- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің курстық жұмыс орындауға арналған
- •5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің курстық жұмыс орындауға арналған
- •Мазмұны
- •1 Курстық жұмысты орындаудың жалпы ережесі
- •2 Курстық жұмыстың тақырыптары
- •3 Курстық жұмысқа жетекшілік ету және ұйымдастыру
- •4 Курстық жұмыстың құрылымы
- •5 Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Нормативті құжаттарда бекітілген шартты белгілер мен қысқартулар болуы тиіс. Анықтамаларда көрсетілген қысқартулар мен белгілеулер курстық жұмысты дұрыс түсіну үшін ретімен көрсетіледі.
- •1. Бұйымның шығу тарихы
- •2 Бұйымның көркемдік шешімін табу
- •2.1 Киімге қойылатын талаптар (кесте-1)
- •2.2 Мода ағымына сипаттама
- •2.3 Модельді әзірлеуге қолданылатын материалды таңдау
- •3 Конструкциялық бөлім
- •6 Курстық жұмысты белгілеу
- •7 Курстық жұмысты қорғау
- •8 Өзгертулер енгізу тәртібі
- •9 Келісу, сақтау және тарату
- •«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
- •Түсіндірме жазбасы
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •«Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
- •Курстық жұмыс
- •Негізгі жазбадағы графалар
- •5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне
4 Курстық жұмыстың құрылымы
4.1 Курстық жұмыстың құрылымы түсіндірме жазбасы мен графикалық бөлімнен тұрады. Қосымшаға студент макет, сурет, көрнекілік, дайын бұйым т.б. еңбек нысандарының үлгісін ұсына алады. Ұсынылған еңбек нысандары немесе бұйымының технологиялық өңдеу талаптары эстетикалық және көркемдік жағынан сапалы орындалуы тиіс, сонымен бірге онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты мәселелер ескеріледі.
4.2 Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы келесі құрылымдық элементтерден құрылады:
- титул парағы;
- тапсырма;
- аннотация;
- мазмұны;
- нормативті сілтемелер;
- анықтама;
- белгілеулер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (қажет болған жағдайда тақырыптың мазмұнына сай иллюстративті материалдар, графикалық сызбалар, суреттер, кестелер, технологиялық және нұсқау карталар, схемалар).
Түсіндірме жазбасы А4 формат парағында рәсімделеді. Курстық жұмыстың жазба бөлімдерден, әдістемелік аспекті мен оларға жүргізілген эксперименттің талдауы тезистік формада, жұмыстың шығармашылық ой-пікірлері қарастырылады. Қажет болған жағдайда түсіндірме жазба тақырыптың мазмұнын ашатын иллюстративті материалдар, графикалық сызбалар, кестелер, технологиялық және нұсқау карталар, схемалармен толықтырылады.
Жұмыстың графикалық бөлімі пәннің мазмұнына байланысты болады және олар мыналардан құрылуы мүмкін: урсызбалар, схемалар, кестелер, диаграммалар. Графикалық бөлімнің көлемін кафедра айқындайды.
4.3 Титул парағы
4.3.1 Титул парағы А4 форматында орындалады. Тармақтарды толтыру А және Б Қосымшаларына сәйкес толтырылады (А және Б Қосымшаларды қараңыз).
4.3.2 Титул парағы мен атауларда сөзді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Атаулардың соңында нүкте қойылмайды.
4.4 Тапсырма
4.4.1 Курстық жұмыс тақырыптары студенттерге оқу үдерісінің кестесіне сәйкес сабақ басталған уақыттан бастап бірінші аптадан кешіктірілмей беріледі.
4.4.2 Тапсырмада курстық жұмысты орындау үшін кафедрада айқындалған негізгі бастапқы мәліметтер жазылады.
Тапсырмада мыналар көрсетіледі: жұмыс жасалатын пән; студенттің аты-жөні, оның тобы; жұмыстың тақырыбы; құрастыру кезеңдері және оларды орындау мерзімдері; жұмысты қорғауға ұсыну мерзімі; жетекшісінің аты-жөні, оның лауазымы, қолы және тапсырманың берілген күні.
Қажетті жұмыстың нақты атауы мен бастапқы мәліметтер. Бастапқы мәлімет ретінде нормативті құжаттар (мысалы, стандарт, оқу бағдарламасы), анықтамалық мәліметтер пәннің оқытылу ерекшелігіне байланысты алынады.
