- •1. Антикалық кезеңдегі саяси ойлар. (Платон, Аристотель)
- •2. Авторитарлық саяси режим сипаттамасы
- •4. А. Де Токвиль саяси дамудың «алтын заңы» туралы.
- •6. Артикуляция деген – ол
- •8. Әл Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарасы
- •9. Әлемдік саясаттың түсінігі мен мәні.
- •17. Джон Локк пен ш-л. Монтескьенің - «Билікті бөлу идеясы».
- •18. Демократиялық саяси режим сипаттамасы
- •19. Демократиялық сайлаулар және оның принциптері.
- •20. Д. Истон бойынша саясат деген – ол
- •23. Демократия деген – ол
- •24. Демократияның түрлері
- •25. Демократияның ортақ белгілері:
- •26. Ежелгі Үндінің саяси-әлеуметтік ойы
- •27. Ж. Баласағұн саяси - әлеуметтік көзқарастары
- •28. Жаңа замандағы саяси көзқарастар
- •29. Жан Жак Руссоның – «халық суверинитеті идеясы».
- •30. Идеологияның түрлері:
- •31. Идеологияның қоғамдағы қызметтері:
- •32. Конфуцийдің патриархалды-патерналистік концепциясы
- •33. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, олардың ролі
- •34. Қоғам өміріндегі идеологияның маңызды рөлдері
- •35. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің даму кезеңдері
- •36. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері мен ерекшеліктері
- •37. Қазақстандық патриотизм және «Мәңгілік ел» идеясы
- •38. Қазіргі замандағы геосаясат және жаһандық мәселелер
- •39. Қазақстанның сыртқы саясатының басты принциптері
- •40. Қазақстанның «2050» Стратегиясының негізгі баптары
- •43. М.Х.Дулатидің саяси-әлеуметтік көзқарастары
- •44. М.Вебердің легитимді билік және бюрократия туралы тұжырымы
- •45. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •46. Мемлекеттің негізгі белгілері мен қызметтері
- •47.Мемлекеттің басқару түрлері мен құрылымдық түрлері
- •48. Мемлекеттің негізгі белгілері:
- •49. М.Дюверже бойынша партиялар қалайша болып бөлінеді?
- •52. Ортағасырлардағы және Өркендеу дәуірдегі саяси шешімдер
- •54.Президенттік және парламенттік режимдер.
- •55.Партиялық жүйе және сайлау жүйелері
- •56. Президенттік республика белгілері
- •57. Парламенттік республика белгілері:
- •59. Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі:
- •62. Саяси ғылымның әдістері, міндеттері, құрылымы
- •63. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызы
- •64. Саясаттың түсінігі мен парадигмалары
- •65. Саясаттың құрылымы және субъектілері
- •66. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметтері
- •67. Саясаттың деңгейлері
- •68. Саяси билік түсінігі
- •69. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
- •70. Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері
- •71. Саяси биліктің легитимдігі және биліктің бөліну принциптері
- •72. Саяси элита ұғымы және оның қоғамдағы ролі.
- •73. Саяси элитаның қоғамдағы ролі.
- •74. Саяси жүйе түсінігі, мәні және теориясы
- •75. Саяси жүйенің түрлері, құрылымы, қызметтері
- •76. Саяси процесс түсінігі мен оның мәні.
- •77. Саяси режимнің мәні және түсінігі
- •78. Саяси трансформация және саяси модернизация
- •79. Саяси даму мен саяси өзгеріс
- •80. Саяси партияның мәні және қызметтері
- •81.Саяси партиялардың саяси жүйедегі ролі мен қызметтері
- •82. Сайлау және демократиялық режим
- •83. Сайлау жүйелері және оның түрлері
- •84. Саяси мәдениет
- •85. Саяси даму, саяси модернизация мен трансформация
- •86. Саяси модернизация теорияларының даму кезеңдері
- •87. Саяси мәдениет түсінігі және оның мәні
- •88. Саяси мәдениет пен саяси идеология түрлері
- •89. Саяси сана мен идеология және оның қоғамда атқаратын ролі.
- •90. С.Хантингтон - қоғамды демократиялаудың толқындары туралы
- •92. Саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәні
- •97. Саясаттың негізгі екі түрі
- •100. Саяси идеологиялардың түрлері
- •108. С.Хантингтон бойынша демократияға ауысудағы 3 кезең:
- •115. Саяси процеске қатысу түрлері
- •117. Тоталитарлы саяси режимнің сипаттамасы
- •120. Ұлттық мүдде деп
- •121. Хіх ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
- •122. Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
- •123. Халықаралық қатынастар және олардың теориялық негіздері
- •125. Халықаралық саясат деген
79. Саяси даму мен саяси өзгеріс
Саяси даму ұғымы ғылыми әдебиетке ХХ ғасырда енді және ол саяси жүйелердің өзгеруі үдерісінің мазмұнын сипаттау үшін қолданылады. Аталмыш ұғым мен жай ғана саяси қатынастар жүйесіндегі өзгеріс фактісі емес, қоғамның саяси жүйесіндегі сапалық өзгерістер – саяси жүйенің күрделене түскен экономикалық және әлеуметтік жағдайларға үнемі бейімделу, жаңа қоғамдық мүдделер мен талаптардың пайда болуына шапшаң әрі тиімді түрде әсер ету, жаңа саяси институттар құру және қалыптасқан жағдайларға барабар олардың қызмет түрлерін жасау қабілетінің арта түсу үдерісі де белгіленеді. Демек, саяси даму – бұл саяси жүйенің қоғамдық ортаға икемді бейімделуі, оның сапалы жетілуі және өзінің қызметін жүзеге асыруда жаңа деңгейге өтуі, әлеуметтік мүдделердің қанағаттануы.
Осыған байланысты саяси даму саяси жүйенің оң динамикасын – оның жаңа сапалық жағдайға қарай тұрақты қозғалысын білдіретіндігін атап көрсеткен жөн. Сондықтан да саяси дамудың өлшемдері жөніндегі мәселе аса маңызды, өте өзекті болып табылады.
Саясаттанушылар саяси жүйенің қабілетін көрсеткен саяси дамудың негізгі үш өлшемін бөліп көрсетеді:
1) қоғам мен билік құрылымдарының (институттардың, нормалардың, коммуникациялардың) өзгерісіне деген;
2) жаңалыққа (жаңашылдыққа) – жаңа әлеуметтік проблемаларға, қоғамдық пікірге, азаматтардың талаптары мен мүдделеріне икемді түрде жауап беруге деген;
3) азаматтардың қоғамның саяси өміріне тең құқықты қатысуын қамтамасыз етуге деген (олардың саяси жүйенің институттарына деген жағымсыз немесе жағымды қатынастарынан тәуелсіз).
80. Саяси партияның мәні және қызметтері
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
81.Саяси партиялардың саяси жүйедегі ролі мен қызметтері
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;
3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
