сүйектердің тығыз талшықты дәнекер тінінің көмегімен қозғалыссыз, мықты байланысуын синдесмоз, шеміршек тінінің көмегімен қозғалыссыз байланысуын синхондроз, сүйек тінімен байланысуын синостоз деп атайды.
Құрылысы бойынша буындардың түрлері: жай буын, күрделі буын, кешенді буын, аралас (комбинациялы) буын.
Пішіні бойынша буындардың түрлері: цилиндр пішінді, эллипс пішінді, шар пішінді буындар.
6-лекция. Миология.
-Ет жүйесі туралы түсінік. Адам еттерінің титптері.
-Бұлшықеттердің көмекші аппараттары.
-Бұлшықеттің жұмысы.
Миология – адамның тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі – ет жүйесін зерттейтін анатомия ғылымының саласы.
Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең салалы ет ұлпаларынан түратын, құрамында дәнекер ұлпасы, нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді.
Бұлшықеттер қимыл қызметтерін атқаратын аппарат болып саналады. Дененің қимылдауы, оған бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы да осы бұлшықеттердің жұмысының нәтижесінде жүріп отырады.
Адам еттері бірыңғай салалы және көлденең жолақгы ет тіндерінен түзілген. Адам денесінде алты жүзден астам бұлшықет болады. Олардың көбісі жұп. Бұлшықет майда миофибрилдерден түзілген.
Бұлшықеттердің түсі атқаратын қызметіне қарай күрең қызғылт, ашық қызғылт болады. Егер ет көп жұмыс істейтін болса, қанның көп келуі нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе, ашықтау келеді. Адам жасы өскен сайын бұлшықеттерінің түсі де өзгере береді. Жаңа туған нәрестеде ашық қызыл, ал жас өскен сайын күрең қызыл бола бастайды.
Бұлшықеттердің толық келген жерін денесі десе, ал екі шетін ет сіңірі деп атайды. Ет сіңірлері арқылы бұлшықеттер бір сүйектен басталып, екінші сүйекке тіркеледі. Сондықтан оның бір сіңірлі басын басталар жері десе, екінші сіңір бөлігін аяқталар жері дейді. Осы басталар жерінен аяқталар жеріне жеткенше бұлшықеттер міндетті түрде бір, не бірнеше буындардан аттайды. Ет жиырылған кезде сол буынды не бүгіп, не жазып, мүшені қимылға келтіреді.
Бұлшықеттер пішініне қарай ұзын, қысқа, жалпақ еттер деп үш түрге бөледі.
Бұлшықеттің жұмысы. Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті — жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қозғыштығы дейді. Еттің қозғыштығы оның жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу жылдамдығы онша көп емес, 5 м/сек шамасында.
Егер бұлшықеттер жиырылған кезде дене не оның бір мүшесі бір орыннан екінші орынға қозғалса, оны қимылды (динамикалық), ал қозғалмай, қатайып, орнында қалса, қимылсыз жұмыс деп атайды. Дененің бұлшықеттері өзінің пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Олардың күші көлденең қимасына, яғни ет талшықгарының санына, олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғүрлым ет жуан болса, соғүрлым күшті болады. Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшық еттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзын дығы 2 мм — 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын бұлшық ет қабығы жабады. Ет талшықтары саркоплазмадан, жиырылу қасиеті бар миофибрилдерден, митохондриялар мен басқа түрлі органоидтардан тұрады. Бұлшық еттердің қан тамырлары көп болады. Қан тамырлары арқылы етке түрлі қоректік заттар, оттегі тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады.
Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды.
Қозғалыстың қалыптасуының негізі — ми сыңарлары қыртыстарында нервтік байланыстардың пайда болып, кейіннен сол байланыстардың негізінде күрделі динамикалық қыртыстық стереотиптің пайда болуынан.
Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы құрылымдар, эфференттік және афференттік кері байланыс жолдары жатады.
7-лекция Миология.
-Бас бұлшықеттері.
-Кеуде бұлшықеттері.
-Қол бұлшықеттері.
-Аяқ бұлшықеттері.
Дене еттері қол-аяқ еттеріне қарағанда жалпақ, жұқа болып келеді де, дененің біраз жерін жауып жатады. Ал қол-аяқ еттерінің пішіні ұзынша келеді. Олар бірнеше буындардан аттап өтеді. Ұзын еттердің жоғарғы сіңірін басталар жері десе, төменгі сіңірін тіркелер бөлігі деп атайды. Қысқа салалы еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында терең орналасқан. Ал жалпақ еттерді көбінесе дененің арқа, құрсақ, көкірек бөліктерінде кездестіреміз. Еттердің шандырлы жапқыштары (фасциялар) жалпы және меншікті болып екіге бөлінеді. Бұлшықеттердің жұмысы жиырылу қасиетіне байланысты. Олар жиырылған кезде ет талшықгары қысқарумен қатар жуандайды. Дене белгілі бір қимыл жасағанда бірнеше бұлшықет қатысады. Олардың жұмыс әрекеті әр түрлі. Ет атқаратын қызметіне қарай синергистер (бір уақытта бірыңғай жұмыс атқаратын еттер), антогонистер (бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын еттер), фиксаторлар (бір қалыпта қимылсыз қатайтып ұстайтын еттер) деп үш топқа бөлінеді. Адам денесіндегі бұлшықеттерді орналастыру жағдайына қарай тұлға, мойын, қол-аяқ еттері деп жіктейді. Тұлға еттерін терең, не беткей еттер деп екі топқа бөледі.
Бас еттері шайнау және ымдау еттері болып екіге бөлінеді.
Қол-аяқ еттері де жатқан жағдайына қарай иық, жамбас және еркін қимылды қол-аяқ еттері деп аталады.
Тұлғаның бұлшықеттері арқа, көкірек және құрсақ бұлшықеттері деп бөлінеді.
Адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен, төменгі жағынан бұғана және төс тұтқасымен шектеледі. Мойын еттері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу т.б. қозғалыстарын жүргізеді. Мойын бұлшықеттері екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді.
Бастың бұлшықеттерін шайнау және ымдау бұлшықеттері деп екі топқа бөледі. Шайнау бұлшықеттерінің ерекшелігі — олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, міндетті түрде бастың қозғалмалы сүйегіне — төменгі жаққа келіп тіркеледі. Бұл еттер жиырылған кезде осы сүйекті жақ буынын қимылға келтіріп, шайнау әрекетін жүргізеді.
Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі, сыртқы қанатты еттер жатады.
Ымдау еттері тері астында орналасқан. Олардың басқа бұлшықеттерден айырмашылығы - ет жапқыш шандырлары болмайды және бас сүйегінің әр жерінен басталғанымен ет талшықтары міндетті түрде бет терісіне бекиді.
Осының нәтижесінде жиырылған кезде теріге қыртыстар, әжімдер түсіріп, көз, ауыз пішіндерін өзгертіп, көңіл күйін білдіреді, сол себептен бұларды ымдау еттері деп атайды. Ымдау бұлшықеттеріне: ми сауытының еті, маңдай және шүйде еттері, кербез еті, көздің дөңгелек еті, қас жиыру еті, ауыздың дөңгелек еті, езу көтеретін ет, езуді тартатын ет, ұрт еті, жоғары ерінді көтеретін ет, күлкі еті, төменгі ерінді түсіретін ет, иек асты еті, мұрын еті, құлақтың алдыңғы, артқы және жоғарғы еттері жатады.
Қолдың бұлшықеттерін орналасуына қарай иық белдеуінің және қолдың қозғалатын сүйектерінің бұлшықеттері деп екі топқа бөледі.
Иық белдеуінің бұлшықеттері қолды тұлғаға бағана мен жауырын арқылы жалғастырып тұрады. Ал жауырын мен бұғана денеге арқа еттері арқылы бекіп жатады. Иық белдеуінің еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді, жалүсті, жаласты, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырынасты еттері жатады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшықеттері жатқан жағдайын қарай тоқпан жілік, білек, қол басының еттері деп бөлеміз.
Аяқтың бұлшықеттері орналасуына қарай жамбас белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері болып бөлінеді. Жамбас белдеуінің бұлшықеттері ішкі және сыртқы топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйектерін сыртқы жағынан қоршай орналасқан бұлшықеттер жатады. Бұл еттер жамбас буынның жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді. Жамбастың ішкі жағында жатқан блшықеттеріне бел-мықын еті алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, қүйымшақ еті жатады. Ал жамбастың сыртқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөксе еттері, санның жалпақ шандырын керетін еті, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады.
Аяқ сүйектерінің бөлінуіне сәйкес бұлар да сан, сирақ және аяқ басының бұлшықеттері болып бөлінеді.
8-лекция. Жүрек-қантамырлар жүйесі
-ЖҚЖ жалпы шолу.
-Қан тамырлары, қан айналымы.
-Лимфа жүйесі.
Жүрек-қантамырлар жүйесіне түсінік беретін анатомия саласын ангиология деп атайды. Бұл жүйеге жүрек, қан және лимфа тамырлары, қан жасайтын ағзалар (талақ, сүйек майы, лимфа бездері) жатады.
Жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі өте күрделі. Олар барлық ағзаларды өзара байланыстырып, жүйке жүйесінің басқаруымен организмнің біртұтастығын сақтауға қатынасады. Сонымен қатар бір ағзаның ішкі секрециялық бездердің шығаратын затын (гормонын) екінші ағзаға жеткізіп, жалпы организмнің қызметіне әсер етеді. Мұны ішкі орталық (гуморальдық) байланыс дейді.
Ересектерде орта есеппен алғанда бес-алты литрдей қан болады. Қан құрамының тұрақты болуы жасушалардың тірішілік етуінде үлкен маңызы бар. Организмнің жалпы жағдайын қан құрамының өзгерісінен байқауға болады.
Жүрек-қантамырлар жүйесінің атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу және лимфа жүйесі деп екіге бөледі.
Жүрек-қантамырлар жүйесінін орталығы жүрек. Жүрек іші қуыс етті ағза. Ол қалың ет пердесі арқылы бір-бірімен қатыспайтын екі бөлікке бөлінеді. Оның әрбір бөлімі жүрекше мен қарыншадан түзілген. Екі жүрекше жиырылып, қанды қарыншаларға өткізеді, ал қарыншалар үлкен және кіші шеңбер қан айналыстарына жібереді.
Жүрек конус тәрізді етті ағза. Оның жоғарғы толық жағын жүректің негізі, ал төменгі сүйірлеу жағын жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап, көкет үстінде жатқан бетін көкеттік (диафрагмалық), алдыңғы жағын жүректің төс қабырғалық беті дейді. Орта есеппен жүрекке 300 см3 қан сияды. Орта салмағы 250—300 г болады. Ол жүрек қабының ішінде орналаскан. Жүрек қалың ет пердесі арқылы бір-бірімен қатыспайтын екі бөлікке бөлінеді. Оның әрбір бөлімі жүрекше мен қарыншадан түзілген. Екі жүрекше жиырылып, қанды қарыншаларға өткізеді, ал қарыншалар үлкен және кіші шеңбер қан айналыстарына жібереді.
Жүректің қабырға құрылысы. Жүректің ішкі қабырғасы - эндокард, ортаңғысы — миокард, сыртқы қабырғасы — эпикард қабаттарынан түзілген
Жүрек жұмысы үш кезеңнен өтеді. 1. Екі жүрекше жиырылады да жақгаулы қақпакшалардың ашылуына байланысты қан қарыншаларға өтеді. 2. Қарыншалар жиырылып, айшық қақпақшалардың ашылуымен қан айналу шеңберлеріне жіберіледі. 3. Жүректің (жүрекшелер кайта жиырылғанға дейінгі) біраз тыныштық күйі өтеді.
Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босауын дистола, ал аз уақыт тыныш күйін кідіріс деп атайды.
Атқаратын қызметіне қарай тамырларды артериялар, веналар, қылтамырлар (капиллярлар) деп бөледі. Жүректен қанды ағзаларға алып кетіп жатқан тамырларды артериялар, ағзалардан жүрекке алып қайтып жатқан тамырларды веналар деп атайды. Артерия мен вена арасында кездесетін майда тамырларды қылтамырлар дейді. Олар ағзалар ішінде орналасады.
Жалпы, адамның қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысып жатқан кіші және үлкен айналу шеңберлеріне бөлінеді. Кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы басталып, жоғары қарай көтеріліп, екі тарамға бөлінеді. Әр артерия (оң және сол) тарамы өз өкпесіне енгеннен кейін ұсақ кылтамырларға бөлінеді. Осы қылтамырлар бірігуінің нәтижесінде пайда болған өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге келіп құятын қан айналу жолын кіші шеңбер немесе өкпелік шеңбер деп атайды.
Үлкен қан айналу (денелік) шеңбер деп жүректің сол қарыншасынан қолқа тамыры арқылы басталып, бүкіл денеге тарамдалып, одан вена тамырлары арқылы келіп, оң жүрекшемен аяқталатын жолды айтамыз.
Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтыратын тамырлар жүйесін айтады. Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор. Себебі, оның зат алмасу және фагоцитарлық процестерге қатысы бар. Тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасы болып есептеледі. Осы ортада қан мен тін арасындағы заталмасу процесі лимфа арқылы жүреді
Лимфа жүйесіне мыналар жатады: лимфа саңылаулары, лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа бездері. Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топтанып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әртүрлі пішінде болады. Олардың сыртқы қабықшасы жиырылып, ішіндегі сұйықтықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықгығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады.
Лимфа бездері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхта, ішек шажырқайында кездеседі. Лимфа бездерінің шоғырланған жерін бадамшалар дейді. Олар көмей қойнауында, тіл түбірінде, жұтқыншақта топтана жатып, микробтармен күресіп, қорғаныс (фагоцитарлық) қызметін атқарады.
9-лекция. Спланхиология – ішкі ағзалар туралы ілім.
-Ас қорыту жүйесі.
