Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

59. Ш. Құдайбердіұлы – қазақ ойшылы

Қазақ халқының ұлы ақыны, философ, керемет білімдар, Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Шыңғыстауда дүниеге келеді. Ұлы ақын Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең үлкені еді. Құдайберді 1886 жылы 37 жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады. Бұдан былай Шәкәрім ақын ағасы Абайдың тәрбиесінде болады. Туған әулет дәстүрі, өскен орта ыңғайы, ақын аға тағлымы Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуына да ерекше әсер етті. 1931 жылы 73 жасында Шәкәрім асыра сілтеудің құрбаны болды. Шәкәрімнің “Үш анық” атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматтар аламыз. Оның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе ар ілімінің негізі боп табылатын нәрсе “Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды” - деп жазған 

60. Хіх ғасыр ғасыр қазақ ағартушылары (ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев )

Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру.Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар. Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты. Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар. Оның ерлігі мен ғылыми табыстары бүкіл Европа жұршылығының жоғары бағасына ие болған. Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері. Ш.Уәлиханов орыс мәдениеті мен ғылымының қазақ халқының тағдырында маңызды роль атқарғандығына көңіл бөледі. Алдыңғы қатарлы гуманист орыс ғалымдары мен жазушылары халықтың рухани өркендеуіне, өсуіне өз үлесін қосты. Біз оны Шоқанмен байланысты болған адамдардың іс - әрекетінен айқын көреміз. Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. \

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]