Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia_docx1500161142.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.96 Кб
Скачать

77. Саяси режимнің мәні және түсінігі

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.

Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құрутуралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.

Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:

- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;

- жеке адамның бостандығының кепілділігі;

- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;

- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;

- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;

- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;

- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.

Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.

Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.

78. Саяси трансформация және саяси модернизация

Трансформация – үкімет оппозициядан күшті болуы керек және бес кезеңнен (фазадан), яғни, реформаторлардың пайда болуы, олардың билікке келуі, либерализация, кері легитимділік – реформаторларды консерваторлармен ауыстыру, демо­кра­тияландырудың өзінен тұратын өту үдерісінде негізгі рөлді атқаруы тиіс. Ауыс­тыру – өткеннен толық бас тарту. Өту үдерісінде үш фазаны бөліп қарастырады: оппозицияның күресі, бұрынғы режимнің ыдырауы, ыдыраудан кейінгі күрес. Трансорналастыру (босату-высвобождение) – элита мен оппозицияның бірлескен әрекеті нәтижесінде жүзеге асатын транзиттің аралас үлгісі.

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:

1)ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;

2)әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;

3)құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;

4)ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]