- •Visual c# негізінде Windows-қосымшаларын жасау 3
- •Формалар
- •Кластар терезесі. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Стандартты басқару элементтері
- •1 Кестеде Қасиеттер терезесі интерфейсінің сипаттамалары келтірілген.
- •2 Кесте. Форманың кейбір қасиеттері
- •Дизайн және код режимдері
- •Басқару элементтерімен жұмыс істеу. Контейнерлер тобы. Графикалық элементтер тобы. Меню тобы. Бас меню жасау.
- •1Кесте.NotepadC#программасындағы басменюпункттері
- •MdiLayout бойынша реттеу
- •Мәтін бөліктерін (фрагменттерін) қиып алу, көшіру және кірістіру
- •Жанама (контекстік) меню
- •5 Мысал.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебеиет тізімі
1 Кестеде Қасиеттер терезесі интерфейсінің сипаттамалары келтірілген.
Элемент
|
Сипаттамасы |
Object name |
Бұл тізім өрісінде белгілі бір кластың экземпляры болып табылатын осы объектінің аты көрсетіледі. Мұндағы Form1 –System.Windows.Forms.Form класынан мұраланатын форманың келісім бойынша алынған аты. |
Categorized |
Бұл батырманы шерткенде, таңдалған объектінің қасиеттері категориялар бойынша сұрыпталып шығады. Көрінетін элементтер тізімін азайту үшін бір категорияны жауып тастауға болады. Категория жабық болса, алдында (+), ашық болса, (–) таңбасы тұрады. |
Alphabetic |
Объектінің қасиеттері мен оқиғаларын алфавит бойынша сұрыптау |
Properties |
Бұл батырманы шерткенде, объектінің қасиеттері тізім ретінде көрсетіледі. |
Events |
Бұл батырманы шерткенде, объектінің оқиғалары тізім ретінде көрсетіледі.
|
Description Pane
|
Таңдалған қасиет жайлы мәлімет шығатын тақта. Мұнда форма қасиеттері тізімінде Text қасиеті таңдалып алынған. |
Қасиеттер терезесі бірінші кезекте форманың дизайны мен оны басқару элементтерін анықтау мүмкіндігін береді. 2 кестеде дизайн режимінде анықталатын форманың кейбір қасиеттерінің сипаттамалары берілген. Қасиеттің келісім бойынша берілген мәнін таңдап алмасақ, ол қарайтылған қаріппен жазылып тұрады да, ол кейіннен өзгертулер енгізуді жеңілдетеді.
2 Кесте. Форманың кейбір қасиеттері
Қасиеті
|
Сипаттамасы
|
Келісім бойынша мәні |
Name |
Жобадағы форма аты. Ол алғашында көрінетін форма тақырыбы емес, ол программа кодында қолданылатын форма аты.
|
Form1, Form2, т.с.с.
|
AcceptButton
|
Enter пернесін басқанда, іске қосылатын батырма мәні орнатылады. Бұл қасиет екпінді болуы үшін формада кем дегенде бір батырма болуы керек. |
None
|
BackColor |
Форма түсі. Әртүрлі нұсқаларды жылдам көру үшін "BackColor" сөзінде тышқанды шерте беру керек. |
Control
|
Background Image |
Артқы фондағы бейне
|
None |
CancelButton |
Esc пернесін басқанда іске қосылатын батырма мәні орнатылады.Бұл қасиет те екпінді болуы үшін формада кем дегенде бір батырма болуы керек. |
None
|
ControlBox |
Форманың оң жақ жоғары шетіндегі үш стандартты батырманың: "Свернуть", "Развернуть" және "Закрыть" шығуын (True) немесе шықпауын (False) қадағалайды, яғни орнатады. |
True
|
Cursor |
Форма бетіндегі тышқан курсорының түрін анықтайды. |
Default
|
DrawGrid |
Басқару элементтерін форматтауға көмектесетін нүктелерден тұратын торлардың шығуын/шықпауын қадағалайды. Бірақ тор тек форма жасау кезінде ғана көрінеді. |
True
|
Font |
Формадағы басқару элементтерінде пайдаланылатын мәтінді форматтау |
Microsoft Sans Serif; 8,25pt
|
FormBorder Style
|
Форманың жақтаулары-ның түрін анықтау, оның нұсқалары:
|
Sizable
|
Icon |
Форма тақырыбы жолында белгіше (иконка) бар, .ico форматтары сүйемелденеді. |
Icon |
MaximizeBox
|
Форманың жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Развернуть" стандартты батырмасының екпінділігі анықталады |
True
|
MaximumSize
|
Форманың максималды ені мен биіктігі пикселмен беріледі. Формадағы "Развернуть" батырмасын шерткенде осы мөлшер орнатылады. |
0;0 (Во весь экран)
|
MinimizeBox
|
Форманың жоғарғы оң жақ бұрышындағы " Свернуть" стандартты батырмасының екпінділігі анықталады. |
True
|
MinimumSize
|
Форманың минималды ені мен биіктігі пикселмен беріледі. Форманың бұл көлемі оның жақтауларын жылжытып өзгерту кезінде орнатылады (егер FormBorderStyle қасиеті алдын ала Sizable болса) |
0;0
|
Size |
Форманың ені мен биіктігі |
300; 300 |
StartPosition
|
Программа жұмысы кезінде форманың орналасуын анықтау. Оның мүмкін мәндері:
|
Form1, Form 2 , т.с.с.
|
WindowState
|
Форманы іске қосқанда, оның орнын анықтау. Мүмкін мәндері:
|
Normal
|
Қасиеттер
терезесінің
Оқиғалар - События
батырмасы Қасиеттер
терезесін әртүрлі оқиғалар өңдеуішін
(мысалы, тышқан, пернетақта) басқару
режиміне ауыстырады, оған қоса компоненттің
барлық оқиғалар тізімін береді. Оқиға
мәні аймағында тышқанды екі шерту
программа кодын шығарып, ол үшін өңдеуішті
іске қосады.
Элементтер тақтасы – Панель элементов Элементтер тақтасы – Панель элементов терезесі (Вид –>Панель Элементов командасы немесе Ctrl+Alt+X пернелерін басу) формада орналасатын Windows-форма компоненттерін көрсетіп тұрады, оларды басқару элементтері деп те айтады. Оның бірнеше ішкі беттері бар, олар: Windows Forms барлық формалары, Стандартты басқару элементтері, Коньейнерлер, Мәліметтер, Жалпы, т.б.
Оның жиі қолданылатын ішкі беті – Windows Forms барлық формалары – Все формы Windows Forms. Керекті басқару элементін формада орналастыру үшін осы тақтада оның атын шерту керек немесе оны форма аймағына тышқанмен тасымалдау қажет. Оның тізімін белгішелерге ауыстыру жылжыту алабын пайдаланбай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Стандартты басқару элементтері (Стандартные элементы управления My User Controls)басқару элементтерінен өз тізіміңізді құру мүмкіндігін береді, егер сіз бірнеше ғана элементті жиі пайдаланатын болсаңыз, соларды ғана осы ішкі бетке орналастырып алу керек немесе тек өзіңіз бір ішкі бет құрып ала аласыз:
Осындай жолмен қосылған ішкі беттердің атын ауыстыруға немесе өшіріп тастауға болады, ол үшін жанама менюдегі Переименовать элемент немесеУдалить элемент пункттерінің бірін таңдап алып, орындау керек.
