- •1. XVIII-XX ғғ. Қазақстандағы мектептердің жағдайы.
- •2.Бақылау түрлері.Оқушының білім, білік дағдыларын тексеру əдістері
- •3.Білім беру-дидактикалық категория,оның мəні мен атқ.Қызметі
- •4. Ежелгі және орта ғасырларда Еуропа елдеріндегі тәрбие,мектеп,пед-қ ой
- •5. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс елдеріндегі мектептік білімнің дамуы
- •6. Жеке тұлға туралы ұғым. Адам, индивид, даралық, жеке тұлға категорияларының өзара байланысы,
- •7. Жеке тұлғаның дамуындағы оқытудың ролі
- •8. Ушинскийдің педагогикалық білім беру жүйесі.
- •9.Мектеп пен педагогиканың дамуына ы.Алтысариннің қосқан үлесі.
- •10.Оқушылардың ұжымдық іс әрекетін педагогикалық басқару
- •14. Педагогикалық процестің қозғаушы механизмі ретіндегі құралдар, формалар, әдістер.
- •15. Педагогикалық процестің мәні. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары.
- •17. Алғашқы оқу орындарының пайда болуына ықпал еткен жағдайлар.
- •21.Тәрбиенің мәні,оның ерекшеліктері.
- •23. Хх ғасырдағы Қазақстан мектебі мен педагогикасының дамуы. Кеңестік мектеп жүйесінің жетістіктері мен проблемалары.
- •24.Ш.Уәлиханов, а.Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары.
- •25.Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Эстетикалық тәрбие. Дене тәрбиесі.
14. Педагогикалық процестің қозғаушы механизмі ретіндегі құралдар, формалар, әдістер.
Педагогикалық процесс – тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық құрылым: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – түрлер.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі.
Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері.
Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасйтын материалдық тәсілдер.
Әдістемелік құрылым: ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды.
талдау; экскурсияның әдістемелік. құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Психологиялық құрылымы: танымдық процестер, оқуға қызығушылық, ерік-жігер қасиеттері.
Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетімен шектелмейді, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар:
1. Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыбының мақсат-міндетері айқын қарастырылуы көзделеді.
2.Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.
Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.
Оқыту нәтижесін талдау және бағалау.
Осыған сәйкес оқыту,оқушылардың білімдер жүйесін меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу.
Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.
Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып , ғылыми ұғымдар ментұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
Білімді практикада қолдануға тырысу.
Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.
15. Педагогикалық процестің мәні. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары.
Педагогикалық процесс белгілі бір заңдылықтар мен принциптер негізінде сипатталады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс
құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып
тұратын, тұрақты, мəнді байланыстар.
Заңдылықтар: ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді.
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары:
1. Тəрбие мен əлеуметтік жүйе байланысы.
2. Оқыту мен тəрбие байланысы.
3. Тəрбие мен іс-əрекет байланысы.
4. Тəрбие мен тұлға белсенділігі байланысы.
Педагогикалық процестің заңдылықтары. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңцар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту — тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді. Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінін ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның ргосезкиз — қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс»деген ұғымның мағынасы «ұстаздар — окушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын зандылықгарымен байланысты.
16. Педагогиканың объекті, пәні, міндеттері мен негізгі категориялары. Басқа ғылымдар мен байланысы. Педагогика түптеп келгенде, мәңгілік проблемалармен айналысатын қарамастан, оның пәні нақты әрі айқын: бұл- оқу-тәрбие ұйымдары жүзеге асыратын тәрбиелеу қызметі. Педагогиканың даму негіздері-адамдардың салты, дәстүр-дағдысы, әдеп-ғұрпы, халықтық педагогикада берік орныққан тәрбие беру тәжірибесінің сан ғасырлық , философиялық,қоғамтану, педагогикалық және психилогиялық еңбектері,тәрбиелеудің әлемдік, жеке отнадық ағымдағы тәжірибесі.
