Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

64. Синергетика жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы жалпы ғылым ретінде

Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер. Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді. Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады.

65. Тірі жүйелер эволюциясы. Автопоэзис теориясы. (у. Матуран мен ф. Варелла)

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады.

Сущность явления[править | править вики-текст]  Согласно теории У. Матураны и Ф. Варелы, живые существа отличаются «аутопоэзной организацией», то есть способностью к самовоспроизводству — к порождению, «строительству» самих себя: аутопоэзная система как бы «вытаскивает сама себя за волосы», создавая собственные компоненты. Аутопоэзные системы — это «системы, которые, в качестве единств, определяются как сети производства компонентов, которые (1) рекурсивно, через свои интеракции, генерируют и реализуют сеть, которая производит их; и (2) конституируют, в пространстве своего существования, границы этих сетей как компоненты, которые участвуют в реализации сети»[4]. Так, клетка производит компоненты своей мембраны, без которой клетка не могла бы ни существовать, ни производить эти компоненты. Именно аутопоэзная организация служит для У. Матураны и Ф. Варелы критерием, определяющим жизнь[5].  Исследователь искусственного интеллекта Бен Герцель в своей модели разума (psynet-модель) считает мысли, чувства и другие ментальные сущности аутопоэзными (самогенерирующимися) системами внутри «системы магов»[6].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]