4.4.3 Жұмыста студент ұсынған графикалық бөлім болса, онда осы бөлімді орындаудың тапсырмасы басшылыққа алынады. Сызбалардың саны мен сипаты көрсетіледі.
4.4.4 Тапсырма бөлімдерді орындауда еңбектің көлемі, студенттің дайындық деңгейі, жұмысты орындауға бөлінетін уақыт көлемі есепке алынады.
4.4.5 Тапсырмалар жеке бланктерде Қосымша В сәйкес рәсімделеді (В Қосымшасын қараңыз).
Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні жазылады және студенттің қолы қойылады.
4.5 Аннотация
Аннотацияда қысқаша түрде курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер келтіріледі. Аннотация курстық жұмыстың мазмұндалған көлемінен, кестелер санынан, суреттер мен қосымшалар туралы мәліметтерден тұрады.
4.6 Мазмұны
Мазмұнында кіріспе, бөлімдердің реттік нөмірлері мен олардың атаулары, қосымшалардың белгілері мен атаулары көрсетіледі.
Мысалы:
-
Кіріспе..............................................................................................................
3
І
Негізгі бөлім
1.1
Мұғалімдер костюмінің даму тарихына қысқаша шолу.................
5
1.2
Халықтың қолданбалы өнеріндегі костюмнің рөлі..........................
6
1.3
Қазіргі замануи мұғалім имиджін қалыптастыру ережелері...........
10
1.4
Ұсынылатын үлгі ерекшеліктеріне сипаттама..................................
14
2
Конструкторукциялық бөлім
2.1
Конструкторлық сызбаның басты негізгі құрылысын таңдау........
17
2.1.1
Киімді конструкциялау әдісін таңдау және негіздеу............ ..........
18
2.1.2
Конструкциялық сызбаны тұрғызу жолдары...................................
19
2.2
Бұйым сызбасын сызуға қажетті қосымшалар................................
21
2.3
Мұғалімдерге арналған іскерлік костюмнің сызбасын құрастыру..
22
2.4
Іскерлік костюм сызбасы негізінде модельдеу.................................
25
2.5
Лекалдардың түрлері. Негізгі және қосымша лекалдар.................
26
Қорытынды ………………………………………………………………...
28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................………………….
29
Қосымша………………………………………………………………...…..
30
4.7 Кіріспе
4.7.1 Кіріспеде тақырыптың мәні дәлелденеді, замануи талаптарға негізделген курстық жұмыстың өзектілігі, жұмыстың басты (негізгі) мақсаты мен міндеттері анықталады, киім тарихы мен костюм көркемдік шешімі және киімді контрукциялау мен модельдеу жолдарына шолу жасалады, өз болжамын келтіреді, зерттеу объектісі мен пәні белгіленді.
Мысалы:
4.7.2 Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспе нөмірленбейді және жеке парақта орналастырылады.
4.8 Негізгі бөлім
Негізгі бөлім, заңды түрде 2-3 бөлімнен (тараудан) және тармақшалардан тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде жұмыстың маңызы, мазмұны, әдістемелік ерекшеліктері мен зерттеу барысындағы алынған нәтижелердің мәліметтері келтіріледі.
Негізгі бөлім төмендегілерден тұрады:
- зерттеу бағытын негіздеуге ала отырып, оның салыстырмалы бағасын және мәселелерді шешу әдістемесін, таңдап алынған жалпы зерттеу әдістемесінің жазбасын, зерттеу бағытын таңдау;
- зерттеудің эксперименттік және (немесе) теориялық үдерісі, теориялық зерттеудің мазмұны және сипатын анықтау, заңдылықтар, нормативті құжаттарды оқып-үйрену, оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, яғни мерзімді басылымдар материалдарының мәнін баяндау, оның мағынасы және рөлі; зерттеу әдістері мен эксперименттік жұмысты жүргізудің қажеттілігін дәлелдеу; әдістемелік жүйе құру; зерттелген нысанның жұмыс істеу қағидасы, оның сипаты; орындалған жұмыстардың материалдарында мекеме және кәсіпорынның қысқаша сипаты, өз позициясын баяндау және негіздеу;
- зерттеу нәтижелерін бағалау және талдап қорыту, оқып үйренген мәселені талдау, даму тенденциялары, кемшіліктердің пайда болу себептері және оның алдын алу, оларды жою жолдарының мүмкіндігі; жұмыстың келесі бағыттарына ұсыныс, алынған нәтижелерді бағалау және оны шетел және отандық жұмыстар нәтижелерін ұқсас жұмыстармен салыстыру; зерттеу нысанын жетілдіру немесе тәжірибе жүзінде қолдану бойынша нақтылы ұсыныстар беру енеді.
