- •Visual c# негізінде Windows-қосымшаларын жасау 3
- •Формалар
- •Кластар терезесі. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Стандартты басқару элементтері
- •1 Кестеде Қасиеттер терезесі интерфейсінің сипаттамалары келтірілген.
- •2 Кесте. Форманың кейбір қасиеттері
- •Дизайн және код режимдері
- •Басқару элементтерімен жұмыс істеу. Контейнерлер тобы. Графикалық элементтер тобы. Меню тобы. Бас меню жасау.
- •1Кесте.NotepadC#программасындағы басменюпункттері
- •MdiLayout бойынша реттеу
- •Мәтін бөліктерін (фрагменттерін) қиып алу, көшіру және кірістіру
- •Жанама (контекстік) меню
- •5 Мысал.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебеиет тізімі
Дизайн және код режимдері
Жаңа жобаны жасау кезінде бірден дизайн режимі іске қосылады – мұнда форма басқару элементтерін орналастыруға арналған негізгі аймақ болып табылады. Программамен жұмыс істеу үшін код режиміне көшу керек. Оның бірнеше жолы бар: форманың кез келген аймағында жанама менюге көшіп, ондағы Перейти к коду жолын таңдау керек; Обозреватель решений терезесіндегі Form 1.cs компонентінде де солай істеу қажет немесе форманы екі шертсек, Form1_Load тәсілі іске қосылып, оны бассақ, код режиміне көшуге болады. Код режиміне көшу F7 пернесі арқылы да орындалып, қайтадан дизайн режиміне көшу үшін –Shift+F7 пернелерін басу керек. Енді код режиміне ауысып, кейбір блоктарды қарастырайық.
Бұл блок жобада қандай атаулар кеңістігі пайдаланыла алатынын анықтайды. Мысалы:
using System;
using System.Drawing; using System.Collections;
using System.ComponentModel; using System.Windows.Forms; using System.Data;
Мұнан соң жоба атымен сәйкес келетін өз атаулар кеңістігімізді пайдаланамыз: namespace FirstForm
Керек болса, бұл атауды өзгертіп аламыз.
Form1формакласы System.Windows.Forms.Form ортасынан мұраланатын барлық код үлгілерінен тұрады:
public class Form1 : System.Windows.Forms.Form
{…}
Осы класс ішінде форма конструкторы да орналасады.
Орта ұсынған параметрлерді өзгертуге болады, сонда өзгертулер формада – графикалық интерфейсте бірден көрінеді. Windows формаларының концепциясы – оның компоненттерін тасымалдау арқылы орналастыруға болады, ал оның жалпы коды автоматты түрде жазылып шығады.
Басқару элементтерімен жұмыс істеу. Контейнерлер тобы. Графикалық элементтер тобы. Меню тобы. Бас меню жасау.
Басқару элементтері — бұл программа мен қолданушы арасында өзара қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін компоненттер. Visual Studio.NET ортасы осындай бірнеше функционалдық топтарға жіктелетін көптеген элементтерден тұрады.
Командалық объектілер тобы. Button, LinkLabel, ToolBar сияқты басқару элементтеріне тышқан батырмасын шерту әсер етіп, олар бірден белгілі бір әрекетті іске қосады. Осы аталған элементтер кең таралған түрлерге жатады.
Мәтіндік объектілер тобы. Көптеген қосымшалар қолданушыға мәтін енгізу мүмкіндігін береді, ал олар өз кезегінде, мәтіндік жазбалар түрінде әртүрлі мәлімет шығара алады. TextBox, RichTextBox элементтері мәтін қабылдайды, ал Label, StatusBar элементтері мәтінді шығарады. Енгізілген мәтінді өңдеу үшін, көбінесе командалық объектілер тобындағы бір немесе бірнеше элементтерді басу қажет болады.
Ауыстырғыштар (переключатели) тобы. Программада әрекеттің немесе есептің орындалу нәтижесінің алдын ала анықталған бірнеше нұсқалары болуы мүмкін. Бұл топтың басқару элементтері қолданушыға солардың ішінен бір нұсқаны таңдау мүмкіндігін береді. Бұл көп кездесетін элементтер тобы болып табылады, оған ComboBox, ListBox, ListView, TreeView, NumericUpDown және т. с. с. жатады.