-Тыныс алу жүйесі.
-Зәр шығару және жыныс жүйелері.
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі ұзына бойы жатқан түтік тәрізді, оның ішкі қабырғасы қоректік заттарымен тығыз байланысты. Бұл ағзалар арқылы сыртқы орта мен организм арасында зат алмасу процесі өтеді. Ас қорыту аппаратының бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталады. Бұл көмей тесігі арқылы жұтқыншақпен байланысады, одан кейін өңеш қарын, аш ішек, тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады.
Ас қорыту ағзаларының құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне қарай түзілген. Ас қорыту жүйесінің әрбір бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болады. Оның жалпы ұзындығы 8—10 метрге дейін жетеді. Тағамды мұқият майдалау, шайнау ауыз қуысының қызметі болып есептеледі. Осыған байланысты ас қорыту ағзаларының ішінде тек осы бөлігінің негізі сүйектен түзілген. Ас қорыту ағзаларының көбі қуысты, олардың кенересі үш қабаттан түзілген Олар: кілегейлі, бірыңғай салалы ет және сірі қабаттары.
Ауыз қуысы (cavitas oris) жоғарғы жағынан - тандаймен, төменгі жағынан - тіласты, жақасты еттерімен, екі бүйірінен - ұрт етімен, алдынан - ауыз қуысын жауып тұратын еріндермен, ал арт жағынан - жұтқыншақ қуысына жалғасатын көмей тесігімен шектелген. Көмей тесігі үстіңгі жағында жұмсақ тандай, бүйірінен - көмей доғасы, астынан тілдің түбірімен шектеліп тұрады.
Жұтқыншақ (рһаrynx) мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмекей қуыстарымен шектеліп жатуына байланысты мұрын, ауыз және көмекей бөлімдері дейтін үш бөлімге бөлінеді.
Өңеш (оеsorhagus) жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік. Нәрестелерде өңеш ұзындығы 10- 15 см болса, ересектерде 25 см-ге дейін болады.
Асқазан (gaster) немесе қарын ас қорыту жолының ең кең бөлімі. Сырт пішіні иілген қапшыққа ұқсас, ол диафрагма күмбезінің астында, құрсақтың сол жағында жатады.
Аш ішек асқазаннан басталып, тоқ ішекке жалғасады. Тік ішек (colon rectum) тоқ ішектің соңғы бөлігі, ол кіші жамбас қуысында орналасқан.
Бауыр (Нераr) адам денесіндегі ең үлкен без, оның салмағы 1,5 кг-ға дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында, көкет күмбезінің астында төменгі қабырғаларға таяу жатады. Өт қапшығы (vesica fellea) алмұрт тәрізді, ол бауырдың оң жақ ұзынша сайының алдыңғы бөлігінде орналасқан. Өт қапшығына бауырдан шықкан өт жиналады.
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронх және өкпе ағзалары жатады.
Мұрын қуысы негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі кабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерден түзілген. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Оның өзі артқы бөлігі — сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Төменгі қабырғасы қатты және жұмсақ таңдайдан түзілген. Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы хоана тесіктерімен әуелі жұтқыншаққа, одан әрі көмекейге өтеділ
Көмекей тыныс жолының ғана бөлімі емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының да бір бөлігі. Ол жоғарғы жағынан тіласты сүйекке, төменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады.
Кеңірдек және бронхылар. Кеңірдек төменгі мойын омыртқалар тұсынан көмекейдің оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және сол бронхтарға бөлінеді. Кеңірдек 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады, оның ұзындығы 9—15 см болады. Кеңірдектің жұмсақ келген (артқы жақ) бөлігіне өңеш жанамалай өтеді. Кеңірдек IV көкірек омыртқасында (оң жоне сол) бронхтарға бөлінеді. Оларды негізгі немесе бірінші қатарлы бронхтар деп атайды. Олардың жалпы құрылысы кеңірдекке ұқсас келеді. Жартылай сақиналы гиалин шеміршектерден тұрады.
Әр бронх өкпеге енгеннен кейін бронх бұтақтарына тарамдала бастайды. Оң жақ бронх үш бронх бұтағына, сол жақ бронх екі бронх бұтағына бөлінеді. Оларды екінші қатарлы, үшінші қатарлы, төртінші қатарлы бронхтарға, әрі қарай осылайша бөліне келіп, бронхтар тізбегін түзеді. Бронхтар болініп, тармақталған сайын азайып, жұмсақ дәнекер тінге көше бастайды. Диаметрі 1 мм жеткен ең кіші бронхтар бронхиолдар деп аталады. Осы бронхиолдар өкпе көпіршіктеріне (альвеолдарға) жалғасады. Альвеолдар бір-бірімен байланысып, өкпе ацинусын түзеді. Өкпе (Pnevmo) көкірек қуысын алып жатқан конус тәрізді ағза, оның пішіні мен көлемі көкірек клеткасына байланысты. Адамның жасы мен атқаратын жұмысы өкпе көлемі мен пішініне әсер етеді.
Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты. Зәр шығару жүйесі организмде пайда болған несепті сыртқа шығарады, жыныс жүйесі көбею міндетін атқарады. Сондықтан зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе саналады. Себебі еркектерде зәр шығару және тұқым шығару жолдары бірігіп, жалпы ортақ жол құрайды. Ал әйелдерде екі жүйе жолы екі бөлек болғанымен, ортақ несеп-жыныс аппаратын түзеді және бір-бірімен өте тығыз байланыста жатады. Зәр шығару мүшелері бүйрек, несепағар, қуық және несеп жолы.
Бүйрек құрсақ куысында, жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтары-мен жақын жатады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен. Бүйректер артқы жағынан көкетке (диафрагмаға), белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктерімен шектеледі.
Несепағар ұзындығы 30 см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі, кіші жамбас бөлігімен төмен түсіп, сірнелі қабықша астынан, қуық қабырғасының төменгі жағынан қиғаш өтіп, түбіне таман ашылады.
Қуық зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.
Аталық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы мүшелер болып бөлінеді. Ішкі мүшелеріне шәует шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық түбінің безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне сыртқы жыныс мүшесі, несеп жолы, ен, ұма жатады.
Аналық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Оның ішкі ағзаларына әурет, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері қынаптың аузы және несеп жолы жатады. Сүт бездері жыныс мүшелеріне жатады. Олар көкірек клеткасының алдыңғы жағын алып жатқан күрделі безді мүше. Сүт бездерінің дамуы жалпы жыныстық жетілуге байланысты келеді.
10-лекция. Жүйкен жүйесі, эндокриндік жүйе және анализаторлар.
-Жүйке жүйесі.
-Ішкі секреция бездері.
-Анализаторлар.
Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі барлық ағзалардың тұтас организмнің жұмыс әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және олардан тарайтын жүйкелерден тұрады. Ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған жүйкелерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі нейрондар мен нейроглиядан түзілген. Нейроглия жүйке жасушасының тірегі болумен бірге оған белгілі пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады. Нейрон — денеден және одан тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды.
