Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia_docx1500161142.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.96 Кб
Скачать

120. Ұлттық мүдде деп

кең мағынасында - қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік-саяси қажеттіліктерді көрсететін елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар мағынасында - ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі

ХХХ

121. Хіх ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей саяси мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан саяси пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде саясаттың негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады.

Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.

122. Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар

XX ғасыр басындағы бүкіл Ресей империясын қамтыған саяси оқиғалардың Қазақстанға да үлкен ықпалы тиді. XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы қоғамдық қозғалысқа ат салысқан әлеуметтік күштердің орнын ауыстыру, қазақ қоғамындағы таптық қайшылықты көпе-көрнеу асыра бағалау, осы негізде қисыңсыз теориялық тұжырымдама жасау етек алды. Ал, шын мәнінде, сан жағынан тым аз әрі тап ретінде қалыптасып үлгермеген қазақ жұмысшыларының да, егіншілікке жарамды құнарлы жерінен айырылған қазақ бұқарасының да, қоғамның аз ғана бөлігін құраған муқатты билеуші топтардың да қоғамдық санасын билеген ортақ ой — орыс әкімшілігі орнатқан кұлдық тәртіптен құтылу еді. Соған сәйкес, отарлық езгідегі қазақ қоғамында таптық санадан гөрі үлт- азаттық сананың тезірек пісіп-жетілуіне қолайлы алғышарттар жасалды. Әрине, метрополияда орын алған терең қоғамдық сілкіністердің қазақ қоғамында ықпалы болғанын жоққа шығару мүмкін емес. Сонымен бірге империяның ішкі губернияларындағы азаттық қозғалыс пен отарлық жағдайынан бастау алатын мұндағы ұлт-азаттық қозғалыс арасындағы өзара айырмашылықтарды мойындауға тура келеді. Ол айырмашылық метрополия мен үлттық аймақтағы азаттық козғалыстардың көздеген түпкі мақсаттарынан туындайды. Орыс жұмысшы табы мен буржуазиясының, шаруалар бұқарасы мен басқа да демократиялық күштер жүргізген орыс азаттық қозғалысының көздеген мақсаты — феодалдық басыбайлылық жүйенің қалдықтарынан біржола арылып, еркін қоғамдық даму жолына түсу болса, қазақ азаттық қозғалысының басты мақсаты — ұлттық мемлекеттік дербестікті қалпына келтіру арқылы саяси, экономикалық және мәдени өркендеу мүмкіндігіне ие болу еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]