- •1.Күнделікті өмірде сыни ойлаудың маңыздылығы. Сыни ойлаудың артықшылықтары.
- •2.Көзқарас түрлері: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері.
- •3. Джаинизм философиясы және оның принциптері.
- •4. Буддизм философиясы және оның принциптері.
- •5.Конфуцидің әлеуметтік этикалық көзқарастары.
- •6.Легизм ілімінің негізгі принципі
- •7.Даосизм ілімінің негізгі принципі.
- •8.Ежелгі Шығыс рухани құндылықтары және қазіргі заман.
- •9.Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық
- •10Антика философиясындағы антропоцентризм және табиғат философияясы.
- •11. Антика философиясындағы дүниенің алғашқы бастама мәселелері.
- •12. Пифагордың философиялық көзқарастары.
- •13. Элей мектебі: Зенон аппориясы
- •14.Антика заманындағы атомистік ілім
- •15. Гераклит дүниенің өзгермелілігі және әлемнің дамуы туралы ілім
- •16.Сократ философиясы.Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
- •17. Платонның «идея» және «үңгір» туралы ілімі.
- •18. Аристотельдің Платон іліміне сыны.
- •19. Орта ғасыр философиясы.Номинализм және реализм
- •20. Орта ғасырдағы адамның рөлі.
- •21.Орта ғасырдағы араб философиясының ерекшелігі
- •22. Араб тілдес ойшылдардың жаратылыстану және философиядағы жаңалықтары
- •23.Араб тілді ойшылдардың ғылыми көзқарастары(әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, әл-Хорезмит т.Б)
- •25.Фома Аквинскиидің құдай ілімі,сенім мен ақыл мәселесі.Құдайдың бар екеніне бес дәлелі.
- •26.Қайта өрлеу заманындағы гуманизм мен антропоцентризм (н.Коперник,д.Бруно,г.Галилей)
- •27.Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және философиялық идеялар.
- •28.Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мен әлем мәселесі.
- •29.Қайта өрлеу дәуіріндегі пантеизм және гуманизм (н.Кузанский, Дж Бруно, Пико делла Мирандолла)
- •30.Жаңа заман фило-ның ерекшеліктері:рационализм және эмпиризм
- •31.Жаңа дәуір кезеңіндегі эмпиризмнің негізін салушы.
- •32.Ф.Бэконның «төрт елес» туралы ілімі.
- •33. Жаңа замандағы ғылыми және психологиялық көзқарастар
- •34. Рационализмнің негізін салушы р.Декарт
- •35. Джон Локктың психологиялық ілімдері
- •36. И.Канттың сыни кезеңге дейінгі негізігі ойлары
- •37.И.Канттын сыни кезеңге дейіңгі ойлары.
- •39.И.Канттын этикасы(iлiмi).Категориялдык императив моральдык принцип ретiнде.
- •40.Гегелдің диалектикалық заңдылықтары.
- •41. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі
- •42. 19 Ғасыр философиясы. Иррационалдық философия
- •43. Иррационалдық философияның негізгі мектептері (волюнтаризм, психоанализ, экзистенциализм)
- •44. А. Шопенгауэр мен ф. Ницшенің волюнтаристік ілімдерінің ерекшеліктері
- •45. Ф.Ницше көзқарасы бойынша тұлға дамуынаң үш сатысы: бала, түйе, арыстан
- •46. З.Фрейдтің бейсаналық психоанализ теориясы
- •47. Ницше іліміндегі «асқан адам» , дін, мораль, қоғам мәселелері
- •48. Ж.П.Сартрдың философиясындағы жауапкершілік пен бостандық мәселелері
- •49. Экзистенциализм философиясы және оның негізгі идеялары
- •50. Позитивизм және оның негізгі идеялары мен тарихи формалары
- •51. Позитивизм және неопозитивизм: өкілдері мен негізгі идеялары
- •52. К.Поппердің демаркация мен фальсификация принциптері
- •53. П. Фейрабендтің методологиялық анархизмі
- •54. Т. Кунның ғылыми революциялар құрылымы
- •55. И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасы
- •56. О. Конт философиясы
- •57. Логикалық позитивизм. Л.Витгенштейннің верификация принципі
- •58. Қазақ философиясының ерекшелігі. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы (Қара сөздері)
- •59. Ш. Құдайбердіұлы – қазақ ойшылы
- •60. Хіх ғасыр ғасыр қазақ ағартушылары (ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев )
- •61. Классикалық және «негативтік» диалектика
- •62. Әлемнің пайда болуының заманауи (современный) модельдері
- •63. Хаос теориясы және шынайы әлем.Э. Лоуренстің «Көбелек қағысы» идеясы
- •64. Синергетика жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы жалпы ғылым ретінде
- •65. Тірі жүйелер эволюциясы. Автопоэзис теориясы. (у. Матуран мен ф. Варелла)
- •66. Классикалық және класстикалық емес ғылымындағы уақыт пен кеңістік
- •67. Таным және білім формалары мен деңгейлері. Сезімдік таным мен рационалдық таным және оның негізгі формалары
