Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

57. Логикалық позитивизм. Л.Витгенштейннің верификация принципі

Логикалық позитивизм — 20 ғасырдың 20-жылдары Вена үйірмесі негізінде пайда болған неопозитивизм бағыты. Негізгі өкілдері : М.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, Ф.Франк, т.б. Олардың еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдандыру, логикалық семантика, семиотика мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтылған. 1920 жылдың аяғы — 30-жылдардың басында Логикалық позитивизм неопозитивистік ғылым философиясының идеялық негізіне айналды. Логикалық позитивизм философия мәселелердегі ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырды. Карнаптың пікірінше, “логика — философияның мәні, ал "философия — ғылым логикасы”. Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестірді. Логикалық позитивизм теориясы білімді тәжірибелік негіздеу үшін верификация принципін ұсынды. Оның негізін қалаушылар сындарлы ғылым философияны қалыптастыру міндетін алға қойып, метафизика деп аталатын байырғы философияның едәуір бөлігін жоққа шығаратын “философиядағы революцияны” іске асыруға бағыт алды. Шынайы ғылым философия, Логикалық позитивизм бойынша, тек ғылым тіліне логикалық талдау ретінде ғана мүмкін. Бұл талдау, бір жағынан, “метафизикадан арылуға”, екінші жағынан, “тікелей берілген” құбылыстың, яғни ғылым ұғымдар мен пайымдаулардың эмпирикті тұрғыдан тексерілетін мазмұнын анықтау үшін ғылым білімнің логикалық құрылымын зерттеуге бағытталуға тиіс.  Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардың ішінен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенің өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оныматематикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. \

58. Қазақ философиясының ерекшелігі. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы (Қара сөздері)

Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. \

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]