Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia_docx1500161142.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.96 Кб
Скачать

17. Джон Локк пен ш-л. Монтескьенің - «Билікті бөлу идеясы».

Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты. Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.

«Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан» кейін жүз жыл өткен соң 1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен азаматтардың құқтарының Декларациясында «Билік бөлінбеген және құқықтарды пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды» делінген.

Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс пайдаланудан сақтайды. Ол «заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды» деп жазған.

18. Демократиялық саяси режим сипаттамасы

Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі.Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда,билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаныңөзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды,басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. 2)Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді.Оларға сайлау арқылы занның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. 3)Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауға сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

19. Демократиялық сайлаулар және оның принциптері.

Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды

Демократиялық сайлаулар кезеңді болуы тиіс. Демократиялық елдер президентті мәңгілікке сайламайды. Сайланбалы тұлға халық алдында есеп береді.

Демократиялық сайлаулар — өкілді, яғни ел халқының көпшілік ересек бөлігін қамтуы тиіс.

Демократиялық сайлаулар түпкілікті болып табылады. Сайлау аяқталғанда сайланбаған қатысушылар сайлаушылардың шешімін қабылдауы тиіс.Егер билеуші партия жеңілсе, ол билікті бейбіт жолмен береді. Сайланбағандар енді оппозицияны білдіреді, олар қоғамдық өмірге белсенді араласады. Демократиялық сайлаулардың билікті қалыптастырудағы сипатын зерттеген Р. Даль, А. Токвиль, А. Лейпхарт, Дж. Сартори, К. Поппер, С. Хантингтон, саясаттағы азаматтардың сайлаушы ретіндегі рөлін С. Липсет, Р. Роуз, Я. Маккалистерлерді атауға болады. Әсіресе, Р. Даль еңбегін ерекше айтуымыз қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]