Жұлын омыртқа өзегінің ішінде жатады. Мұның ұзындығы ересектерде 45 см, ені 1,5 см, салмағы 80 г. Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Жұлын тізбектеліп жатқан 31 бунақтан түзілген. Оның әрбір бунағының екі жағынан аддыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып, омыртқаралық тесік тұсында бір-бірімен қосылып, 31 жұп жұлын жүйкесін түзеді.
Бас ми ми сауытында орналасқан. Мидың бес бөлігі бар. Осы ми бөлімдерінің әртүрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді. Алдьңғы ми көпіршігінен алдыңғы, артқы және сопақша ми пайда болады. Ал ортаңғы ми көпіршігі көп өзгермей, ортаңғы мидың өзін түзеді. Ми бөлімдері өзінің дамуына, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ми сыңарларының қыртысына, қыртысасты бөлігіне және ми бағанына бөлінеді. Мидың баған бөліміне сопақша ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт төмпешік жатады.
Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып, оның ақ затын алдыңғы, ортаңғы және артқы үш жұп бағандарға бөледі.
Артқы мида көпір мен мишық жатады. Көпір (pons) сопақша мидың үстінде орналасқан ақ дөңес. Жоғарғы жағынан ми сабақшалаымен шектелген. Көпір жұлын мен сипақша ми сияқты өткізгіш және рефлекторлық қызмет атқарады.
Мишық көпір мен сопақша мидың артқы жағында орналасқан, салмағы ересек адамда 120-150г. Жоғарғы жағынан ми сыңарларының шүйде бөлігі жауып тұрады. Мишық екі жарты шарлардан және оларды байланыстырып жатқан құртша бөлімнен тұрады.
Ортаңғы ми екі сабақшасы мен төрт төмпешіктен түзілген. Оның жіңішке қуысын құбыр деп атайды.
Аралық ми үлкен ми сыңарларының аралығында орналасқан. Оған көру төмпегі, (таламус) төмпек аймақтары жатады.
Алдыңғы ми екі ми сыңарларынан тұрады. Олардың әр қайсысына ми жабындысы, қыртыс асты түйіндер және бүйір қарыншалар жатады.
Жүйке жүйесінің шеткі жүйесіне ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер жатады. Мидан 12 жұп ми жүйкелері тарамдалса, жұлыннан 31 жұп жұлын жүйке таралады.
Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің соматикалық бөлігінен айырмашылығы, ішкі мүшеледі, қан және лимфа тамырларын, жүректі, бездерді, көлденең жолақты ет тіндерін жүйкелендіреді. Бірақ олардың жиырылуына тікелей әсер етпей, зат алмауын арттырып, қызметін күшейтіп, ағзаларға трофикалық әсер етеді.
Ішкі секреция бездері. Ішкі секреция бездерінің сыртқы секрециялық бездерден айырмашы-лығы олардың бөлген сүйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сондықтан сұйықтығын тікелей ішкі ортаға, қанға, лимфаға бөледі. Ішкі секреция бездерінің клеткаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Осының салдарынан олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын ерекше химиялық құбылыста келген сұйықгығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуіне т. б.) өте қатгы әсер етеді. Оларды не үдетіп, не тежеп отырады.
Гормондар — өте күшті белсенді заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы (ішкі секрециялы бездердің жұмысы) вегетативтік жүйке жүйесімен жоғары ми қызметіне байланысты. Бұл бездердің көлемі өте шағын, бәрін жинағанда жалпы салмағы 100 грамнан аспайды. Бірақ олардан бөлініп шығатын гормондар әсері жалпы организмге, ағзалар жұмысына маңызы зор.
Гормондар гомеостазды, заттар алмасуын реттейді, өсуге, тіндердің дифференцияциясына, көбеюге әсер етеді, қоршаған ортаның өзгерістеріне организмнің жауап реакциясын қамтамасыз етеді. Эндокриндік бездер анатомиялық және опографиялық тұрғыда жайыла орналасқан және шығу тектері де түрліше.
Эндокриндік қызметтің реттерлуінің жоғарғы орталығы гипоталамус болып табылады.– Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша без,қалқансерік бездер, бүйрек үсті бездері, тимус, ұйқы (қарын асты) безі, жыныс бездері жатады.
Эндокринді бездер топографиялық жатқан жағдайларына, шығу тегіне қарай бес топқа бөлінеді
1.Нейрогенді бездер тобы. Гипофиз немесе мидың төменгі қосалқысы және эпифиз.
2.Бронхиогенді бездер тобы. Қалқанша безі, қалқансерік безі және айырша без.
3.Хромофинді немесе адреналинді бездер тобы. Бүйрек үсті безі.
4.Қарынасты безінің эндокринді бөлігі. Қарынасты безі.
5. Жыныс бездері. Аталық және аналық бездер.
Гипофиз немесе мидың төменгі қосалқысы ми сыңарларының астыңғы жағында, түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан. Аралық ми мен оның жұмысы да, құрылысы да өте тығыз байланыста. Оның орташа салмағы 0,7 г.
Бронхиогенді бездер тобы. Қалқанша безі ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең үлкені. Түсі сарғыш қызыл, жұмсақ, салмағы 30—40 г, ені 50—60 мм. Мойынның алдыңғы жағында қалқанша шеміршекті жауып, мойын еттерінің астында жатады. Бұл бездің адам организмінде маңызы зор. Қалқанша бездің тироксин гормонының мөлшері адамның жас кезінде аз болып, жыныстық жетілу мерзімінен кейін көбейе бастайды. Организмдегі йодтың 80—90 % осы бездің құрамында кездеседі.
Хромофинді немесе адреналинді бездер тобы. Бүйрекүсті безі атына сәйкес бүйрек үстінде орналасқан. Оң жақ бүйрекүсті безінің пішіні үшбұрышты болып келсе, сол бүйрекүсті безі айшық тәрізді. Олардың салмағы адам жасына қарай өзгеріп отырады. Егер жас балада 6-7 г болса, ересектерде 20 г-ға дейін барады.
Қарынасты безі күрделі көпіршікті без. Мұның өзі екі түрлі қызмет атқарады. Он екі елі ішекке панкреат сөлін шығарып, ас қорыту процесіне әсер етуін сыртқы секрециялық жұмыс дейді. Ішкі секрециялық жұмысы ерекше химиялық құрылыста келген инсулин, глюкоген гормондарын шығаруға байланысты. Бұл гормондар көмірсутегінің, көміртекті заттардың алмасуын реттейді. Қандағы қант мөлшерінің артып кетпеуінен сақтайды.
Жыныс бездеріне аталық және аналық бездер жатады.
Анализаторлар. Организмге әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары - рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім ағзаларында және денеде орналасқан.
Рецепторлардың белгілі ағзаларға жинақталуы организмнің эволюциялық дамуымен сыртқы ортаға бейімделуі нәтижесінде пайда болған, жалпы рецепторлар шоғыры дыбысқа, жарықка, иіске т.б. тітіркендіргіштерді қабылдауға икемделген. Оларды әдеттенген тітіркендіргіштер деп атаймыз. Осы әдеттенуге байланысты есту, көру, иіс, дәм, тепе-тендік сезім ағзалары дамыған.
Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі дамуы нәтижесінде сезім ағзаларының орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторларымен жүйке талшықтары арқылы байланысады. Рецепторлары арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырады. Онда талдау, талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан адам дүниедегі бар затты сезім ағзалары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.
Рецепторларды екі үлкен топқа бөледі. Тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын рецепторларды энтерорецепторлар, ал тітіркенулерді сыртқы ортадан қабылдайтын рецепторларды экстерорепеттторлар деп атайды.
Көру ағзалары көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасының алдына қарай шығыңқы келген бөлігін - алғы полюсі, артқы көру жүйкесінің шықкан жерін — артқы полюсі деп атайды. Көз алмасы үш қабықган сыртқы тығыз талшықты, ортаңғы тамырлы қабық, ішкі торлы қабықган түзілген.
Таяқшалар мен сауытшалар сезімтал жүйке ұштары, олар көру процесін атқарады. Таяқшалардың саны 9млн жетеді. Сауытшалар күндізгі күшті сәулеге ғана тітіркенсе, таяқшалар әлсіз жарықтан тітіркеніп, қараңғыда көру қызметін атқарады.
Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың шьны тәрізді денеден түзілген. Көру агзасының қосымша аппараттарына көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар: көз жасы безі, қабақ, қас, кірпік жатады.
Есту ағзалары орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап, ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ, ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (Корти) ағзаларынан басқа тепе-тендік аппараты да жатады. Тепе-тендік ағзасы дененің және оның әрбір мүшесінің сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабылдап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады. Есту және тепе-тендік ағзалары самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан.
Сыртқы құлаққаа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады. Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақгап, дыбыс жолына қарай икемдейді.
Ортаңғы құлаққа дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады. Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады, ал артқы қабырғасында екі тесікше жатады. Оның жоғарғы дөңгелек тесікшесін ұлу терезесі десе, төменгі тесікшесін кіреберіс терезесі деп атайды. Бұл тесікшелер арқылы ортаңғы құлақ ішкі құлақпен байланыс жасайды. Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзенгіше және төсше деп аталады.
Ішкі құлақ немесе сүйек лабиринті самай сүйектің тасша бөлімінің ішінде жатады. Оның өзі бірінің ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттің лимфа сұйықтығы болады. Сүйекті лабиринттің үш бөліктен түзілген. Оның орталық бөлігін кіреберіс, алдыңғы жағын ұлу, ал артқы бөлігін иірім өзектері деп атайды.
Дәм анализаторы қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан. Сыртқы пішініне қарай жіпше тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақша және орлы емізікшелер деп бөледі.
Иіс анализаторының щеткі бөлігі болып, мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс сезімін қабылдайтын жүйке элементтері жатады.
Тері анализаторы. Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересектерде көлемі 14—16 м дейін жетеді. Онда сезімтал жүйке рецепторлары, , тері, май, бездер, ет тіндері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару т. б. маңызды қызметтер атқарады. Терінің қорғаныш қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сонымен қатар неше түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерді денеге өткізбейді. Эпидермистің тереңінде теріге түс беретін миелинді (бояу) заты орналасады. Тері бездері өздерінің шығаратын заттарына қарай май бездер, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.
11-лекция. Спортшы организмінің физикалық жүктемелерге бейімделуінің жалпыбиологиялық негіздері.
-Адаптация түсінігі.
-Адаптация реакцияларының арнайылығы.
-Деадаптация, реадаптация, қайта бейімделу құбылыстары.
-Компенсациялық-бейімделушілік үрдістердің морфологиялық көріністері.
Адаптация түсінігі. Бейімделу тиімділігі организмнің жақсы денсаулығы мен өнімділігі жоғары жұмыс істеу қабілетінің негізі.
Адам организмінің физикалық жүктемелерге бейімделуінің заңдылықтарын білу – физикалық жаттығуларды физикалық баптаудың тиімділігін арттыру үшін пайдалануға объективті алғышарт болып табылады.
Адам организмінің әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің спортпен айналысудан болатын қайта құрылуы микроскоптық және макроскоптық деңгейлерде жүреді. Бүкіл ағзаның қайта құрылуының негізін де жалпы биологиялық қағидаттар құрайды.
Спорт адамның биологиялық та, әлеуметтік те табиғатына әсер ететін (адамның физикалық дамуын жақсартып, батылдық, икемділік, шыдамдылық, күш сияқты қасиеттерді қалыптастырады) қуатты фактор. Осы факторды дұрыс емес (қате) пайдалану оны зиян әкелетін факторға айналдыруы мүмкін.
Спортпен айналысудың әсерінен организмде болатын морфологиялық өзгерістерді түсіндіру үшін мына себеп-салдарлық байланыстарға көңіл аударайық:
физикалық жүктеме жұмыстық гипертрофия бұлшық ет массасының ұлғаюы
Тренерлердің зейіні көбіне соңғы нәтиже алуға бағытталады, яғни бұлшық ет массасының ұлғайып, күштің артуына бағытталады. Ал өзгерістердің тек қана етте емес, бүкіл ағзада жүретінін ескере қоймайды. Іс жүзінде себеп пен (физикалық жүктеме) салдардың (бұлшық ет массасының ұлғаюы) арасында әр түрлі мүшелер мен жүйелердің бір-бірімен байланысты жүретін бейімделі үрдістерінің тұтас тізбегі жатады.
Ағзада болатын кез келген қайта құрылу (перестройка) тірі организмдердің әсерге жауап беру қағидаты бойынша, яғни рефлекторлық қағидат бойынша жүреді. Адам ағзасында сыртқы әсерге жауап реакциясы өте күрделі жүреді, мұнда әсерге жауап қана емес, кері реакция каналы да іске қосылады, себебі организм өзінің жауап беру реакциясының нәтижесін білуі керек, ол организмнің өзінің жауап реакциясын түзету және толықтыру үшін қажет (мысалы, спортшы қимыл жасағанда, тек жүйке және бұлшық ет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, тыныс алу, ЖҚЖ, ЭЖ іске кіріседі, зат алмасу өзгереді. Және осы жүйелердің, әсіресе ет жүйесінің осы жұмысқа дайындығы туралы кері хабар келеді.).
Сондықтан спортшының әр қимылы органимзнің әр түрлі морфологиялық элементтерінің (сүйектердің, буын-сіңірлердің, ЖҚЖ, ТЖ, ЭЖ) функционалдық бірігуінің белгілі бір қимылды іске асыруға бағытталған бірігуінің нәтижесі деп білу керек.
Адаптация деп организмнің, оның жүйелері немесе мүшелерінің құрылысы мен қызметінің қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз ететін физиологиялық реакциялардың жиынтығын атайды. Адаптация генотиптік және фенотиптік деңгейде жүруі мүмкін.