- •68. Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формасы
- •69. Қоғамның негізгі өмір сүру салалары
- •70 Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамдағы адам
- •71. Техногендік өркениеттің қазіргі замандағы рухани мәдениетке ықпалы
- •72. Философиялық және қарапайым тұрмыстық таным ерекшеліктері
- •73. К. Маркстың материалистік ілімі
- •74. Т. Гоббстың қоғамдық келісім теориясы
- •75. Ч. Пирс, у. Джеймс, Дж. Дьюидің прагматисттік теориялары
70 Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамдағы адам
Оқу дегеніміз – бұл кітап мазмұнымен танысу, автордың кітаптағы ойын ұғыну. Оқу – бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру. Кез келген адам, ақыл иесі ретінде, өмір сүруге және оған қоса өзінің білімін жетілдіріп отыруға міндетті. Кітап ең мықты ой иелерінің ойластырып, құрастырғандарының жақсысын береді. Сондықтан оқу әр адам үшін қажет, оқусыз өмір мағынасыз өмір болып қалады. Конфуций: «Ойланбай оқу – бекер еңбек; оқымай ойлау – қауіпті,» - деген. Ал Сенека: «Қорғанды оқудан ізде, сен өмірдің барлық қайғы-қасіретінен құтыласың. Күндіздің қамы түнде күрсіндіруін қояды, сен өз-өзіңе масыл және басқаларға пайдасыз болмайсың,» - деп жазған. Кітап, бізді көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі ойлау күші арқылы біздің барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады (Пьер Гито Вокелен). Кітап – ол дос, жұбатушы, басшы, біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді.
Ақпараттық қоғамның даму кезеңінде оқу мәдениеттілігі ұғымы «ақпараттық мәдениет» ұғымына кеңейіп, онда оқу мәдениеттілігі негізге алынады. «Ақпараттық мәдениет» - білім, дағдылар мен ережелер, ақпараттық қызмет саласында жасалған және ақпарат пайдаланушыға ақпарат әлемін еркін меңгеріп, өзіне қажетті деректерді (құжаттарды) тұрған жеріне қарамай тауып, пайдалануға мүкіндік беретін жалпы мәдениеттің бір бөлігі»
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам.
71. Техногендік өркениеттің қазіргі замандағы рухани мәдениетке ықпалы
Өркениет – бұл топтық, қауымдық өмірдің, адамдар ұжымы ұйымдасуының ерекше түрі. Өркениеттік факторлардың саны мен сапасы, қосындысы, иерархиялық тәртібі және баска параметрлері әрбір өркениетте түрліше болады. Өркениет әрдайым біртұтас қауым ретінде өмір сүретін адамдар тобының тіршілік факторларын біріктіретін ерекше түрдегі тетік – механизм болып табылады. Сондықтан да өркениеттің қысқаша дефинициясын былайша беруге болады: Өркениет – ұжымдық тұрмысты қамтамасыз етудің тәсілі. Тіршілік факторларының байланыстары тәсілдерінің түрлеріне орай өркениеттердің көптеген формалары болады. Әрине, өркениет туралы ұғымдар эмпирикалық жағынан верификацияланатын болса, онда олардың ғылыми негізі бар деп айтуға болады. Бір жағынан өркениетті тарихи шындық ретінде де, адамдық әлеуеттен тысқарыдағы байланыстар ретінде де қарастыруға болады. Соңғыларын дін мен ұлттық сезімнен табуға болады. Олар ұлттың ең ақырғы қорғаны болып табылады. Ф.Конечнаяның пікірінше, нақты шындықта әлдеқандай тұрақты айырмашылықтар ретінде көрінетін өркениеттің бөліктері ғана бар. Бұларды мәдениеттер деп атайды. Конечнаяның классификациясы бойынша, христиан-классикалық (латын) өркениеті – абстракт, бірақ нақты түрде оның түрлері: ағылшын, француз, польша мәдениеттері сияқтылар өмір сүреді. Сонымен, өркениет мәдениеттерге бөлінеді. Олар нақты өмір сүреді, ал өркениеттер абстрактылы түрде өмір сүреді
Жоғарыда тілге алынған өркениеттегі басты нәрсе – рухани өндірістің нақты жүйесі. Ол материалдык өндірістің өткінші факторларына қарағанда мейлінше тұрақты қасиетке ие. Мұның өзі қоғамның өзіндік бітім-болмысын анықтауға, ондағы рухани эволюцияның ішкі қайнар бұлақтарын ажыратып алып көрсетуге мүмкіндік береді. Мәдениетке бет бұру оның ерекше тетіктері арқылы барлық қайталанбайтын бояуларымен қоса әлеуметтік-мәдени құрылымның тұрақты типін анықтауға мүмкіндік береді[5].
Әрине, қазіргі таңда өркениеттің жалпы теориясы бар деуге болмас. Бірақ, өркениеттің мәні мен рөлін түсінуге жәрдемдесетін Шығыс қоғамдарын, оның ішінде қазақ қауымын, олардың этностық өздік санасын талдауға мүмкіндік беретін көпшілік тарапынан қабылданған қағидалар бар екенін естен шығармауымыз керек.
