- •1. Антикалық кезеңдегі саяси ойлар. (Платон, Аристотель)
- •2. Авторитарлық саяси режим сипаттамасы
- •4. А. Де Токвиль саяси дамудың «алтын заңы» туралы.
- •6. Артикуляция деген – ол
- •8. Әл Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарасы
- •9. Әлемдік саясаттың түсінігі мен мәні.
- •17. Джон Локк пен ш-л. Монтескьенің - «Билікті бөлу идеясы».
- •18. Демократиялық саяси режим сипаттамасы
- •19. Демократиялық сайлаулар және оның принциптері.
- •20. Д. Истон бойынша саясат деген – ол
- •23. Демократия деген – ол
- •24. Демократияның түрлері
- •25. Демократияның ортақ белгілері:
- •26. Ежелгі Үндінің саяси-әлеуметтік ойы
- •27. Ж. Баласағұн саяси - әлеуметтік көзқарастары
- •28. Жаңа замандағы саяси көзқарастар
- •29. Жан Жак Руссоның – «халық суверинитеті идеясы».
- •30. Идеологияның түрлері:
- •31. Идеологияның қоғамдағы қызметтері:
- •32. Конфуцийдің патриархалды-патерналистік концепциясы
- •33. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, олардың ролі
- •34. Қоғам өміріндегі идеологияның маңызды рөлдері
- •35. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің даму кезеңдері
- •36. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері мен ерекшеліктері
- •37. Қазақстандық патриотизм және «Мәңгілік ел» идеясы
- •38. Қазіргі замандағы геосаясат және жаһандық мәселелер
- •39. Қазақстанның сыртқы саясатының басты принциптері
- •40. Қазақстанның «2050» Стратегиясының негізгі баптары
- •43. М.Х.Дулатидің саяси-әлеуметтік көзқарастары
- •44. М.Вебердің легитимді билік және бюрократия туралы тұжырымы
- •45. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •46. Мемлекеттің негізгі белгілері мен қызметтері
- •47.Мемлекеттің басқару түрлері мен құрылымдық түрлері
- •48. Мемлекеттің негізгі белгілері:
- •49. М.Дюверже бойынша партиялар қалайша болып бөлінеді?
- •52. Ортағасырлардағы және Өркендеу дәуірдегі саяси шешімдер
- •54.Президенттік және парламенттік режимдер.
- •55.Партиялық жүйе және сайлау жүйелері
- •56. Президенттік республика белгілері
- •57. Парламенттік республика белгілері:
- •59. Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі:
- •62. Саяси ғылымның әдістері, міндеттері, құрылымы
- •63. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызы
- •64. Саясаттың түсінігі мен парадигмалары
- •65. Саясаттың құрылымы және субъектілері
- •66. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметтері
- •67. Саясаттың деңгейлері
- •68. Саяси билік түсінігі
- •69. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
- •70. Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері
- •71. Саяси биліктің легитимдігі және биліктің бөліну принциптері
- •72. Саяси элита ұғымы және оның қоғамдағы ролі.
- •73. Саяси элитаның қоғамдағы ролі.
- •74. Саяси жүйе түсінігі, мәні және теориясы
- •75. Саяси жүйенің түрлері, құрылымы, қызметтері
- •76. Саяси процесс түсінігі мен оның мәні.
- •77. Саяси режимнің мәні және түсінігі
- •78. Саяси трансформация және саяси модернизация
- •79. Саяси даму мен саяси өзгеріс
- •80. Саяси партияның мәні және қызметтері
- •81.Саяси партиялардың саяси жүйедегі ролі мен қызметтері
- •82. Сайлау және демократиялық режим
- •83. Сайлау жүйелері және оның түрлері
- •84. Саяси мәдениет
- •85. Саяси даму, саяси модернизация мен трансформация
- •86. Саяси модернизация теорияларының даму кезеңдері
- •87. Саяси мәдениет түсінігі және оның мәні
- •88. Саяси мәдениет пен саяси идеология түрлері
- •89. Саяси сана мен идеология және оның қоғамда атқаратын ролі.
