- •1. Антикалық кезеңдегі саяси ойлар. (Платон, Аристотель)
- •2. Авторитарлық саяси режим сипаттамасы
- •4. А. Де Токвиль саяси дамудың «алтын заңы» туралы.
- •6. Артикуляция деген – ол
- •8. Әл Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарасы
- •9. Әлемдік саясаттың түсінігі мен мәні.
- •17. Джон Локк пен ш-л. Монтескьенің - «Билікті бөлу идеясы».
- •18. Демократиялық саяси режим сипаттамасы
- •19. Демократиялық сайлаулар және оның принциптері.
- •20. Д. Истон бойынша саясат деген – ол
- •23. Демократия деген – ол
- •24. Демократияның түрлері
- •25. Демократияның ортақ белгілері:
- •26. Ежелгі Үндінің саяси-әлеуметтік ойы
- •27. Ж. Баласағұн саяси - әлеуметтік көзқарастары
- •28. Жаңа замандағы саяси көзқарастар
- •29. Жан Жак Руссоның – «халық суверинитеті идеясы».
- •30. Идеологияның түрлері:
- •31. Идеологияның қоғамдағы қызметтері:
- •32. Конфуцийдің патриархалды-патерналистік концепциясы
- •33. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, олардың ролі
- •34. Қоғам өміріндегі идеологияның маңызды рөлдері
- •35. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің даму кезеңдері
- •36. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері мен ерекшеліктері
- •37. Қазақстандық патриотизм және «Мәңгілік ел» идеясы
- •38. Қазіргі замандағы геосаясат және жаһандық мәселелер
- •39. Қазақстанның сыртқы саясатының басты принциптері
- •40. Қазақстанның «2050» Стратегиясының негізгі баптары
- •43. М.Х.Дулатидің саяси-әлеуметтік көзқарастары
- •44. М.Вебердің легитимді билік және бюрократия туралы тұжырымы
- •45. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •46. Мемлекеттің негізгі белгілері мен қызметтері
- •47.Мемлекеттің басқару түрлері мен құрылымдық түрлері
- •48. Мемлекеттің негізгі белгілері:
- •49. М.Дюверже бойынша партиялар қалайша болып бөлінеді?
- •52. Ортағасырлардағы және Өркендеу дәуірдегі саяси шешімдер
- •54.Президенттік және парламенттік режимдер.
- •55.Партиялық жүйе және сайлау жүйелері
- •56. Президенттік республика белгілері
- •57. Парламенттік республика белгілері:
- •59. Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі:
- •62. Саяси ғылымның әдістері, міндеттері, құрылымы
- •63. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызы
- •64. Саясаттың түсінігі мен парадигмалары
- •65. Саясаттың құрылымы және субъектілері
- •66. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметтері
- •67. Саясаттың деңгейлері
- •68. Саяси билік түсінігі
- •69. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
- •70. Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері
- •71. Саяси биліктің легитимдігі және биліктің бөліну принциптері
- •72. Саяси элита ұғымы және оның қоғамдағы ролі.
- •73. Саяси элитаның қоғамдағы ролі.
- •74. Саяси жүйе түсінігі, мәні және теориясы
- •75. Саяси жүйенің түрлері, құрылымы, қызметтері
- •76. Саяси процесс түсінігі мен оның мәні.
- •77. Саяси режимнің мәні және түсінігі
- •78. Саяси трансформация және саяси модернизация
- •79. Саяси даму мен саяси өзгеріс
- •80. Саяси партияның мәні және қызметтері
- •81.Саяси партиялардың саяси жүйедегі ролі мен қызметтері
- •82. Сайлау және демократиялық режим
- •83. Сайлау жүйелері және оның түрлері
- •84. Саяси мәдениет
- •85. Саяси даму, саяси модернизация мен трансформация
- •86. Саяси модернизация теорияларының даму кезеңдері
- •87. Саяси мәдениет түсінігі және оның мәні
- •88. Саяси мәдениет пен саяси идеология түрлері
- •89. Саяси сана мен идеология және оның қоғамда атқаратын ролі.
- •90. С.Хантингтон - қоғамды демократиялаудың толқындары туралы
- •92. Саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәні
- •97. Саясаттың негізгі екі түрі
- •100. Саяси идеологиялардың түрлері
- •108. С.Хантингтон бойынша демократияға ауысудағы 3 кезең:
- •115. Саяси процеске қатысу түрлері
- •117. Тоталитарлы саяси режимнің сипаттамасы
- •120. Ұлттық мүдде деп
- •121. Хіх ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
- •122. Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
- •123. Халықаралық қатынастар және олардың теориялық негіздері
- •125. Халықаралық саясат деген
66. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметтері
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат.
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады.
1.Танымдық қызмет – саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
2.Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, иниституттарға, іс — әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
3.Реттеушілік, басқару қызметі – адамдардың саяси өмірінде өзін — өзі ұстауына, іс — әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағұлұматтар береді.
4.Болжау қызметі – ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты сонда.
4.Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып – білудің маңызы.
67. Саясаттың деңгейлері
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.
68. Саяси билік түсінігі
Саясаттануда саяси билік теориясы орын алады. Саяси институттар мен барлық саяси ұғымы әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың кқрнекті ой-шылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшынның ең, ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассея (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі үғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902— 1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
69. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялык, адамдык. жайттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді камтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады. Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, қан, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама акпараттар жатады. Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бұл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