Педагогика -кең ауқымды, сан салалы ғылым. Оның зерттейтін пәнінің күрделігі жеке,тіпті аса жан-жақты ғылымның өзі оның мәнін, барлық байланыстары мен құралдарын қамти алмас еді. Ұзақ даму жолынан өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды.
Педагогиканың пәні саналы түрде және мақсатты ұйымдастырылатын педагогикалық процесс болып табылады. Педагогика ғылымы педагогикалық процесс мәнінің заңдылықтарын, ұстанымдарының, тенденцияларының жеке перспективаларының дамуын зерттейді, оның ұйымдастыруының теориясы мен технологиясын жасап шығарады, мазмұнын жетілдіреді және жаңа ұйымдастыру формаларын құрады, әдістері мен тәрбиелеушілердің және педагогикалық іс-әрекеттерінің қабылдауларын құрайды.
Педагогиканың объектісі мен пәнін осылай түсінідіре келе, мынандай қорытынды жасауға болады, педагогика-бұл балалар мен ересектерді, яғни жалпы адамдарды тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым.
Басқа ғылымдар мен байланысы.
Жека айтралықтай дамыған ғылым бола тұрып,зерттеу аумағының нақтылығына қарамастан, педагогика басқа ғылымдардан тыс тіршілік ете алмайды. Тәрбие ісінің объектісі дамушы адам болғандықтан, педагогика ең алдымен адамды зерттейтін ғылымдармен, тығыз байланысты.
Адамнның қоғамдық мүшесі ретінде, биологиялық эволюцияның өнімі ретінде қоғамдық ғылымдар зерттейді, юиологиялық ғылымдар, ал ойлаушы, ішкі психикалық әлемі бар тіршілік ретінде- психологиялық ғылымдар зерттейді.
Қоғамдық ғылымдардан педагогика философиямен тығыз байланысты. Философиялық ілім педагогиканың әдістемелік негізі болып табылады, тәрбие мен оқытудың мақсаттарын маңыздандыруға септігін тигізеді. Философиялық көзқарастар жүйесіне материалистік, экзистенциалды, прагматикалық, неопозитивистік, т.б педагогикалық ізденіс бағыты, оқыту процесінің мазмұны, мақсаты және технологиялық сипаттары тәуелді.
Педагогика экономикамен тығыз байланысты, негізінен білім беру экономикасы аумағымен деп айтуға болады. Жалпы білімнің жоғарғы деңгейі еңбек өнімділігінің жоғарылауының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Білім беру экономикасынынң келесі маңызды педагогикалық мәселелерді шешу үшін қажет;
-әртүрлі білім беру ұйымдарында оқу бағасын анықтау;
-оқу кадрларына, құрылысқа, мүлікке, оқу құралдарына, т.б кеткен шығындарды анықтау.
Бұл мәселілерді шешуде педагогика мен экономика демография мәлеметтеріне сүйенеді.
Педагогика биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Ол педагогика мен психологияның жаратылыстық-ғылыми базасы болып табылады.
Педагогика инженерлік психологиямен байланысты. Ол адам мен техниканың өзара қатынастарын зерттейді. Бұл ғылымның мәліметтері педагогикаға техникалық құралдары ЭЕМ, оқу процесінде компьютерлерді қосу әдістемелерін ғылыми тұрғыдан құруда көмек көрсетеді.
Педагогика кибернетикамен де байланысты, ол- күрделі динамикалық жүйелкрді басқару туралы ғылым. Информатика мен кибернетика педагогиканың алдынан қосымша жаңа мүмкіндіктер ашады.
Педагогиканың баска ғылымдармен байланыс жүйесіне этнорафия мен фольклористика ерекше орын алады. Ұлттық дәстүрлерді, салттар мен әртүрлі халықтардың ғұрпын меңгеру, ұлттық эпос ескерткіштерін игерупедагогиканың ерекше саласының қалыптастыруына негіз болады, ол-халықтық педагогика.
