Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КурсС#.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.67 Кб
Скачать

ЖОСПАР

Кіріспе 2

Visual c# негізінде Windows-қосымшаларын жасау 3

Windows-формаларына кіріспе 3

Кластар терезесі. Элементтер тақтасы 5 Дизайн және код режимдері 11

Басқару элементтерімен жұмыс істеу 12

Контейнерлер тобы. Графикалық элементтер тобы 12

MDI-қосымшаларын жасау 14

OpenFileDialog және SaveFileDialog 20

Қорытыныды 25

Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Microsoft Visual Studio .NET – бұл .NET ортасында жазылған программаларды жасау, іске қосу және түзету үшін қолданылатын біріктірілген жұмыс істеу ортасы (Integrated Development Environment (IDE)). Бұл күрделі мамандандырылған программалар құра алатын, әлемдегі ең жақсы болып саналатын қуатты құралдардың бірі болып табылады. Оның атқаратын қызметтер түрі көп, біз қазір формалар жасауға арналған негізгі элементтерді қарастырамыз.

Visual C# негізінде Windows Form-қосымшаларын жасау

Windows-формаларына кіріспе.

Visual Studio .NET ортасында жұмыс істеу негіздері

Шығарылымды көрсету - Обозреватель Решений

Microsoft Visual Studio .NET – бұл .NET ортасында жазылған программаларды жасау, іске қосу және түзету үшін қолданылатын біріктірілген жұмыс істеу ортасы

(Integrated Development Environment (IDE)). Бұл күрделі мамандандырылған программалар құра алатын, әлемдегі ең жақсы болып саналатын қуатты құралдардың бірі болып табылады. Оның атқаратын қызметтер түрі көп, біз қазір формалар жасауға арналған негізгі элементтерді қарастырамыз.

Бастапқы парақтың бірнеше ішкі беттері бар: Соңғы жобалар (Последние проекты), Тұтынушыға арналған жаңалықтар (Новости для разработчиков). Алдын ала келісім бойынша, біз бірден Соңғы жобалар ішкі бетіне шығамыз, онда соңғы жасалған жобалар тізімі көрініп тұрады. Біз жоба атауындағы гиперсілтеме арқылы керекті жобаны таңдап алып, онымен жұмыс істеуді жалғастыра аламыз. Осы ішкі бетте Жоба жасау (Создать проект) және Жобаны ашу (Открыть проект) батырмалары орналасқан, оларды таңдасақ, сәйкесінше жаңа жоба құру немесе бұрынғы жасалған жобаны ашу сұхбат терезелерін ашамыз.

Жаңалықтар (Новости) ішкі бетінде программа жасаушыларға арналған жаңалықтар топтамасы, ресурстар тақырыптары мен сілтемелері бейнеленіп тұрады. Бұл нұсқа компьютер Интернетке қосылып тұрғанда ғана іске қосылады.

Visual Studio.NET ортасының бас терезесінде Windows жүйесінің басқа терезелері сияқты көптеген командалары (категориялары) бар меню қатары шығады, бірақ біз Бастапқы бетте тұрғанда бірсыпыра командалар көрінбейді, олар кейіннен жоба жасалған соң, пайда болады :

Мұнда төмендегідей командалар орналасады:

Файл жобаны ашу, жасау, қосу, жабу, қағазға (экранға) шығару, т.с.с.

Түзету (Правка) түзету стандартты командалары: көшіру, кірістіру, қиып алу, т.б.

Түр (Вид) аспаптар тақтасының барлық терезелері мен аспаптар тақтасын көрсету және жасыру командалары.

Жоба (Проект) жобамен жұмыс істеу командалары: элементтерді, формаларды, сілтемелерді, т.б. қосу.

Қөру (Построение) –программаныкомпиляциядан өткізу командалары.

Жөндеу (Отладка) –программаны түзетіп жөндеу командалары.

Мәліметтер (Данные) мәліметтермен жұмыс істеу командалары.

Формат көрініп тұрған элементтерді форматтау командалары (туралау, интервал және т.б. командалар).

Сервис Visual Studio.NET ортасының қосымша құралдары мен баптау командалары.

Терезе (Окно) терезелерді орналастыруды басқару командалары.

Анықтама (Справка) анықтама алу.

Меню пункттерінің жұмыстары сол опцияларды (мүмкіндіктерді) пайдалану кезінде толығырақ айтылады.