Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodich_ukazania_kursovoy_po_TBK_2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.38 Mб
Скачать

6 Курстық жұмысты белгілеу

6.1 курстық жұмысқа белгілер қойылады, ол белгілер барлық сызбалар, схемалар, диаграммалар, жұмыстың графикалық бөлігінде негізгі жазбалармен көрсетіледі.

6.2 курстық жұмыста бұйымдар негізгі конструкторлық құжаттарды белгілеудің келесі құрылымы қолданылады:

Мысалы: ОҚМУ 5В012000-КЖ 001 КФ

Белгілер әріптерінің бірінші тобы: ОҚМУ-құрастырушы ұйымның атауы.

Екінші топ: 5В012000- мамандықты білдіреді

Екі әріптен тұратын үшінші топ КЖ-курстық жұмыс

Үш саннан тұратын төртінші топ 001-тапсырма варианты (001)

Екі әріптен тұратын бесінші топ КФ-күндізгі оқу формасы

диограммаларға белгі қойылады.

ХХХХ ХХ.ХХ - ХХ ХХХ ХХ

  1. О рындаушының

жұмыс орны

2.Мамандық шифрі

3.Курстық жоба (жұмыс)

4. Жұмыс тапсырмасының реттік нөмері

  1. Оқу формасы

7 Курстық жұмысты қорғау

7.1 Курстық жұмыс (жоба) пәнді, студенттің аты-жөнін, тобын, жетекшінің аты-жөнін, жұмысты қорғайтын күнді көрсете отырып кафедраның арнайы журналында тіркеледі (Қосымша Е).

7.2 Курстық жұмысты қорғау студенттің білімін тексеру мен критерий арқылы олардын өзіндік жұмысқа деген деңгейі бағаланады. Курстық жұмысты қорғау жұмысты орындаудағы ерекше тексеру түрінің бірі. Қорғау студентті ұсынған шешімдерінің дәйекті жанжақты болуға және орындаған жұмыстарын терең түсінуге уйрету керек.

7.3 Кафедра меңгерушісі қорғауға дейін бір ай бұрын жұмысты қорғауға кафедра үкімімен екі, үш адамнан тұратын комиссия мүшесін тағайындайды.

7.4 Курстық жұмысты қорғау бұқаралық турде студенттердің, жетекшінің және кафедра меңгерушісінің үкімімен сайланған комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Комиссия мүшелерінің бірі ретінде ОӘБ-ның бір өкілі тағайындалады. Ол курстық жұмысты қорғау процедурасын қадағалап және курстық жұмыстың қорғау мәліметін толтырады. Курстық жұмыстың қорғау мәліметі жасалынған форма бойынша офис-регистраторларға тапсырылады (Қосымша Ж).

7.5 Курстық жұмысты қорғау уақытының ұзақтығы баяндамасы мен сұраққа жауап берумен қосқанда 8-10 минутты алады. Барлығы 20 минуттан аспауы керек. Беірлен минут аралығында студентке тақырыбын айтуға, жұмыстың бөлімдері бойынша негізгі мазмұнын айтуға, өзіндік элементтерді атап көрсетуге, қорытынды шығаруға, яғни жалпы өз жұмысының мазмұнын айтып жеткізуі тиіс;

- қорғауға студент сынақ кітапшасымен келу керек;

- комиссия мүшелерінің жұмыс тақырыбы көлемінде қойылатын сұраққа студент қысқа, әрі нұсқа жауап беру керек;

- студентке сынау ескертпелеріне жауап беруге мүмкінішілік беріледі;

- ведомость және сынақ кітапшасын комиссия толтырады; комиссияның жұмыс нәтижесі бойынша оның орынбасары студенттің дайындығы туралы сипаттама, курстық жұмыстың келешекте қолдану туралы, ұсынысы туралы және ескертпелерді көрсетуі туралы есеп беруді жазады;

- студенттің қорғау графигі бойынша келмеген жағдайда немесе қанағаттанарлықсыз қорғау тек деканның рұқсатымен ғана қайта қорғауға жіберіледі;

- курстық жұмысты орындамаған студент емтиханға жіберілмейді.

7.6 Курстық жұмыс қорғау дифференциалды бағамен бағаланады. Оқытудың модульді-рейтинг жүйесіне сәйкес курстық жұмысты орындауға, (қорғау) максимум 40 балл қойылады.

Курстық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша хаттама (Қосымша Г) жасалады және студентке баға сол күні қойылады.

7.7 Оқу жоспарымен көзделген курстық жұмыс емтихан сессиясы алдында қорғалады және осы пән бойынша емтихан тапсыруға рұқсат болып табылады. Емтихан тапсыруға міндетті рұқсат беретін жағдай оның қанағаттанарлық бағасына қорғауы. Қанағаттанарлық бағаларына жататындар А, А-, В+, Б. Бағалар пән бойынша емтиханға кіруге рұқсат беретін рейтингті есептеуде ескерілуі керек.

Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау формасы ретінде тек курстық А жұмыс ғана көзделген болса, онда курстық жұмысты қорғау бағасы пән бойынша қорытынды баға болып табылады.

7.8 Орнатылған мерзім ішінде курстық жұмысты ұсынбаған немесе оны себепсіз қорғамаған студент, академиялық қарызы бар болып саналады.

7.9 Курстық жұмысты қорғау аяқталғаннан кейін топтың барлық студенттерімен жетекші жұмысты талдау жөнінде, жұмысты корғау кезінде анықталған қателіктер мен жетіспеушіліктер жөнінде корытынды әңгіме өткізеді.

7.10 Теориялық және практикалық ғылыми қызықты курстық жұмыс, конкурсқа ұсынылуы қажет.

7.11 Курстық жұмыс орындау нәтижелері кафедра мәжілісінде талқыланады. Орындалған жұмыстар оларды қорғағаннан кейін кафедраның тіркеу журналына беріледі және орнатылған кафедралық номенклатура ісіне сәйкес кафедра меңгерушісінің бақылауымен сақталуы тиіс.

7.12 Осы мерзім аяқталғаннан кейін барлық жұмысты жою актісі бойынша жойылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]