- •1. Антикалық кезеңдегі саяси ойлар. (Платон, Аристотель)
- •2. Авторитарлық саяси режим сипаттамасы
- •4. А. Де Токвиль саяси дамудың «алтын заңы» туралы.
- •6. Артикуляция деген – ол
- •8. Әл Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарасы
- •9. Әлемдік саясаттың түсінігі мен мәні.
- •17. Джон Локк пен ш-л. Монтескьенің - «Билікті бөлу идеясы».
- •18. Демократиялық саяси режим сипаттамасы
- •19. Демократиялық сайлаулар және оның принциптері.
- •20. Д. Истон бойынша саясат деген – ол
- •23. Демократия деген – ол
- •24. Демократияның түрлері
- •25. Демократияның ортақ белгілері:
- •26. Ежелгі Үндінің саяси-әлеуметтік ойы
- •27. Ж. Баласағұн саяси - әлеуметтік көзқарастары
- •28. Жаңа замандағы саяси көзқарастар
- •29. Жан Жак Руссоның – «халық суверинитеті идеясы».
- •30. Идеологияның түрлері:
- •31. Идеологияның қоғамдағы қызметтері:
- •32. Конфуцийдің патриархалды-патерналистік концепциясы
- •33. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, олардың ролі
- •34. Қоғам өміріндегі идеологияның маңызды рөлдері
- •35. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің даму кезеңдері
- •36. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері мен ерекшеліктері
- •37. Қазақстандық патриотизм және «Мәңгілік ел» идеясы
- •38. Қазіргі замандағы геосаясат және жаһандық мәселелер
- •39. Қазақстанның сыртқы саясатының басты принциптері
- •40. Қазақстанның «2050» Стратегиясының негізгі баптары
- •43. М.Х.Дулатидің саяси-әлеуметтік көзқарастары
- •44. М.Вебердің легитимді билік және бюрократия туралы тұжырымы
- •45. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •46. Мемлекеттің негізгі белгілері мен қызметтері
- •47.Мемлекеттің басқару түрлері мен құрылымдық түрлері
- •48. Мемлекеттің негізгі белгілері:
- •49. М.Дюверже бойынша партиялар қалайша болып бөлінеді?
- •52. Ортағасырлардағы және Өркендеу дәуірдегі саяси шешімдер
- •54.Президенттік және парламенттік режимдер.
- •55.Партиялық жүйе және сайлау жүйелері
- •56. Президенттік республика белгілері
- •57. Парламенттік республика белгілері:
- •59. Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі:
- •62. Саяси ғылымның әдістері, міндеттері, құрылымы
- •63. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызы
- •64. Саясаттың түсінігі мен парадигмалары
- •65. Саясаттың құрылымы және субъектілері
- •66. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметтері
- •67. Саясаттың деңгейлері
- •68. Саяси билік түсінігі
- •69. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
- •70. Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері
- •71. Саяси биліктің легитимдігі және биліктің бөліну принциптері
- •72. Саяси элита ұғымы және оның қоғамдағы ролі.
- •73. Саяси элитаның қоғамдағы ролі.
- •74. Саяси жүйе түсінігі, мәні және теориясы
- •75. Саяси жүйенің түрлері, құрылымы, қызметтері
- •76. Саяси процесс түсінігі мен оның мәні.
- •77. Саяси режимнің мәні және түсінігі
- •78. Саяси трансформация және саяси модернизация
- •79. Саяси даму мен саяси өзгеріс
- •80. Саяси партияның мәні және қызметтері
- •81.Саяси партиялардың саяси жүйедегі ролі мен қызметтері
- •82. Сайлау және демократиялық режим
- •83. Сайлау жүйелері және оның түрлері
- •84. Саяси мәдениет
- •85. Саяси даму, саяси модернизация мен трансформация
- •86. Саяси модернизация теорияларының даму кезеңдері
- •87. Саяси мәдениет түсінігі және оның мәні
- •88. Саяси мәдениет пен саяси идеология түрлері
- •89. Саяси сана мен идеология және оның қоғамда атқаратын ролі.
- •90. С.Хантингтон - қоғамды демократиялаудың толқындары туралы
- •92. Саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәні
- •97. Саясаттың негізгі екі түрі
- •100. Саяси идеологиялардың түрлері
- •108. С.Хантингтон бойынша демократияға ауысудағы 3 кезең:
- •115. Саяси процеске қатысу түрлері
- •117. Тоталитарлы саяси режимнің сипаттамасы
- •120. Ұлттық мүдде деп
- •121. Хіх ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
- •122. Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
- •123. Халықаралық қатынастар және олардың теориялық негіздері
- •125. Халықаралық саясат деген
73. Саяси элитаның қоғамдағы ролі.
Элитаның заманауи тұжырымдамаларындағы басым бағыт институционалдық тәсіл болып табылады. Айқындаушы бағыты-елеулі салдарлары бар шешімдер қабылдау мүмкіндігі. Элитаның институционалдық түсінігінің бірінші артықшылығы оның эмпирикалық сәйкестендірудің ұсынықты базасын беретіндігінде. Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Осыған орай элита топтары: (басқарушы да, оппозицияда жүргендерді де), экономикалық және әскери болып бөлінеді. Ақпараттандырылған қоғамда масс-медиа мен ғылыми, академиялық элита айырықша орын алады. Элитаны институционалдық түсінудің екінші артықшылығы оның мәселеге қатысты таза бағалау тәсілінің назариялылық контра-пункті ретінде қызмет ететіндігі. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті: 1) республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді; 2) экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған.
Қазақстандағы саяси элитаның құрамын жаңадан толықтыру үрдісі бірнеше бағытпен өрбуде. Осы процестің негізгі тәсілдерінің бірі- Парламентке еркін сайлаулар өткізу, соның нәтижесінде әрқилы әлеуметтік топтардың саяси элитаға өз орнын иеленуіне үміттенуіне мүмкіндік береді. Алайда мынандай да мәселелер байқалып жүр:саяси құрамды жаңадан толықтыру, яғни, саясаттағы басты рөлдерді жауапкершілікке алатын қызметкерлерді даярлау мен іріктеу процесі, көбінесе, кәсіби қабілеттілік емес, қайта жеке байланыстар мен рулық-тектік, жекжаттық негізде жүзеге асады
74. Саяси жүйе түсінігі, мәні және теориясы
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия.
2) коммунистік жүйе.;
3) дәстүрлі саяси жүйе.
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе.
5) авторитарлы-консервативтік жүйе.
Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік
талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
