Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.76 Кб
Скачать

10.Оқушылардың ұжымдық іс әрекетін педагогикалық басқару

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым,балалар тобы,баланың тұлғалық мәнідамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын,ұжым мушелерінің даму деңгеіне,олардың жас және дербесерекшліктеріне қоғам талабына сай келетін міндеттерді,мақсаттарды,іс әрекетті түсінеміз.Бұл жұмыс –тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең.Ортақ іс әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек.Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу-балалрды еліктірудің,ұжым істеріне қатынастардың негізгі жолы.Кез келген іс баланың ақыл ойын ғана емес,оның сезіміне әсер ететіндей болу керек. Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келесі маңызды ережелер қалыптасқан;1.балардың өзіндік ұмтылысын инициативасын тырысу әрекеттерін дамыту 2.ұжым ылғи даму үстінде болғандықтан оны басқаратын педагогикалық жуйе де унемі өзгеріске ұшырайды.ягни ұжымның дамуына байланысты муғалім тактикасы да өзгереді 3.ұжымдық тәрбиеде жетістікке жету ушін басқа педагогтарға суйену,басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеу 4.формализмнен аулақ болу уақыт откен сацын ұж.тәрбиенің міндеттері мен максаттарын қайта құру 5.ұжымдық ортақ пікір қалыптастыру,өзара көмек,бірінің пікірін сыйлауға үйрету 6.ұж.тәрбиені демократияландыру 7.оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығ-на қабілеттеріне сәйкестендіру 8.оқушылар арсындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша ұжымдар құру. Сонымен бірге ұжымды басқаруда мынадай жайлар дайын тұру.

11. Оқыту түрлері. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқу түрі – бұл оқыту жəне оқып-үйрену

қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары,

əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері. Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология (кейінгі дəріс баяндарда қарастырылады) сипатымен анықталады. Оқу түрлері келесідей ажыралады: түсіндірме-көрнекілік, жалаң-жаттанды (догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан оқу (дистанционды), пəнаралық, т.б.

Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шəкірттер

ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.

Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды. Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дəріске байланысты мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі жəне

басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды. Дамытушы оқу түрі оқушылардың білім, ептілік жəне дағдыларының күннен күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық жағдаяттардың (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу жəне т.б.) жетіліп баруын қамтамасыз етеді. Оқу жедел қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты жəне жүйелі құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мəліметтерді меңгеруге бағытталады.

Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.

Тұлғалық бағдарлы оқу мəні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі əр оқушының жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі əрі іске қосылады.

Компьютерлі оқу жəне оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дəл əрі молдығынан даралықты

оқуды күшейтеді.

Модульді оқуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің – модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады.Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пəнаралық оқу – сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне пəнішілік байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пəндерін меңгеруді көздейді.

12. Педагогика тарихының пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. 19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:

- жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),

- сәбилер мен мектепалды педагогикасы,

- мектеп педагогикасы,

- сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),

- жеке пән әдістері,

- Педагогика тарихы.

Миндеттери 1.     Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi -  үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.

2.     Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан­дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.

3.     Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.

4.     Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.

5.  Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.

6.  Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.

Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстармен педагогикалық процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы заңды байланыстарды, қатынастарды,тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми теорияларды құру мақсатында ғылыми информациялар алу тәсілдерін айтады.

          Зерттеулерде жалпы теориялық әдістер, әлеуметтік және психологиялық әдістер; математикалық әдістер пайдаланылады.

         Жалпы теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.

         Әлеуметтік-психологиялық әдістергесауал-сұрақ, интервью алу, треннинг әдістері жатады.

         Математикалық әдістерге рангілеу, шкалалау, корреляция әдістері жатады.

         Педагогикалық зерттеу әдістері шартты түрде теориялық және эмпирикалық әдістер болып екіге бөлінеді.

         Теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.

         Эмпирикалық  әдістерге бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ, тестілеу, бағалау, алынған мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік), зерттеу нәтижелерін педагогикалық іс-тәжірибеге ендіру жатады.

13. Педагогикалық жүйе және оның түрлері. Бір тұтас педагогикалық процесс. Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.

Педагогикалық процесс білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.