Контейнерлер тобы. Бұл топтағы элементтер программа әрекетімен тікелей байланыспағанымен, олар басқа басқару элементтерін ұйымдастыруда, оларды топтауда және жалпы дизайн формаларын жасауда маңызды рөл атқарады. Көбінесе формадағы мұндай элементтер батырмалардың, мәтін өрістерінің, тізімдердің орналасу аймағын құрайды, сондықтан оларды контейнерлер деп атайды. Бұған қоса, Panel, GroupBox, TabControl тәрізді элементтер программа мүмкіндіктерін ыңғайлы етіп, логикалық түрде топтауға көмектеседі.
Графикалық элементтер тобы. Windows программаларының ең қарапайым түрінің өзінде графикалық бейнелер — иконкалар, қондырма суреттер (заставка), әртүрлі суреттік бейнелер болады. Формада осыларды орналастырып, бейнелеу үшін графикамен жұмыс істейтін Image List, Picture Box сияқты элементтер бар.
Сұхбаттасу (диалог) терезелері. Құжаттармен әртүрлі операциялар орындауда, мысалы, оларды ашу, сақтау, баспаға шығару, алдын ала көру кездерінде — біз соларға сәйкес сұхбаттасу терезелерін пайдаланамыз. .NET ортасын жасаушыларға стандартты процедуралар жасайтын терезелер құрумен айналысу қажет емес: OpenFileDialog, SaveFile Dialog, ColorDialog, PrintDialog элементтерінің осындай дайын операциялары бар.
Меню тобы. Көптеген тұтынушылар программалар интерфейсін өз қалаулары бойынша жасап алады: біреулерге белгілі бір аспаптар тақтасының болғаны ұнаса, баз біреулерге – терезелерді өзінше, басқа бір ерекше түрде орналастыру ұнайды. Дегенмен, кез келген программада оның барлық мүмкіндіктері мен баптауларына қол жеткізуге болатын меню болуы тиіс. MainMenu, ContextMenu элементтері меню тақырыптары мен пункттерін жасайтын дайын формалар болып табылады.
Енді жоғарыда айтылған әртүрлі басқару элементтерімен жұмыс істеу әрекеттерін қарастырып шығамыз.
Бас меню жасау. Windows-қосымшаларының көпшілігінің орындайтын функциялары мен командаларының сатылық құрылымы көрсетілетін бас менюі бар. Практикалық түрде басқару элементтері арқылы орындалатын барлық функциялардың меню пункттері сияқты баламалы мүмкіндіктері болады.
Бас меню жасау үшін ToolBox басқару элементінде орналасқан MainMenu басқару элементі қолданылады. Бір жаңа программа жасап, оны NotepadCSharp деп атайық та, форманың мынадай қасиеттерін іске қосайық:
Басқару элементін формаға тасымалдаймыз. Бізге меню жолдарын келесі пункттермен толтыру керек (1 сурет):
Бас менюдің әрбір пунктінің өз қасиеттер терезесі бар, онда басқа басқару элементтеріндегідей Name және Text қасиеттерінің мәндері беріледі (2 сурет). Text өрісіндегі New сөзі алдында & — амперсанд таңбасы тұр, ол менюдегі N таңбасының асты сызылып, оның Windows пернелік интерфейсінің құрамдас бөлігі болатынын көрсетеді. Бұл қолданушы пернетақтада Alt сонан соң N пернелерін басса, New ішкі менюінің шығарылатынын білдіріп тұрады.
Windows ортасында акселератор деп аталатын жылдам пернелермен жұмыс істейтін интерфейс мүмкіндігі де бар. Қос пернелік командалар Shortcut тізімінде көрсетіледі. Стандарттыпункттерге бұрыннан белгіленген пернелер комбинациясын тағайындау керек. Көлденең бөлу сызығы ұқсас әрекеттерді бір-бірінен айырып тұру үшін қажет; оны шығару үшін Text пунктінің қасиетіне тире таңбасын қою қажет. Меню пункттерін пайдалану үшін программа кодында оларға аттар (Name қасиеті) тағайындалады, өйткені меню пункттері бірнешеу болады. Notepad C# программасындағы меню пункттерінің қасиеттері төмендегі кестеде келтірілген.
