- •1.Күнделікті өмірде сыни ойлаудың маңыздылығы. Сыни ойлаудың артықшылықтары.
- •2.Көзқарас түрлері: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері.
- •3. Джаинизм философиясы және оның принциптері.
- •4. Буддизм философиясы және оның принциптері.
- •5.Конфуцидің әлеуметтік этикалық көзқарастары.
- •6.Легизм ілімінің негізгі принципі
- •7.Даосизм ілімінің негізгі принципі.
- •8.Ежелгі Шығыс рухани құндылықтары және қазіргі заман.
- •9.Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық
- •10Антика философиясындағы антропоцентризм және табиғат философияясы.
- •11. Антика философиясындағы дүниенің алғашқы бастама мәселелері.
- •12. Пифагордың философиялық көзқарастары.
- •13. Элей мектебі: Зенон аппориясы
- •14.Антика заманындағы атомистік ілім
- •15. Гераклит дүниенің өзгермелілігі және әлемнің дамуы туралы ілім
- •16.Сократ философиясы.Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
- •17. Платонның «идея» және «үңгір» туралы ілімі.
- •18. Аристотельдің Платон іліміне сыны.
- •19. Орта ғасыр философиясы.Номинализм және реализм
- •20. Орта ғасырдағы адамның рөлі.
- •21.Орта ғасырдағы араб философиясының ерекшелігі
- •22. Араб тілдес ойшылдардың жаратылыстану және философиядағы жаңалықтары
- •23.Араб тілді ойшылдардың ғылыми көзқарастары(әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, әл-Хорезмит т.Б)
- •25.Фома Аквинскиидің құдай ілімі,сенім мен ақыл мәселесі.Құдайдың бар екеніне бес дәлелі.
- •26.Қайта өрлеу заманындағы гуманизм мен антропоцентризм (н.Коперник,д.Бруно,г.Галилей)
- •27.Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және философиялық идеялар.
- •28.Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мен әлем мәселесі.
- •29.Қайта өрлеу дәуіріндегі пантеизм және гуманизм (н.Кузанский, Дж Бруно, Пико делла Мирандолла)
- •30.Жаңа заман фило-ның ерекшеліктері:рационализм және эмпиризм
- •31.Жаңа дәуір кезеңіндегі эмпиризмнің негізін салушы.
- •32.Ф.Бэконның «төрт елес» туралы ілімі.
- •33. Жаңа замандағы ғылыми және психологиялық көзқарастар
- •34. Рационализмнің негізін салушы р.Декарт
- •35. Джон Локктың психологиялық ілімдері
- •36. И.Канттың сыни кезеңге дейінгі негізігі ойлары
- •37.И.Канттын сыни кезеңге дейіңгі ойлары.
- •39.И.Канттын этикасы(iлiмi).Категориялдык императив моральдык принцип ретiнде.
- •40.Гегелдің диалектикалық заңдылықтары.
- •41. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі
- •42. 19 Ғасыр философиясы. Иррационалдық философия
- •43. Иррационалдық философияның негізгі мектептері (волюнтаризм, психоанализ, экзистенциализм)
- •44. А. Шопенгауэр мен ф. Ницшенің волюнтаристік ілімдерінің ерекшеліктері
- •45. Ф.Ницше көзқарасы бойынша тұлға дамуынаң үш сатысы: бала, түйе, арыстан
- •46. З.Фрейдтің бейсаналық психоанализ теориясы
- •47. Ницше іліміндегі «асқан адам» , дін, мораль, қоғам мәселелері
- •48. Ж.П.Сартрдың философиясындағы жауапкершілік пен бостандық мәселелері
- •49. Экзистенциализм философиясы және оның негізгі идеялары
- •50. Позитивизм және оның негізгі идеялары мен тарихи формалары
- •51. Позитивизм және неопозитивизм: өкілдері мен негізгі идеялары
- •52. К.Поппердің демаркация мен фальсификация принциптері
- •53. П. Фейрабендтің методологиялық анархизмі
- •54. Т. Кунның ғылыми революциялар құрылымы
- •55. И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасы
- •56. О. Конт философиясы
- •57. Логикалық позитивизм. Л.Витгенштейннің верификация принципі
- •58. Қазақ философиясының ерекшелігі. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы (Қара сөздері)
- •59. Ш. Құдайбердіұлы – қазақ ойшылы
- •60. Хіх ғасыр ғасыр қазақ ағартушылары (ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев )
- •61. Классикалық және «негативтік» диалектика
- •62. Әлемнің пайда болуының заманауи (современный) модельдері
- •63. Хаос теориясы және шынайы әлем.Э. Лоуренстің «Көбелек қағысы» идеясы
- •64. Синергетика жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы жалпы ғылым ретінде
- •65. Тірі жүйелер эволюциясы. Автопоэзис теориясы. (у. Матуран мен ф. Варелла)
- •66. Классикалық және класстикалық емес ғылымындағы уақыт пен кеңістік
- •67. Таным және білім формалары мен деңгейлері. Сезімдік таным мен рационалдық таным және оның негізгі формалары
- •68. Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формасы
- •69. Қоғамның негізгі өмір сүру салалары
- •70 Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамдағы адам
- •71. Техногендік өркениеттің қазіргі замандағы рухани мәдениетке ықпалы
- •72. Философиялық және қарапайым тұрмыстық таным ерекшеліктері
- •73. К. Маркстың материалистік ілімі
- •74. Т. Гоббстың қоғамдық келісім теориясы
- •75. Ч. Пирс, у. Джеймс, Дж. Дьюидің прагматисттік теориялары
66. Классикалық және класстикалық емес ғылымындағы уақыт пен кеңістік
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты.
Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін әрі қарай бөлінбейтін ұсақ бөлшектер -атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте құлдырап келе жатып бір-бірімен соқтығысып, табиғатың заттарын тудырады. Яғни кеңістік - субстанциялық алғашқы негіздердің бірі. Егер дүниедегі атомдар бір сәтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды -кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып қала береді.
Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы шығып: «Судағы балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ балық қозғалады», - деген пікір айтқан болатын. Яғни ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты.
Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеністік - дүниедегі заттардың алатын орны, ал уақыт - қозғалыстың саны, мөлшері.
Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен уақытта берілген, тек Құдай ғана – мәңгілік, олардан тыс жатыр.
Жаңа дәуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып, кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. Ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, уақыт - сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те болды.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды. Оның ойынша, олар адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс) түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, ал уақыт - ішкі сезімнің априорлық формалары. Тек солар арқылы ғана адам өз дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады.
Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында XX ғ. дейін кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан ағылшын ғалымы И.Ньютон болғанды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз қуыс) және уақыт (таза, біркелкі ұзақтық) категорияларын енгізіп, олар материядан да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге келеді. Сонымен қатар, адамның санасында салыстырмалы кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге байланысты өзгерісте болуы мүмкін.
67. Таным және білім формалары мен деңгейлері. Сезімдік таным мен рационалдық таным және оның негізгі формалары
1. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм). Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi. Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды "субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады. Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес. Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi. Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада "делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады. Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет. Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды
