Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

55. И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасы

Лакатостың ойынша ғылым мен зерттеулер бағдарламаларының сайысы, яғни өзара бəсекелесі болуы тиіс. Дəл осы идеясы нəзік методологиялық фальсификационизіммен сипатталады, бұл Поппер концепциясының негізі ағымымен дамыған. Лакатос Поппердің ғылым философиясының өткір бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көзқарасын үш кезеңге бөлді: 1) догматикалық (натуралистік) фальсификационизм; 2) қияли фальсификационизм; 3) методологиялық фальсификационизм. Соңғы кезең 50 жылдардан басталады жəне нормативті концепцияның

өсу зерттемесімен жəне білімнің дамуын жан-жақты сыншыл негізімен байланысты. Ғылымның бірінші түрі процесс сияқты, құрылымдармен белгіленген. Догматикалық фальсификационизмге тоқталсақ, бұл концепция бойынша барлық ғылыми теорияларды жоққа шығару, бірақ сонымен бірге жоққа шығаруға болмайтын эмприялық базис бар. Бұл - қатал эмпризизм, бірақ индуктивизмсіз, эмприялық базисті жоққа шығару теорияға ауыспайды. Одан догматикалық фальсификационизмді əлсіз деп атауға болады. Догматикалық фальсификационистер үшін барлық теориялар болжау түрінде бола бермейді. Догматикалық фалсификационизм қисыны бойынша ғылымның өсуі - бұл берік қойылған фактілерге соқтығысқан теориялардың қайталануы дейді. Мысалы, Декарттың тартылу теориясы жоққа шығарылды, планета эллипстікті орбитамен қозғалады деген фактімен соқтығысты. Методологиялық фальсификационизм догматиктердің қателіктерін түзейді, ғылымның эмприялық базасын жəне ұсынылған болжауларды бақылау көрсетеді. Олар өз шешімдерінің қателіктерін түсініп, мойындайды. Методологиялық фальсификационизм сыншылдық алдынан жаңа белдеулер ашты; көптеген «ғылыми» теориялар болып жіктелінеді.

56. О. Конт философиясы

Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт (фр. Isidore Marie Auguste François Xavier Comte; 19 қаңтар 1798 — 5 қыркүйек 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады. Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бұл кезеңдер Конттың үш негізгі еңбектерімен белгіленген. Еңбектері Өңдеу Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.). Екінші кезең - «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]