Адаптация рекциясының арнайылығы
Нақты сипаттамаға ие белгілі жүктемелерге тиімді бейімделуде жүйке орталықтары, организмнің әр түрлі анатомиялық құрылымдарына жататын кейбір мүшелері мен функционалдық тетіктер жедел және созылмалы бейімделу реакциялары қалыптасатын негіз болып табылатын біртұтас кешенге бірігеді.
Жедел және созылмалы бейімделудің арнайылығы бағыты, ұзақтығы, қарқындылығы бірдей болып келетін, тек жаттығуларының сипатымен ғана ерекшеленетін жүктемелерді қолданғанда да байқалады.
Спортшының біліктілігі неғұрлым жоғары болса, олардың спорттық жетістіктері деңгейінің қозғалыс қабілетінің арнайы емес көріністерімен байланысы аздау бола береді.
Сонымен, жоғары сыныпты спортшыны дайындау баптау әрекеттерінің тиімді жарыс жұмыстары талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерін қолдануға бағытталуы керек.
Деадаптация, реадаптация, переадаптация құбылыстары
Адаптацияға алып келген жүктеменің күрт төмендеуі немесе тоқталуы кері үдеріс – деадаптацияның пайда болуын алып келеді. Деадаптация үдерісі спортшы дайындығының барлық жақтарын қамтиды, және адаптацияның қалыптасу уақыты неғұрлым қысқа болса, солғұрлым жылдам дамиды.
Физикалық жүктемені толық тоқтатқан соң деадаптация үдерісінде организмнің аэробтық мүмкіндіктері және онымен байланысты ұзақ уақыт жұмыс істей алуға бейімделу жылдам төмендейді, ал арнайы қозғалыс дағдылары бапталуды тоқтатқан адамда да ұзақ уақыт сақтала алады.
Бейімделудің кері дамуы біркелкі жүрмейді: бапталуды тоқтатқаннан кейнге алғашқы апталарда адаптациялық жүйенің функционалдық қорының айтарлықтай төмендеуі байқалады, ал одан әрі деадаптация баяулайды. Жасырын түрдегі бейімділу реакциялары ұзақ сақталады, және қайта бапталуды бастағанда жоғалтқан қабілеттерді жылдам қайта қалпына келтіруге негіз болады.
Организмнің индивидуалдық адаптациялық мүмкіндігінен асатын, сондықтан мүшелер мен жүйелердің функционалдық ресурстарын өте артық жұмылуын қажет ететін өте көп жүктеме пайдалану қайта бейімделуге алып келеді, бірақ бұл негізгі жүктеме түсетін функционалдық жүйелердің әлсіреуі арқылы орын алады.
Компенсациялық-бейімделушілік үрдістердің морфологиялық көріністері
Компенсациялық-бейімделушілік үрдістер, морфологиялық тұрғыдан 2 түрлі болады: гипертрофия және атрофия. Кейбір авторлар компенсациялық-бейімделушілік үрдістерге мүшедегі клеткалар санының артуымен сипатталатын гиперплазияны да жатқызады.
Гипертрофия деп мүшенің функционалдық бірлігіні массасы артуын және оның қызметінің қарқындануын атайды. Гипертрофия мүшенің көлемінің және салмағының, клеткалық элементтерінің көлемінің артуымен сипатталады және бұл жағдайда мүшенің функционалдық мүмкіндігі артады, сондықтан ол өз жұмысыны тиімді орындайды.
Атрофия клеткалардың құрылымдық элементтерінің саны азаюмен, олардың жартылай деструкциялануымен, мүшенің көлемінің, өлшемінің және функционалдық белсенділігінің азаюымен сипатталады. Физиологиялық гипертрофия және атрофия, әдетте, қайтымды үдерістер болып табылады.
12-лекция. Физикалық жүктемелер әсерінен болатын адам организмінің
Құрылымдық өзгерістері
- Физикалық жүктемелер әсерінен болатын сүйек жүйесінің құрылымдық өзгерістері
- Физикалық жүктемелер әсерінен болатын спортшылардың буын-байлам аппаратын-дағы құрылымдық өзгерістер
- Физикалық жүктемелер әсерінен болатын бұлшық ет жүйесінің құрылымдық өзге-рістері
Физикалық жүктемелер әсерінен болатын сүйек жүйесінің құрылымдық өзгерістері
Сүйек – дене тірегі және қозғалыс мүшесі, оның құрылысы күрделі және ол сүйектің дамуы мен қызметін көрсетеді.
Көптеген бақылаулар организмнің ішкі және сыртқы жағдайлары өдгергенде сүйек жүйесінің айтарлықтай пластикалылығын және өзгеруге қабілеттілігін көрсетті. Белгіленген атомдар әдісімен (Р32, Са45) күн сайын организмде сүйек ұлпасының минералдық заттарының 10 – 20%-ы синтезделетіні анықталды.
Спортпен айналысу әсерінен қаңқада, оның мықтылығы мен сенімділігін арттыратын прогрессивті өзгерістерден басқа, сүйек өсінділері түріндегі патология алдындағы және патологиялық өзгерістер пайда болуы мүмкін, мысалы – остеофиттер, сүйек ұлпасының сиреуі орын алған бөліктер, т.б.
Қаңқадағы осындай өзгерістерді білсе, бапкер, баптау жүктемесін өзгерте отырып, олардың алдын ала алады.
Физикалық жүктемелер әсерінен болатын сүйек жүйесінің құрылымдық өзгерістерін зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады:
Антропометрлік әдістер;
Рентгенологиялық әдістер;
Эксперименталдық әдістер;
Сүйектердің механикалық қасиеттерін зерттеу әдістері;
Белгіленген атомдар әдісі;
Гистологиялық және гистохимиялық әдістер.
Омыртка бағанасы вертикалды болғанымен, сагитталды жазықтықта иілімдер түзіп, тік болып келмейді. Бұл иілімдер кеуде белігінде және сегізкөзде дөңес жақтарымен артқа, ал мойын және бел бөлімдерінде алға қарай бағытталған. Артқа қарай дөңес иілімдер кифоздер, kyphosis, деп, ал доңес жагымен алга қарай бағытталған иілімдер лордоздар, lordosis,дen аталады.
Сколиоз – көбінесе жас өспірімдер мен мектепке дейінгі балаларда кездесетін омыртқа жотасының ауруы. Егер сыртынан карасақ омыртқа жотасының иілуі байламдар мен сүйекке байланысты S тәрізді болып келеді. Сколиозды омыртқа бұзылысымен жиі шатастырады. Бірақ сколиоз омыртқа бұзылысының күрделі түрі. Омыртқа жотасының бұзылысы: баланың дұрыс отырмауын, қозғалуын қадағаламаса немесе кальций жетіспесе, бұлшықет әлсірегенде байқалады. Қазіргі жас өспірімдердің, оқушылардың біриықты сөмкелері, ауыр кітаптарды көтеру, ыңғайсыз парталар сколиоздың дамуына алып келеді.