4.9 Қорытынды (тұжырым)
Қорытындыда студент тақырыптың орындалу дәрежесін, нәтижесін, мақсаты мен міндеттерінің орындалуын қорытындылайды, жұмыс нәтижесінде туындаған ұсыныстары мен шешімдерін ұсынады.
4.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне түсіндірме жазбасы бойынша студент өзінің тақырыбы төңірегіндегі және т.б. әдістемелік, педагогикалық әдебиеттердің журналдардың, монографиялардың тізімін алфавиттік жүйемен көрсетеді. Мұнда қазіргі стандарт талабы ескеріледі.
4.11 Қосымшалар
4.11.1 Жұмысты дайындау барысында пайдаланылған үлкен форматтағы графикалық материалдар, анкеталар, сабақ хаттамалары, дидактикалық материалдар, сызбалар, технологиялық және нұсқау карталары, ЭЕМ-де жүзеге асатын материалдар, күнделікті сабақ жоспарының үлгісі және басқада нақты материалдар көрсетіледі.
4.11.2 Қосымша міндеті және анықтамалық бола алады. Міндетті қосымшаларда орындауға міндетті болып табылатын талаптар жазылады. Анықтамалық қосымшаларда орындауға міндетті болып табылмайтын, ақпараттық немесе анықтамалық сипаттарға ие материалдар жазылады.
4.11.3 Қосымшалар мәтінде жасалған сілтемелер тәртібі бойынша орналасуы тиіс.
4.11.4 Қосымшалар түсіндіру жазбаларының жалғасы ретінде оның келесі парақтарында қолданылымдағы стандарттармен орнатылған тәртіпте және нысанында рәсімделеді.
4.11.5 Қосымшалар тәртіп бойынша А4 форматты парақтарында жазылады, МЕСТ 2.301 А3 форматы бойынша парақтарда рәсімдеуге болады.
4.11.6 Қосымша құжаттың қалған бөліктері беттеріндегі нөмірлерге сай нөмірленеді.
4.12 Курстық жұмыс оқу пәнінің принципті сұрақтарын қамтуы тиіс. Бұл элемент курстық жұмыстың негізгі (кәсіби) мазмұнын анықтайды. Дайындау бағытына (мамандығы) байланысты ол түрлі сипаттарға ие болады.
4.13 Мәтін нақты, түрлі тақылауларды болдырмайтын, түсінікті болуы шарт.
4.14 Курстық жұмыс мазмұнында студенттің оқып жатқан пәні бойынша алған білімін нақты таңдап алынған тақырыпқа сай қолданылады.
Студент сабақтың тақырыптары негізінде ғана бағдарлама мазмұнын орындай алады.
Курстық жұмыстың объектісі ретінде кез-келген бұйым, құрал, сызба жұмыстары т.б. бола алады.
4.15 Графикалық құжаттар
4.15.1 Курстық жұмыстың графикалық бөлімі сызба қағазынан А4 форматында орындалады. Формат студенттің шығармашылық ой-пікіріне сәйкес орындалатын жұмыстың мазмұнына қарай таңдап алынады. Сызбалардың шрифттары, шартты белгілері форматта міндетті түрде стандарт талабына сәйкес түсуі керек. Сызбалар ереже бойынша қарандашпен немесе туш сиясымен орындалады.
Графикалық жұмыстың басқа түрлері – эскиздер, суреттер, плакаттар, кестелер, сызбалар т.б. түссіз (ақ пен қара) немесе түрлі-түсті бейнелерде біріккен стилдегі көркем-эстетикалық талаптарды сақтай отырып дайындалады. ЭЕМ қолдана отырып қажетті кестелерді, диаграммаларды көрсетуге болады. Курстық жұмыстардағы графикалық құжаттар парақтарының мазмұны курстық жұмыстың тапсырмаларынмен анықталады.
