- •Visual c# негізінде Windows-қосымшаларын жасау 3
- •Формалар
- •Кластар терезесі. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Стандартты басқару элементтері
- •1 Кестеде Қасиеттер терезесі интерфейсінің сипаттамалары келтірілген.
- •2 Кесте. Форманың кейбір қасиеттері
- •Дизайн және код режимдері
- •Басқару элементтерімен жұмыс істеу. Контейнерлер тобы. Графикалық элементтер тобы. Меню тобы. Бас меню жасау.
- •1Кесте.NotepadC#программасындағы басменюпункттері
- •MdiLayout бойынша реттеу
- •Мәтін бөліктерін (фрагменттерін) қиып алу, көшіру және кірістіру
- •Жанама (контекстік) меню
- •5 Мысал.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебеиет тізімі
1Кесте.NotepadC#программасындағы басменюпункттері
Name Text Short cut
mnuFile &File
mnuNew &New Ctrl+N
mnuOpen &Open Ctrl+O
mnuSave &Save Ctrl+S
mnuItem5 -
mnuExit &Exit Ctrl+F4
mnuEdit &Edit
mnuCut &Cut Ctrl+X
mnuCopy &Copy Ctrl+C
mnuPaste &Paste Ctrl+V
mnuDelete &Delete Del
mnuSelectAll &SelectAll Ctrl+A
mnuFormat &Format
mnuFont Font…
mnuColor Color…
mnuWindow &Window
mnuArrangeIcons ArrangeIcons
mnuCascade Cascade
mnuTileHorizonte Tile Horizontal
mnuTileVertical Tile Vertical
mnuHelp ?
mnuAbout About Programm…
Кейбір меню пункттері үшін кестеде көрсетілмеген комбинацияларды да таңдап алуға болады.
MDI-қосымшаларын жасау
Блокнот пен Microsoft Paint сияқты программалар SDI (Single — Document Interface) қосымшалары, яғни тек қана бір құжатпен жұмыс істейтін программалар болып саналады. Ал Microsoft Word немесе Adobe Photoshop програмалары бір мезетте бірнеше құжатпен қатарластыра жұмыс істей алатын MDI (Multiple — Document Interface) қосымшаларына жатады.
MDI қосымшаларында бас форма ішінде бірнеше құжаттар болады, олардың әрқайсысы графикалық программалар үшін сурет салатын қағаз болса, мәтін үшін символдар терілетін жұмыс өрісі болып саналады.
NotepadC# программасымен жұмыс істеуді ары қарай жалғастырайық.
Шығарылымды көрсету – Обозреватель решений терезесіндегі жоба атын оң жақ батырмамен шертеміз де, пайда болған жанама менюден Добавить/ Добавить Windows Form… командаларын таңдаймыз. Сонда шыққан терезеде форма атын – blank.cs деп көрсетеміз. Біздің жобада жаңа форма пайда болады, оны туында жоба (дочерний проект) деп атауға болады. Дизайн режимінде оған RichTextBox басқару элементін тасымалдайық: textBox элементіне қарағанда, мұндағы мәтін көлемі 64 Кб-пен шектелмейді,оған қоса, RichTextBox мәтін түсін өзгертіп, суреттер қосу мүмкіндігін де береді. Бұл элементтің Dock қасиетіне Fill мәнін орнатайық:
Енді Frmmain формасының дизайн режиміне ауысып, оның IsMdiContainer қасиетіне true мәнін береміз. Сонда форма түсі қарасұр түске боялады. Мұндағы жаңа құжаттар меню пунктінің New (немесе Ctrl+N пернелерін басқанда) жолын шерткен сайын пайда болады, сондықтан New пунктін екі рет шертіп, программа кодына көшейік:
private void mnuNew_Click(object sender, System.EventArgs e)
{
// frm формасының жаңа экземплярын жасаймыз blank frm = new blank();
// жаңа экземплярдыңаталық контейнері болып,
// осы басты форма есептеледі.
frm.MdiParent = this; //форманы шақырамыз frm.Show(); }
Программаны іске қосамыз. Енді Ctrl+N пернелерін бассақ, немесе менюдің New пунктін шертсек, қатарласа орналасқан бірнеше терезе пайда болады. Бірақ олардың бәрінің де аттары бірдей — blank. Мысалы, Microsoft Word ортасында жаңа құжат ашсақ, оның аты ДокументN болады ғой, N — құжат нөмірі. Енді blank формасының кодына ауысып, blank класында DocName айнымалысын жариялаймыз:
public string DocName = "";
Енді frmmain формасының кодына ауысып, frmmain класында openDocuments айнымалысын жариялаймыз:
private int openDocuments = 0;
DocName айнымалысына шаблон бойынша аттың бір бөлігін меншіктейміз, оған ашылатын құжаттар санауышы кіреді, сонан соң бұл мәнді жасалатын frm формасының Text қасиетіне береміз:
private void mnuNew_Click(object sender, System.EventArgs e)
{
Blank frm = new blank();
frm.DocName = "Untitled " + ++openDocuments; frm.Text = frm.DocName;
frm.MdiParent = this; frm.Show();
}
Программаны іске қосамыз. Енді жаңа құжаттар атаулары әртүрлі болып келеді.
