- •1.Күнделікті өмірде сыни ойлаудың маңыздылығы. Сыни ойлаудың артықшылықтары.
- •2.Көзқарас түрлері: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері.
- •3. Джаинизм философиясы және оның принциптері.
- •4. Буддизм философиясы және оның принциптері.
- •5.Конфуцидің әлеуметтік этикалық көзқарастары.
- •6.Легизм ілімінің негізгі принципі
- •7.Даосизм ілімінің негізгі принципі.
- •8.Ежелгі Шығыс рухани құндылықтары және қазіргі заман.
- •9.Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық
- •10Антика философиясындағы антропоцентризм және табиғат философияясы.
- •11. Антика философиясындағы дүниенің алғашқы бастама мәселелері.
- •12. Пифагордың философиялық көзқарастары.
- •13. Элей мектебі: Зенон аппориясы
- •14.Антика заманындағы атомистік ілім
- •15. Гераклит дүниенің өзгермелілігі және әлемнің дамуы туралы ілім
- •16.Сократ философиясы.Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
- •17. Платонның «идея» және «үңгір» туралы ілімі.
- •18. Аристотельдің Платон іліміне сыны.
- •19. Орта ғасыр философиясы.Номинализм және реализм
- •20. Орта ғасырдағы адамның рөлі.
- •21.Орта ғасырдағы араб философиясының ерекшелігі
- •22. Араб тілдес ойшылдардың жаратылыстану және философиядағы жаңалықтары
- •23.Араб тілді ойшылдардың ғылыми көзқарастары(әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, әл-Хорезмит т.Б)
- •25.Фома Аквинскиидің құдай ілімі,сенім мен ақыл мәселесі.Құдайдың бар екеніне бес дәлелі.
- •26.Қайта өрлеу заманындағы гуманизм мен антропоцентризм (н.Коперник,д.Бруно,г.Галилей)
- •27.Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және философиялық идеялар.
- •28.Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мен әлем мәселесі.
- •29.Қайта өрлеу дәуіріндегі пантеизм және гуманизм (н.Кузанский, Дж Бруно, Пико делла Мирандолла)
- •30.Жаңа заман фило-ның ерекшеліктері:рационализм және эмпиризм
- •31.Жаңа дәуір кезеңіндегі эмпиризмнің негізін салушы.
- •32.Ф.Бэконның «төрт елес» туралы ілімі.
- •33. Жаңа замандағы ғылыми және психологиялық көзқарастар
- •34. Рационализмнің негізін салушы р.Декарт
- •35. Джон Локктың психологиялық ілімдері
- •36. И.Канттың сыни кезеңге дейінгі негізігі ойлары
- •37.И.Канттын сыни кезеңге дейіңгі ойлары.
- •39.И.Канттын этикасы(iлiмi).Категориялдык императив моральдык принцип ретiнде.
- •40.Гегелдің диалектикалық заңдылықтары.
- •41. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі
- •42. 19 Ғасыр философиясы. Иррационалдық философия
- •43. Иррационалдық философияның негізгі мектептері (волюнтаризм, психоанализ, экзистенциализм)
- •44. А. Шопенгауэр мен ф. Ницшенің волюнтаристік ілімдерінің ерекшеліктері
- •45. Ф.Ницше көзқарасы бойынша тұлға дамуынаң үш сатысы: бала, түйе, арыстан
- •46. З.Фрейдтің бейсаналық психоанализ теориясы
- •47. Ницше іліміндегі «асқан адам» , дін, мораль, қоғам мәселелері
- •48. Ж.П.Сартрдың философиясындағы жауапкершілік пен бостандық мәселелері
- •49. Экзистенциализм философиясы және оның негізгі идеялары
- •50. Позитивизм және оның негізгі идеялары мен тарихи формалары
- •51. Позитивизм және неопозитивизм: өкілдері мен негізгі идеялары
- •52. К.Поппердің демаркация мен фальсификация принциптері
- •53. П. Фейрабендтің методологиялық анархизмі
- •54. Т. Кунның ғылыми революциялар құрылымы
- •55. И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасы
- •56. О. Конт философиясы
- •57. Логикалық позитивизм. Л.Витгенштейннің верификация принципі
- •58. Қазақ философиясының ерекшелігі. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы (Қара сөздері)
- •59. Ш. Құдайбердіұлы – қазақ ойшылы
- •60. Хіх ғасыр ғасыр қазақ ағартушылары (ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев )
- •61. Классикалық және «негативтік» диалектика
- •62. Әлемнің пайда болуының заманауи (современный) модельдері
- •63. Хаос теориясы және шынайы әлем.Э. Лоуренстің «Көбелек қағысы» идеясы
- •64. Синергетика жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы жалпы ғылым ретінде
- •65. Тірі жүйелер эволюциясы. Автопоэзис теориясы. (у. Матуран мен ф. Варелла)
- •66. Классикалық және класстикалық емес ғылымындағы уақыт пен кеңістік
