Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia_docx1500161142.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.96 Кб
Скачать

29. Жан Жак Руссоның – «халық суверинитеті идеясы».

Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған. . 18ғ. көрнекті француз ойшылы Жан Жак Руссо халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан. Ол - үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу тиісті деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш билік үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Бірақ биліктің бөлуін бір-біріне мүлдем тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет. Бір қоғамда әрине биліктің тұтастығы және тұрақтылығы қажет.

ИИИ

30. Идеологияның түрлері:

«Идеология» ұғымын ғылыми айналымға француз философы А. Дестют де Траси («Идеология элементтер» (1801-1815) енгізді. ХVIII ғасырда пайда болған алғашқы классикалық саяси идеологияларға консерватизм мен либерализм жатады. ХІХ ғасырда социалистік идеология (социал-демократия, утопиялық социализм, марксизм), анархизм және т.б., ХХ ғасырдағы ұлттық идеологиялар: фашизм, ұлтшыл-социализм, коммунистік идеология (марксизм-ленинизм) пайда болды. Қазіргі заманғы идеологиялар қатарына неоконсерватизм, неолиберализм, неомарксизм және басқалар кіреді. Діни идеология түрлері: христиан демократиясы, исламдық фундаментализм, ортодоксалды индуизм.

31. Идеологияның қоғамдағы қызметтері:

Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1 ) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

ККК

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]