Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

44. А. Шопенгауэр мен ф. Ницшенің волюнтаристік ілімдерінің ерекшеліктері

Шопенгуер дүние ерікпен елес, Нище жаксылык пен гегль ақылды аспанга көтерді , тіпті аспанга көтерді. Шопенгауер мен нищще акылды таптады. Ырықпен билік керек деген, нище дінге қарсы кітап жазды, қоғамда зұлым адамдар өмір сүру керек , қатігез, жаны ашымайтын, ал әлсіз адамдар өмірге керек жоқ, өмірден кету керек деген, гуманиз деген солардың кетуіне жәрдемдесу деді

19 ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында философияда иррационалдық сипаттағы бағыттар қалыптаса бастады. Иррационализм ұғымы рационализмге кері деген мағананы береді. Ақылмен түсінуді мүмкін емес деп, танымдағы басқа қабілеттерге назар аударады. Осы кезеңдерде пайда болған философияға бейклассикалық деген айдар тағылды. ХХ ғасыр философиясының бастамасы “Өмір философиясы” болды. Оның бірінші нұсқасы А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, А.Бергсон есімдерімен байланысты. Олар күшке табыну түйсіктеріне мән берді. А.Шопенгауэр мен Ф.Ницше “ерік философиясын” қалыптастырды. “Өмір философиясының” екінші нұсқасы Дильтей және Шпенглер сияқты философтардың есімімен байланысты болды. Олар өмірді алғашқы реалдылық деп қарастырды. Анри Бергсон философиясында интуицияға көп мән берілді. Өмір аналитикалық ақыл таразысына салуға келмейді деп шешті.

“Өмір философиясының” өкілдері ақылгөйсимін деп, тек қайғыға тап етті. Тылсым дүниені көп айтып кетті. Осы философтарды теріске шығарсақ қайтеді деген ғалымдар шықты. Метафизикалық философияны терістеп шыққан философияны позитивизм деп атады. Бұл ағымның атының өзі позитивтік, яғни дұрыс әрі дәлелденген білімді ғана мойындау дегенді білдіреді. Позитивизмнің негізін қалаған Огюст Конт (1798-1857). Позитивисттер нақты ғылымдарды білімнің бірден-бір көзі деп жариялаған. Олар философиялық зерттулердің танымдық маңызын теріске шығарған.

45. Ф.Ницше көзқарасы бойынша тұлға дамуынаң үш сатысы: бала, түйе, арыстан

Адам артына қараса бүкіл дамудың сатыларын байқайды. Дегенмен алдыда әрбір адамның өмірі үш түрлі сатыны бастан кешіруі мүмкін:

"Түйе сатысы" - барлық қиындықтардан тайсалмай, бәрін бір өзі көтеріп, шынығып, жетіліп, алыс арманға зар желіп аттану сатысы;

"Арыстан сатысы" - өмірдегі зұлымдықтармен, сұрқиялықтармен, масылдықпен, "айдағармен" айқасу арқылы өмірді түзету, билеу еркіне жету, жеңімпаз, ең болу",

"Сәби сатысы" - бейне сәби бала секілді бәрін игеріп, бәрінен биік тұрып, баршаны таза пәк жүрекпен сүйетін әулиелік.

Ф.Ницшенің ойынша бұл үш саты өмірдің қандай өмір болуын белгілейді.

46. З.Фрейдтің бейсаналық психоанализ теориясы

Бейсаналық – 1) адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі (автоматически), сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы(бар болуы); 2) индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық (менталдық) қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.

Бейсаналық мәселесі философия тарихында өзіне көп назар аударған. Антикалық дәуірде (Платон), ортағасырлықта, Жаңа заманда (Кант, Шеллинг,Шопенгауэр т.б.) ол туралы әралуан пікірлер айтылды.

Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізінқалаушы австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ("Оно", "Id") ретіндеқарастырады. "Олдың" негізін сексуалды-биологиялық энергия құрастырады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]