Дисктер грыжасы – тірек-қимыл жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірі. Дисктер грыжасының пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Жастық ерекшеліктер де әсер етеді. Диск грыжасы былай пайда болады – оның қабығы жарылып, құрамындағы заттар жұлынға еніп, оны ығыстырады. Грыжаны хирургиялык операция аркылы емдеуге болады, бірақ ол омыртқа жотасының басқа аймағының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Остеохондроз – қабырға аралық дисктердің құрылысының өзгеруінен болатын патологиялық ауру. Қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді.
Лордоз –туа пайда болған немесе жүре пайда болған омыртқа жотасының мойын және бел аймағындағы алға қарай иілуі. Лордоздың п. б. себебі: - жамбас бел буынының шығып кетуі (бұл жағдай белдің алға қарай шығып кетуіне себеп болады); - іш аймағындағы майлардың тым артық мөлшерде жиналуы оның дамуына әсер етеді. Лордоз омыртқа жотасының бұзылуына, байламдары мен бұлшықеттерінің тартылуына алып келеді. Одан басқа ол жүректің, өкпенің, асқорыту жолының жұмысын бұзады. Науқастың жиі басы ауырып, тез шаршап, организмінде зат алмасу процесі бұзылып, жалпы жағдайы нашарлайды.
Кифоз –омыртқа жотасының артқа қарай тым иілуінен пайда болатын ауру. Кифоздың 2 түрі бар: - физиологиялық кифоз (нормада ересек адамдарда байкалады) - патологиялық кифоз, ол рахиттің, туберкулездің әсерінен бір не бірнеше омыртқаның зақымдануынан, омыртқа жотасының бұзылуы және т.б. көптеген себептерден дамиды. Кифоз «дөңгелек арқаның» пайда болуына алып келеді, иықтар алға қарай «салбырап» қалады. Белдің еңкею бұрышы азайып, іш алға қарай шығып тұрады
Физикалық жүктемелер әсерінен болатын спортшылардың буын-байлам аппаратындағы құрылымдық өзгерістер
Спортпен айналысқанда болатын спортшылардың буын-байлам аппаратында болатын бейімделушіліктерді зерттеу үлкен маңызға ие. Бапкерлер баптау жұм ысын ғылыми негізде жүргізу үшін және спорттық іріктеу мәселелерін шешу үшін бұл өзгерістер туралы білуі қажет.
Спорттың көптеген түрлері үшін бірінші кезекті маңызды нәрсе – физикалық қасиеттердің бірі – иілгіштіктің дамуы. Спорттық тәжірибеде иілгішітік деп амплитудасы үлкен қозғалыстар жасай алу қабілетін айтады. Дененің иілгішітігі бөлек сүйектердің буындарындағы суммарлық қозғалғыштықпен іске асады. Кейбір буындарға «иілгіштік» терминін қолдана алмаймыз, дұрысы «қозғалғыштық» деуге болады. Қозғалыс амплитудасы нақты адамның сүйектері қосылыстарының құрылысындағы индивидуалдық ерекшеліктеріне, олардың атқаратын қызметке бейімделлуге қабілеттілігіне байланысты болады.
Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша «буындардың туа пайда болған мамандануы» деген бар, яғни, спортпен айналыспайтын кейбір балаларда аяқ басының бүгілу амплитудасы үлкен болуы, ал екіншілерінде жазылу амплитудасы үлкен болуы мүмкін. Бұл ерекшеліктерді спорттық іріктеу кезінде ескеру қажет.
Физикалық жүктемелер әсерінен болатын бұлшық ет жүйесінің құрылымдық өзгерістері
Бұлшық ет – әрт түрлі ұлпадан тұрады және олар бұлшық еттің басты қфызметі – жиырылуды қамтамасыз етеді.
Бұлшық ет қимыл қызметін атқарады. Оның қызметі жиырылуға байланысты. Атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер 3 топқа бөлінеді:
синергистер – бір уақытта бірыңғай жұмыс атқаратын еттер;
антогонистер – бір-біріне қарсы жұмыс атқаратын еттер;
фиксаторлар – қимылсыздандырып, бекітетін еттер.
Қазіргі спортқа тән үлкен физикалық жүктемелер спортшы организмінің барлық жүйелеріне, оның ішінде бұлшық ет жүйесіне де жоғары талап қояды.
Бұлшық ет жүйесінің гипертрофиясы дені сау организмнің бейімделу реакцияларының басым бөлігінің ажырамас компоненті болып табылады, және адамда физикалық жұмыстың барлық түрлерінде орын алады. Спортпен айналысу үдерісіндегі жүйелі физикалық жүктемелер бұлшық ет гипретрофиясының сәйкес құрылымдық өзгерістерімен бекітілуіне алып келеді. Бұл үдеріс жұмыстық гипертрофия деген ат алған.
13-лекция. Физикалық жүктемеге бейімделу
-Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің физикалық жүктемеге бейімделуі
-Жүйке және эндокриндік жүйелердің физикалық жүктемеге бейімделуі
-Зәр шығару жүйесінің физикалық жүктемеге бейімделуі
Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің физикалық жүктемеге бейімделуі
Жүйелі түрде спортпен айналысу үдерісініде жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысында функционалдық бейімделушілік өзгерістер дамиды және олар қан айналым аппаратының және кейбір мүшелердің морфологиялық қайта құрылуымен көрініс береді. Жүрек-қан тамырлары жүйесініңқұрылымдық-функционалдық қайта құрылуы оның жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, спортшының қарқынды және ұзақ физикалық жүктемелерге шыдауына мүмкіндік береді.
Спортшы үшін, әсіресе қан айналым және тыныс алу жүйелерінің морфо-функционалдық өзгерістерінің маңызы зор. Бұл жүйелердің физикалық жүктеме кезіндегі жұмысы қатаң нейрогуморальдық бақылауда болады, осының арқасында организмде оттегі тасымалдануының тұтас жүйесі – кардио-респираторлық жүйесі жұмыс істейді. Оның қатарына сыртқы тыныс алу аппараты, қан, жүрек-қантамыр жүйесі, және ұлпалық тыныс алу жүйесі кіреді. Көптеген жағдайда спорттық жұмысқа қабілеттіліктің деңгейі осы кардио-респираторлық жүйенің жұмысының тиімділігіне байланысты болады.
Спортпен шұғылдану үдерісінде жүректің бейімделуі әр түрлі бағытта жүреді:
миокардтың гипертрофиясы және тоногенді дилатациясы жүреді;
жүрек қызметінің нейрогуморальдық реттелуінің жақсаруы жүреді;
жүректің қозу қызметінің және зат алмасуының жақсаруы жүреді.
Жүректің орташа гипертрофиясы оның ет талшықтарының капиллярлануының артуына, синустық серпіндер қарқынының баяулауына, оларды өткізудің баяулауына алып келеді.
Жүрек өлшемдерінің ұлғаюы оның қуыстарының ұлғаюының немесе қарыншалар мен құлақшалардың қабырғаларының қалыңдауының салдары болып табылады.
Жылдамдық және күшке байланысты қасиеттерді дамытушы спортшыларда жүрек көлемі спортпен айналыспайтындармен салыстырғанда қарағанда аса көп ұлғаймайды.
