Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

75. Ч. Пирс, у. Джеймс, Дж. Дьюидің прагматисттік теориялары

Прагматизм (пайдалылық). Шындықты тұлғаның таным үдерісіндегі өнімді қызметімен, белсенділігімен ұштастыруПрагматизм» терминін алғаш рет «Нақты ақыл-ойды сынау» атты еңбегінде Кант қолданса, соның аясында осы бағыт бастау алған американдық философияға Чарльз сандерс пирс (1839-1914) енгізді. «Идеяларымызды қалай айқын ете аламыз?» (1878) деген мақаласында ол: «Болжалды түрде іс жүзінде маңызы болуы мүмкін қандай зардаптардың біздің түсінігіміздегі нысанға тән екенін қарап көрейік. Сонда біздің ол зардаптар туралы түсінігіміз нысан

ұғымын құрайтынның бәрі болып шығады», – деп жазды. Пирс кейбір «базиске» немесе «негізге», – ол танылатын субъектіні сезу және қабылдау немесе ақыл-парасаттың априорлық (тәжірибеге дейінгі) құрылымдары болса да, – келтірілуі мүмкін білім қағидасын қабылдамайды. «Фундаментализмге» балама деп Пирс мынадай: нысан туралы түсінікке осы нысанмен орындалатын әрекеттерден шығатын нақты зардаптардың барлығын қарау арқылы қол жеткізуге болады дейтін ұстанымды санайды (Пирс қағидасы). Ал терминнің мағынасы – осы термин қисынды бастауыш болып табылатын барлық сөйлемдерді (айтылғандарды) іс жүзінде тексеру шарттарының жиынтығы. Ондай айтылған ойлардың көпшілігі шын мәнінде шексіз болғандықтан, мағынасы толық емес, ішінара ғана айқындалуы мүмкін, ал нысан туралы біздің біліміміз қашанда аяқталмаған және терістелген, болжамға құрылған болып келеді. Бұл күнделікті білімге және жаратылыстану білімдеріне ғана емес, сонымен қатар жалпыға бірдейлігі қарсы мысалдармен терістелуі мүмкін математикалық және логикалық ой-пікірлерге де қатысты болып табылады. Пирс ұсынған мағына теориясы «прагматикалық» (қажетті мүдделерді көздейтін) деген ат иеленді. «Прагматизм» деген терминнің өзін де Пирс алғаш рет жоғарыда аталған мақаласында қолданды. Жалпы, бұл ғалымның қаншалықты жан-жақты болғанын оның ғылыми мүдделері мен соның нәтижелері дәлелдейді. Ол ғылымдағы бірнеше бағыттың негізін қалаушы: математикалық логиканы, семиотиканы (белгілер туралы ілім) құрушылардың бірі болды; геодезия, тарих философиясы, психология, әдістеме және ғылым тарихы бойынша іргелі зерттеулер, алгебра мен стандартты емес талдаудағы маңызды нәтижелер мен идеялар соған тиесілі. Философияда ол «фанероскопияны» (гр. – phaneron – құбылыс, көрініс): болмыс пен танымның «Бастапқылық» (Firstness), «Екіншілік» (Secondness), «Үшіншілік» (Thirdness) санаттарында берілген үш негізгі деңгейі туралы ілімді әзірледі; ойлау-пайымдау тілін қалыпқа келтірудің математикалық әдістерін пайдаланатын логикалық ғылымның қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті. Пирстің өзі прагматикалық ұстанымға логикалық семантика мен ғылыми әдіс мәселелеріне қатысты ғана басымдық берді, ал ол кезде шындық ұғымын түсіндіруде прагматизм уәждері оның философиясында реалистік және неокантиандық идеялармен астасып жатады. Сол себепті көпшілік адамдар көбінесе прагматизмнің философиялық тұжырымдамасын Пирстің ізбасары, американдық философ және психолог уильям Джеймс (Джемс) (1842-1910) дамытқан деп санайды. Ол 1907 жылы «Прагматизм» деген кітабын жарыққа шығарды. «Қабылдануы мүмкін шындық ретінде, – деп жазады ол, – прагматизм бізді барынша жақсы басқаратынды, өмірдің кез келген бөлігіне бәрінен жақсы бейімделгенді және тәжірибенің бар жиынтығына қосылып кетуге бәрінен жақсы мүмкіндік беретінді ғана мойындайды». Оның ойынша, прагматизм – ол адамдар өздерінің күнбе-күнгі тәжірибесінде басшылыққа алатын ойлаудың ескі тәсілінің жаңа атауы ғана. Прагматизмнің жеңісі, Джеймс пайымдағандай, «қалыпты ойларға» барынша көп әсер етуге байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]