- •90. С.Хантингтон - қоғамды демократиялаудың толқындары туралы
- •92. Саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәні
- •97. Саясаттың негізгі екі түрі
- •100. Саяси идеологиялардың түрлері
- •108. С.Хантингтон бойынша демократияға ауысудағы 3 кезең:
- •115. Саяси процеске қатысу түрлері
- •117. Тоталитарлы саяси режимнің сипаттамасы
- •120. Ұлттық мүдде деп
- •121. Хіх ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
- •122. Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
- •123. Халықаралық қатынастар және олардың теориялық негіздері
- •125. Халықаралық саясат деген
2. Авторитарлық саяси режим сипаттамасы
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады.
3. Азаматтық қоғамның сипаттамасы. Азаматтық қоғам – онда болып жатқан үдерістер мен қатынастардың басты тұлғасы мен субъектісі адам деп танып, мойындайтын қоғам.Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен демократияны дамыту өзара тығыз байланысты. Азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның іргетасы ретінде қызмет етеді. Бұлар жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік, әділеттілік пен ынтымақтастық жағдайын орнықтыру мақсатында қажет. Азаматтық қоғамның өмір сүруі үшін басты базалық шарттардың бірі тәуелсіз БАҚ арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті азаматтар мен заңды тұлғалар бірлестіктері (партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, т.б.) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады. Азаматтық қоғамның міндеті – жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүддесін қорғау, билік қызметін қоғамдық бақылау, әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
4. А. Де Токвиль саяси дамудың «алтын заңы» туралы.
Токвиль Алексис (1805-1859) - "Америкадағы демократия туралы", "Ескі тәртіп пен революция" еңбектерінің авторы. Демократияны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты талдаған. Демократияның негізгі тендік принципі жаппай тендік өз-өзінен индивид автономдығын сақтайтын саяси құрылымға әкелмейді. Еркіндік және теңдік әртүрлі құбылыстар. Адамдар А.Токвиль бойынша, еркіндіктен гөрі теңдікті қалайды. Демократиялық құндылықтарға қолдау көрсету мен оны таратудағы саяси қатысудың рөлі. Бұл дәлел кезінде А. Токвильмен негізделген. А. Токвиль пікірінше, адамдардың саяси немесе саяси емес мақсаттардағы еркін біріккен қызметі демократиялық бағыттың пайда болуына және әлеуметтік сенім, өзара қарым-қатынас ережелерін, ортақ игілік тұжырымын қалыптастыруға және өзімшілдікті жоюға жағдай жасайды. Сонымен бірге, азаматтардың кеңінен еркін қатысуына сай қауымдастықтардың болуы, өз кезегінде мемлекеттік араласуды шектейтін және еркіндікті қорғайтын, азаматтық қоғамның негізі болып табылады. Мүдделік топтарға бірлесуде американдықтар алдына жан салмайды деуімізге болады. Американдықтар өз мүдделерін қорғап, оны жүзеге асыру мақсатында әртүрлі бірлестіктерге бірігуге дайын тұрады. Осы ерекшелікті кезінде танымал ойшыл А. Токвиль өзінің "Америкадағы демократия" еңбегінде американдықтардың ұлттық қасиеті ретінде тамаша көрсете алған. А. Токвиль "... Францияда әр жаңа бастаудың басында сіз өкімет өкілін көресіз, Англияда - ақсүйек өкілін, ал Құрама Штаттарда сіз қандай да бір комитетті көретініңізге сенімдімін" - деп дәл айқындаған. Ал демократиялық мемлекеттерде мүдделік топтарға бірлесу не үшін қажет? Демократиялық басқарудың өзі халықтың саяси өмірге қатысуын қамтамасыз етпей ме? деген сұрақтар туындайды. Тағы да еріксіз А. Токвильге жүгінуге тура келеді, себебі ол "демократиялық халықтарда өмір сүрудегі теңдікпен жойылған вельмождар орнын бірлестіктер алуы керек", - деп бірлестіктердің басқаруға қатысу маңыздылығын анықтаған. Сонымен бірге, демократиялық елдердегі бірлестіктерге бірігу қоғамдық өмірдің негізі, әрі оның үдемелі дамуы осы саладағы үдемелікке тәуелді екенін көрсеткен.
5. Аристотель бойынша: саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді
