- •1. XVIII-XX ғғ. Қазақстандағы мектептердің жағдайы.
- •2.Бақылау түрлері.Оқушының білім, білік дағдыларын тексеру əдістері
- •3.Білім беру-дидактикалық категория,оның мəні мен атқ.Қызметі
- •4. Ежелгі және орта ғасырларда Еуропа елдеріндегі тәрбие,мектеп,пед-қ ой
- •5. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс елдеріндегі мектептік білімнің дамуы
- •6. Жеке тұлға туралы ұғым. Адам, индивид, даралық, жеке тұлға категорияларының өзара байланысы,
- •7. Жеке тұлғаның дамуындағы оқытудың ролі
- •8. Ушинскийдің педагогикалық білім беру жүйесі.
- •9.Мектеп пен педагогиканың дамуына ы.Алтысариннің қосқан үлесі.
- •10.Оқушылардың ұжымдық іс әрекетін педагогикалық басқару
- •14. Педагогикалық процестің қозғаушы механизмі ретіндегі құралдар, формалар, әдістер.
- •15. Педагогикалық процестің мәні. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары.
- •17. Алғашқы оқу орындарының пайда болуына ықпал еткен жағдайлар.
- •21.Тәрбиенің мәні,оның ерекшеліктері.
- •23. Хх ғасырдағы Қазақстан мектебі мен педагогикасының дамуы. Кеңестік мектеп жүйесінің жетістіктері мен проблемалары.
- •24.Ш.Уәлиханов, а.Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары.
- •25.Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Эстетикалық тәрбие. Дене тәрбиесі.
3.Білім беру-дидактикалық категория,оның мəні мен атқ.Қызметі
Білім беру-тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; Дидактика (грек. didactikas – «оқытушы», didascalos – «мұғалім» деген ұғымды білдіреді) оқыту және үйрету деген сөз.Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып-сабақ жүйесі туралы баяндалған.Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.Зерттейтін сұрақтары – «нені, қалай, не үшін оқыту?» деген сұрақтарға жауап бередіНені оқыту керек? Оқушыларды терең біліммен қаруландырып, олардың бойында адамгершілік, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру керек. Сондықтан, білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру тұжырымдамасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылыми негізде анықтау қажет.Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін жетілдіру қажет.Не үшін оқыту? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатыстыруға даярлау.Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқу принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.Дидактика сол сияқты, жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, т.б. мәселелерді зерттейді.Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған, алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседіОқыту мазмұны – өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
4. Ежелгі және орта ғасырларда Еуропа елдеріндегі тәрбие,мектеп,пед-қ ой
XV ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың бірінші жартысында Еуропа елдерінде ағарту ісі дами бастады. Біршама діни мектептер ашылып, көптеген адамдар сол мектептерде оқып, хат таныды. Шамасы бар ауқатты адамдар өздерінің балаларын арнаулы білім беретін оқу орындарында оқытып, белгілі бір мамандықты меңгертіп отырды. Осы кезде Батыс Еуропада көптеген гуманист-жазушылар шықты. Олар феодалдық құрылыс пен католик шіркеуін қатал сынады. Бұлардың көпшілігі өздерінің шығармаларында шын мәніндегі теңдік пен еркіндікке негізделген қоғам туралы армандады. Жеке меншік үстем болып, еңбектің нәтижесі мен қызығын бай топ өкілдері иемденіп отырған капиталистік қоғамды аямай сынады. Олардың алдыңғы қатарлы өкілдері капитализмнің топтық, сословиелік, ұлттық қанаулар арқылы елдің экономикалық жағдайын күйзелте түсерін жақсы түсінді. Әділетті қоғамдық құрылысты армандап, оның қандай болатынын көз алдына елестетуге тырысты.
Ежелгі Греция — көптеген құлиеленуші мемлекеттерді— полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) — Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әр қайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы зандьшықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктері мен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашьшықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құлиеленуші мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілік еді. Құлдар мұнда мемлекеттің жекеменшігіне айналды. Спартандық жөне афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық жене саяси дамуының және мәдениеті жағдайыньң кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленуші мемлекеттер болғандықтан, қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің балаларын оқыту мен тәрбиелеу ісіне мән берді. Бүл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатын.Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ежелгі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.
Афинада мәдениет д дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық қүрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгеше болды. Сонымен қатар тәрбие жөне білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тербиесі мен білім беру жүйесінің мақсаты әскери жауынгер даярлау ғана емес, одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу еді.Марк Фабий Квинтилиан - белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік қайраткер болды.Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер берді. Ол оқыту үрдісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше назар аударды, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді. Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы, мәнерлі сөз, мимика қажет деген еді.
Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екеніне, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді.
Педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.
