- •1. Антикалық кезеңдегі саяси ойлар. (Платон, Аристотель)
- •2. Авторитарлық саяси режим сипаттамасы
- •4. А. Де Токвиль саяси дамудың «алтын заңы» туралы.
- •6. Артикуляция деген – ол
- •8. Әл Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарасы
- •9. Әлемдік саясаттың түсінігі мен мәні.
- •17. Джон Локк пен ш-л. Монтескьенің - «Билікті бөлу идеясы».
- •18. Демократиялық саяси режим сипаттамасы
- •19. Демократиялық сайлаулар және оның принциптері.
- •20. Д. Истон бойынша саясат деген – ол
- •23. Демократия деген – ол
- •24. Демократияның түрлері
- •25. Демократияның ортақ белгілері:
- •26. Ежелгі Үндінің саяси-әлеуметтік ойы
- •27. Ж. Баласағұн саяси - әлеуметтік көзқарастары
- •28. Жаңа замандағы саяси көзқарастар
- •29. Жан Жак Руссоның – «халық суверинитеті идеясы».
- •30. Идеологияның түрлері:
- •31. Идеологияның қоғамдағы қызметтері:
- •32. Конфуцийдің патриархалды-патерналистік концепциясы
- •33. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, олардың ролі
- •34. Қоғам өміріндегі идеологияның маңызды рөлдері
- •35. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің даму кезеңдері
- •36. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері мен ерекшеліктері
- •37. Қазақстандық патриотизм және «Мәңгілік ел» идеясы
- •38. Қазіргі замандағы геосаясат және жаһандық мәселелер
- •39. Қазақстанның сыртқы саясатының басты принциптері
- •40. Қазақстанның «2050» Стратегиясының негізгі баптары
- •43. М.Х.Дулатидің саяси-әлеуметтік көзқарастары
- •44. М.Вебердің легитимді билік және бюрократия туралы тұжырымы
- •45. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •46. Мемлекеттің негізгі белгілері мен қызметтері
- •47.Мемлекеттің басқару түрлері мен құрылымдық түрлері
- •48. Мемлекеттің негізгі белгілері:
- •49. М.Дюверже бойынша партиялар қалайша болып бөлінеді?
- •52. Ортағасырлардағы және Өркендеу дәуірдегі саяси шешімдер
- •54.Президенттік және парламенттік режимдер.
- •55.Партиялық жүйе және сайлау жүйелері
- •56. Президенттік республика белгілері
- •57. Парламенттік республика белгілері:
- •59. Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі:
- •62. Саяси ғылымның әдістері, міндеттері, құрылымы
- •63. Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызы
- •64. Саясаттың түсінігі мен парадигмалары
- •65. Саясаттың құрылымы және субъектілері
- •66. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметтері
- •67. Саясаттың деңгейлері
- •68. Саяси билік түсінігі
- •69. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
- •70. Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері
- •71. Саяси биліктің легитимдігі және биліктің бөліну принциптері
- •72. Саяси элита ұғымы және оның қоғамдағы ролі.
- •73. Саяси элитаның қоғамдағы ролі.
- •74. Саяси жүйе түсінігі, мәні және теориясы
- •75. Саяси жүйенің түрлері, құрылымы, қызметтері
- •76. Саяси процесс түсінігі мен оның мәні.
- •77. Саяси режимнің мәні және түсінігі
- •78. Саяси трансформация және саяси модернизация
- •79. Саяси даму мен саяси өзгеріс
- •80. Саяси партияның мәні және қызметтері
- •81.Саяси партиялардың саяси жүйедегі ролі мен қызметтері
- •82. Сайлау және демократиялық режим
- •83. Сайлау жүйелері және оның түрлері
- •84. Саяси мәдениет
- •85. Саяси даму, саяси модернизация мен трансформация
- •86. Саяси модернизация теорияларының даму кезеңдері
- •87. Саяси мәдениет түсінігі және оның мәні
- •88. Саяси мәдениет пен саяси идеология түрлері
- •89. Саяси сана мен идеология және оның қоғамда атқаратын ролі.
- •90. С.Хантингтон - қоғамды демократиялаудың толқындары туралы
- •92. Саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәні
- •97. Саясаттың негізгі екі түрі
- •100. Саяси идеологиялардың түрлері
- •108. С.Хантингтон бойынша демократияға ауысудағы 3 кезең:
- •115. Саяси процеске қатысу түрлері
- •117. Тоталитарлы саяси режимнің сипаттамасы
- •120. Ұлттық мүдде деп
- •121. Хіх ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
- •122. Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар
- •123. Халықаралық қатынастар және олардың теориялық негіздері
- •125. Халықаралық саясат деген
48. Мемлекеттің негізгі белгілері:
1)мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
2) мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
3)мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
4)мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
5)мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
49. М.Дюверже бойынша партиялар қалайша болып бөлінеді?
Саяси партияларды классификациялау көп жағдайда ұйымдық құрылымға негізделеді. Осы қасиеттері бойынша М.Дюверже кадрлық және бұқаралық партияларды бөліп қарастырған. Олардың арасындағы айырмашылық әлеуметтік және саяси инфрақұрылыммен айқындалады. Жалпы мәнісінде, шектелген дауыс беру құқығы жалпымен алмастырылады. Кадрлық партиялардың әрекеттері мүшеліктің және жарна еңгізудің тұрақты құрылымының болмауынан көрініс табады. Ең негізгі болып сайлау кампаниясын ұйымдастыру мен өткізу болып табылады. Мақсаттары – танымал және беделді адамдарды тарта отырып, сайлауда жеңіске жету. АҚШ-тың республикалық, демократиялық, Еуропа елдерінің көптеген консерваторлық партиялары кадрлық болып есептелінеді. Бұқаралық партия керісінше, қиын ішкі структураға ие: партиялық ұйымдардың кең түрі, бекітілген мүшелік. Ал жалпы бұқараны жұмылдыру үшін белгілі бір идеологияға сүйенеді. Мысалы, Еуропаның социалистік бағыттағы партиялары бұқаралық болып саналады. Дюверже ХХ ғасырда пайда болған бұқаралық партиялардың екі түрін ерекшеледі: коммунистік және фашистік. Бұл партиялардың ерекшеліктері: қатаң орталықтану, ішкі тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізетін иерархиялық жүйе және тоталитарлық доктриналарға негізделу.
50. Мемлекеттің егемендігі деген -мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты өз еркімен жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі
51. Мемлекеттік билік деген тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады
ООО
52. Ортағасырлардағы және Өркендеу дәуірдегі саяси шешімдер
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді. Христиандық Батыстағы саяси ілім дамытқан өкілдердің бірі: Фома Аквинский (Аквинат., 1225-1274). Еңбектері: «Теологияның жиынтығы», «Жаратқан құдайдың абыройы үшін». Оның ойынша адамдар алғашқы кезден-ақ бірігуге және мемлекетте өмір сүруге ұмтылған, өйткені олар жеке дара өз қажеттіліктерін өтей алмайды. Мемлекеттің мақсаты – «жалпы игіліктер», саналы өмір мен тұрмыс үшін қажетті жағдай жасау. Мемлекеттік биліктің үш элементін анықтайды. Олар: 1. Биліктің мәні. 2. Биліктің пайда болу формалары. 3. Билікті пайдалануы. Заңдардың үш түрін атап көрсетеді: Мәңгі заңдар, табиғи заңдар және позитивті заңдар.
ӨӨӨ
53. Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
ППП