Түрліше маманданған спортшылардың жүректерінің көлемі (Ю.А. Борисовтың орташа көрсеткіштері)
Спорт түрі |
Жүрек көлемі, см3 |
Жүректің салыстырмалы көлемі, см3/кг |
Шаңғы тебу |
1073 |
15,5 |
Жүгіру (ұзақ дистанциялар) |
1020 |
15,2 |
Жүгіру (орташа дистанциялар) |
1020 |
14,9 |
Спорттық жүру |
970 |
14,5 |
Велоспорт |
1030 |
14,2 |
Жүзу |
1065 |
13,9 |
Бокс |
913 |
13,7 |
Баскетбол |
1125 |
12,9 |
Теннис |
980 |
12,8 |
Жүгіру (қысқа дистанциялар) |
870 |
12,5 |
Күрес |
953 |
12,2 |
Гимнастика |
790 |
12,2 |
Спортпен айналыспайтын ер адамдар |
760 |
11,2 |
Спорттық әрекет жағдайында сыртқы тыныс алу аппаратына жоғары талаптар қойылады, себебі олардың іске асырылуы бүкіл кардиореспираторлық жүйе функциясының тиімділігін қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу аппараты организмнің қажетті оттектік режимінің қалыптасуында басты роль атқарады.
Спортпен жүйелі түрде айналысудың әсерінен тыныс алу қозғалыстарын іске асыратын бұлшық еттердің (диафрагма, қабырғааралық бұлшық еттер) күшін арттырады, сондықтан спортпен айналысуға қажетті тыныс алу қимылдары күшейеді, және осының салдарынан өкпе вентиляциясы артады. Спортпен айналысатын адамдарда көкірек клеткасының тотальды және локальды өзгерістері байқалады.
Жүйке және эндокриндік жүйелердің физикалық жүктемеге бейімделуі
Спортпен және физикалық дайындықпен тұрақты түрде айналысу жүйке жүйесінің және жүйке-бұлшық ет аппаратының функционалдық күйін жетілдіріп, спортшының күрделі қимылдар машықтарын игеруіне, жылдамдығын артыруына мүмкіндік береді, қимыл-қозғалыс координациясын қамтамасыз етеді.
Спорттық техникалық машықтарды игеру барысындағы қимылдар координациясы бұлшық еттер жұмысының (синергистердің, антагонистердің және агонистердің) келісімділігімен, дәл қимыл әрекеттері арқылы көрініс беретін қимылдар тұрақтылығымен, қимылдарды уақыт пен күшті мейлінше үнемдей отырып уақытында орындаумен сипатталады. Күрделі қимылдар координациясында үлкен ми сыңарларының маңдайлық бөліктері, орта ми, таламус, мишық, вестибулярлық аппарат, жұлын, қозғалыс анализаторы және жүйке жүйесінің осы бөлімдерін қосатын бүкіл өткізгіш жолдар қатысады.
Орташа жүктеме жағдайында жүйке талшықтары диаметрлерінің біркелкі еместігі байқалады, яғни олардың жуандаған және жіңішкерген жерлері кезектесіп келеді. Қарқынды жүктеме жағдайында жүйке талшықтарының ұштары тарамдалып өсіп, қозғалыс түйіншектері ірілене бастайды. Ұзаққа созылған қарқынды жүктеме жағдайында жүйкенің тарамдалған ұштарының (түйіншектердің) саны бір талшықта 3 – 4 –ке дейін артады. Ал шамадан тыс жүктемелер сақтандырушы тежелу күйін туғызып, бұлшық етке баратын жүйке тарамдарының біразының бұзылуына алып келеді, қозғалыс түйіншектері өлшемдері азаяды. Бұл – шамадан тыс жаттығу жағдайына тән өзгерістер.
Физикалық жүктеме жүрек пен бұлшық еттерде ғана емес, бүкіл организмде айтарлықтай өзгерістердің жүруін талап етеді, ал бұл бірқатар гормондардың бөлінуінде және олардың коцентрациясында да өзгерістердің пайда болуымен қатар жүреді.
Физикалық жүктеме әсеріне біріншілер қатарында жауап беретін – бүрекүсті бездерінің милық қабаты, ол катехоламиндердің, яғни, адреналин мен норадреналиннің бөлініп шығуының артуы арқылы көрініс береді. Бұл гормондар жүрек жұмысын (оның соғысының күшеюі және жылдамдауы), тыныс алу жүйесінің жұмысын (бронхылардың кеңеюі) реттеуге қатысады, гликогенолиз бен гликолизді, тотықтыру үрдістерін арттыру арқылы энергетикалық ресурстарды жұмылдыруға қатысады.
Сонымен, адреналин мен норадреналин бірқатар функционалдық жүйелердің бірігіп, физикалық жұмысты қамтамасыз етуге белсенді қатысуын қамшылайды. Спортшыларда катехоламиндер секрециясының күшеюі старт алдындағы кезеңде сайысты күтуге байланысты психоэмоционалдық реакция түрінде байқалады. Белгілі деңгейде бұл пайдалы қозу болып табылады, ол сайыс алдындағы қызыну жаттығулары (разминка) сияқты әсер етеді, бірақ, шамадан тыс қозу немесе стартты ұзақ уақыт күту жағдайында реакцияның сарқылуы орын алуы және старт кезінде қажетті әсері болмай қалуы мүмкін.
Зәр шығару жүйесінің физикалық жүктемеге бейімделуі. Зәр шығару жүйесінің басты мүшесі – бүйректер. Бүйректерге спортпен айналысудың әсерін зерделеу мақсатында олардың функциясын зерттеу дені сау спортшыларда тыныштық жағдайында зәрдің құрамы спортпен айналыспайтын, дені сау адамдардікінен айырмашылығы жоқ екенін көрсетеді. Сонымен бірге, қарқынды жүктемелер әсерінен зәрде нәруыздар пайда болуы (протеинурия), қан пайда болуы (гематурия) және цилиндрлер пайда болуы мүмкін екндігі анықталды.
Гемоглобинурия – зәрде гемоглобин деп аталатын бос күйіндегі нәруыздың табылуы, кейде ол суық тиюден және шамадан тыс физикалық жүктемеден («марш гемоглобинуриясы») болуы мүмкін. Мұндай жағдайда зәрдегі гемоглобин оған қоңыр түс береді.
Зәрдегі өзгерістердің жиілігі және қарқындылығы жаттығулық немесе жарыстық жүктеменің қарқындылығына да, көлеміне де байланысты болуы мүмкін, және сондай-ақ, спортшының жаттығу дәрежесіне де байланысты болады. Физикалық жүктеме спортшының функционалдық мүмкіндігінен артық болғанда (шамадан тыс болғанда) зәрдегі өзгерістер де көрнекірек болып келеді.
Зәрдің қалыпты құрамы жаттығудан немесе жарыстан соң 24 сағаттан кейін қалпына келуі мүмкін. Кей жағдайда, көлемі және қарқындылығы жағынан өте зор жүктемеден кейін зәрдегі өзгерістер 48 сағ., тіпті 72 сағатқа жейін сақталуы мүмкін.
