Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

47. Ницше іліміндегі «асқан адам» , дін, мораль, қоғам мәселелері

Сен өзіңнің кезектегі өміріңнің қайта келуін, шексіз қайталануын қалайсың ба? —— Бұл сұраққа екі түрлі жауап беріледі: қолдау және терістеу. Міне бұл Мәңгілік қайталанымның адамды бағалағыштық, сынағыштық қасиеті, алдыңғы жауап белсенді, өз әрекетіне риза түрде белсенді берілу және қайталануын аңсау, ал кейінгісі кері кеткен, оның өз әрекетіне қарата өзінен келетін белсенді қолдаушы күш кем, демек ол ырықсыз күйде.

Жеңімпаздар және жеңілушілер

Дегенмен, Мәңгілік қайталаным мағыналы шаттық иесінің мәңгі қайталануы болса, онда түкке тұрмайтын тобырлардың Мәңгілік қайталануы қалай болады? Әрине, олар ырықсыз, терістегіш, керітартпа күш болғандықтан өз өзіне қайшылығы себепті олар бір реттік қана, ешқашан қайталанбайды, соңғы рет қана болады. Бұл түрдегі сұрыптаудан белсенді, жігерлі, қолдағыш, растағыш күштер іріктеліп, барлық бейшара, кертартпа, кері кеткен, ырықсыз күштер ығыстырылады, аласталады. Осынау тазарту бейнелеп айтқанда Асқан адамды (супермен) туғызады. Бұл Ницшенің эволюция идеясымен де байланысты екенін көрсетеді —— Асқан адам Мәңгілік қайталанымның іріктеуі мен сұрыптауының нәтижесі.

Мораль — қоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір. Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды.

48. Ж.П.Сартрдың философиясындағы жауапкершілік пен бостандық мәселелері

Жауапкершілік – еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.

Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі

49. Экзистенциализм философиясы және оның негізгі идеялары

Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.

Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]