- •67. Таным және білім формалары мен деңгейлері. Сезімдік таным мен рационалдық таным және оның негізгі формалары
- •68. Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формасы
- •69. Қоғамның негізгі өмір сүру салалары
- •70 Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамдағы адам
- •71. Техногендік өркениеттің қазіргі замандағы рухани мәдениетке ықпалы
- •72. Философиялық және қарапайым тұрмыстық таным ерекшеліктері
- •73. К. Маркстың материалистік ілімі
- •74. Т. Гоббстың қоғамдық келісім теориясы
- •75. Ч. Пирс, у. Джеймс, Дж. Дьюидің прагматисттік теориялары
68. Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формасы
Санажеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдык сана да болады, адам санасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмысы ықпал жасап отырады. Бұл екеуі бір-бірімен
тығыз байланысты. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортаға тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болуы мен даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйрегеді. Сана арқылы адамның коршаған орта, әлеммен қарым қатынасы мақсатты түрде реттеледі.
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекет формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келуі қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат (А.В.Петровский) байқалады:
1.Сана қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтық бірлігі, Оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, кабылдау, ес, ойлау, қиял.
2.Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында адам тек өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсатты болжау әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.
4. Сана құрылымында әрекетке орай. қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объективті, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшуі болып табылады. Осы өмірдің нәтижесіне психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.
69. Қоғамның негізгі өмір сүру салалары
Бүгінгі қоғамтану әдебиетінде қоғам өмірінің негізгі салалары ретінде экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқтық және рухани өмір көрсетіледі. Әрине, қоғам өмірі өте күрделі жүйе, сондықтан осы көрсетілген салалар бір-бірімен шым-шытырық байланыста. Мысалы, экономика мен әлеуметтік сала арасындағы байланыстар өте тығыз. Экономика дамымай, бірде-бір әлеуметтік мәселелерді толыққанды шешу мүмкін емес. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау т.с.с. әлеуметтік мәселелер биік деңгейде шешілмесе, өндірісті дамыту, жаңа технологияларды өмірге енгізу екіталай. Ал оларды бір-бірімен үйлесімді байланыстыру саясатпен тығыз байланысты екені тағы да сөзсіз. Ал саяси шешімдер заң жүзінде іске аспаса, ол бос сөзге айналып кететіні тағы да бар. Жоғарыда көрсетілген осы салалар қоғамның негізінде жатқан рухани құндылықтарға сай келмей тағы да болмайды. Егер халық мыңдаған жылдардағы қалыптасқан рухани құндылықтарынан айырылып қалса, ол өз-өзін танымайтын белгілі бір құбыжыққа айналып, тарихтан жоғалып кетер еді. Тілінен, салты мен әдет-ғұрпынан айырылып, «мен орыспын» деп жүрген қаншама Сібір халықтарының өкілдерін бүгінгі Ресейден көруге болады!
а) әлеуметтік-экономикалық философия Қоғамның өмір сүру тәсілі басқа бүкіл жер бетіндегі тіршіліктерден бөлек. Егерде дамыған жануарлар ең керемет дегенде өзіне керек қоректерді жинаса, адам оларды өндіреді. Мәселеге тереңірек үңілсек, еңбек ету, материалдық өндірісті тудыру арқылы адамның өзі адам ретінде қалыптасқан жоқ па? Тағы табиғатта қалалар, бау-бақша, неше түрлі машиналар, электрондық байланыс жүйелері т.с.с. жоқ емес пе? Оларды жасаған - адам. Қазіргі адам (ғылыми тілде - кроманьон адамы) өзінің дене құрылысы ерекшеліктерімен осыдан 35-40 мың жылдар бұрын қалыптасып, дүниеге келді. Бірінші даму сатысында олар еңбек құралдарын тас пен сүйектен, ағаш пен мүйізден т.с.с. жасады. Олар, негізінен, аң аулау, өсімдіктерді жинау, соңынан балық аулау сияқты істермен айналысты. Өндіргіш күштердің деңгейінің төмендігі соншалықты, өндірілген тамақ тек олардың бұл өмірде тірі қалуын ғана қамтамасыз етті.
