- •1.Күнделікті өмірде сыни ойлаудың маңыздылығы. Сыни ойлаудың артықшылықтары.
- •2.Көзқарас түрлері: миф, дін, философия және олардың ерекшеліктері.
- •3. Джаинизм философиясы және оның принциптері.
- •4. Буддизм философиясы және оның принциптері.
- •5.Конфуцидің әлеуметтік этикалық көзқарастары.
- •6.Легизм ілімінің негізгі принципі
- •7.Даосизм ілімінің негізгі принципі.
- •8.Ежелгі Шығыс рухани құндылықтары және қазіргі заман.
- •9.Милет мектебі – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық
- •10Антика философиясындағы антропоцентризм және табиғат философияясы.
- •11. Антика философиясындағы дүниенің алғашқы бастама мәселелері.
- •12. Пифагордың философиялық көзқарастары.
- •13. Элей мектебі: Зенон аппориясы
- •14.Антика заманындағы атомистік ілім
- •15. Гераклит дүниенің өзгермелілігі және әлемнің дамуы туралы ілім
- •16.Сократ философиясы.Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
- •17. Платонның «идея» және «үңгір» туралы ілімі.
- •18. Аристотельдің Платон іліміне сыны.
- •19. Орта ғасыр философиясы.Номинализм және реализм
- •20. Орта ғасырдағы адамның рөлі.
- •21.Орта ғасырдағы араб философиясының ерекшелігі
- •22. Араб тілдес ойшылдардың жаратылыстану және философиядағы жаңалықтары
- •23.Араб тілді ойшылдардың ғылыми көзқарастары(әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, әл-Хорезмит т.Б)
- •25.Фома Аквинскиидің құдай ілімі,сенім мен ақыл мәселесі.Құдайдың бар екеніне бес дәлелі.
- •26.Қайта өрлеу заманындағы гуманизм мен антропоцентризм (н.Коперник,д.Бруно,г.Галилей)
- •27.Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылыми және философиялық идеялар.
- •28.Қайта өрлеу дәуіріндегі адам мен әлем мәселесі.
- •29.Қайта өрлеу дәуіріндегі пантеизм және гуманизм (н.Кузанский, Дж Бруно, Пико делла Мирандолла)
- •30.Жаңа заман фило-ның ерекшеліктері:рационализм және эмпиризм
- •31.Жаңа дәуір кезеңіндегі эмпиризмнің негізін салушы.
- •32.Ф.Бэконның «төрт елес» туралы ілімі.
- •33. Жаңа замандағы ғылыми және психологиялық көзқарастар
- •34. Рационализмнің негізін салушы р.Декарт
- •35. Джон Локктың психологиялық ілімдері
- •36. И.Канттың сыни кезеңге дейінгі негізігі ойлары
- •37.И.Канттын сыни кезеңге дейіңгі ойлары.
- •39.И.Канттын этикасы(iлiмi).Категориялдык императив моральдык принцип ретiнде.
- •40.Гегелдің диалектикалық заңдылықтары.
- •41. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі
- •42. 19 Ғасыр философиясы. Иррационалдық философия
- •43. Иррационалдық философияның негізгі мектептері (волюнтаризм, психоанализ, экзистенциализм)
- •44. А. Шопенгауэр мен ф. Ницшенің волюнтаристік ілімдерінің ерекшеліктері
- •45. Ф.Ницше көзқарасы бойынша тұлға дамуынаң үш сатысы: бала, түйе, арыстан
- •46. З.Фрейдтің бейсаналық психоанализ теориясы
- •47. Ницше іліміндегі «асқан адам» , дін, мораль, қоғам мәселелері
- •48. Ж.П.Сартрдың философиясындағы жауапкершілік пен бостандық мәселелері
- •49. Экзистенциализм философиясы және оның негізгі идеялары
- •50. Позитивизм және оның негізгі идеялары мен тарихи формалары
- •51. Позитивизм және неопозитивизм: өкілдері мен негізгі идеялары
- •52. К.Поппердің демаркация мен фальсификация принциптері
- •53. П. Фейрабендтің методологиялық анархизмі
- •54. Т. Кунның ғылыми революциялар құрылымы
- •55. И. Лакатостың «ғылыми-зерттеу бағдарламаларының» әдіснамасы
- •56. О. Конт философиясы
- •57. Логикалық позитивизм. Л.Витгенштейннің верификация принципі
- •58. Қазақ философиясының ерекшелігі. Абай Құнанбаевтың дүниетанымы (Қара сөздері)
- •59. Ш. Құдайбердіұлы – қазақ ойшылы
- •60. Хіх ғасыр ғасыр қазақ ағартушылары (ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев )
- •61. Классикалық және «негативтік» диалектика
- •62. Әлемнің пайда болуының заманауи (современный) модельдері
- •63. Хаос теориясы және шынайы әлем.Э. Лоуренстің «Көбелек қағысы» идеясы
- •64. Синергетика жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы жалпы ғылым ретінде
- •65. Тірі жүйелер эволюциясы. Автопоэзис теориясы. (у. Матуран мен ф. Варелла)
- •66. Классикалық және класстикалық емес ғылымындағы уақыт пен кеңістік
- •67. Таным және білім формалары мен деңгейлері. Сезімдік таным мен рационалдық таным және оның негізгі формалары
- •68. Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формасы
- •69. Қоғамның негізгі өмір сүру салалары
- •70 Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамдағы адам
- •71. Техногендік өркениеттің қазіргі замандағы рухани мәдениетке ықпалы
- •72. Философиялық және қарапайым тұрмыстық таным ерекшеліктері
- •73. К. Маркстың материалистік ілімі
- •74. Т. Гоббстың қоғамдық келісім теориясы
- •75. Ч. Пирс, у. Джеймс, Дж. Дьюидің прагматисттік теориялары
39.И.Канттын этикасы(iлiмi).Категориялдык императив моральдык принцип ретiнде.
Өзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар-ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарыиа сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) әлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дсрексізденген парыз ұғымы - Канттың ар ілімінің ішкі өзегі. Әрекет бостандығы дегеніңіз оған мүлдем қарама-қайшы ұғым.
40.Гегелдің диалектикалық заңдылықтары.
Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік диалектикасы болды. Гегель «тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуа деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байданысын ашуға тырысты». Гегельдің ойынша диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы, онда бұл анықтамалардың сыңаржақты әрі өресіз екендігі, яғни олардың бойында өздерін өздері терістеу бар екендігін көрінеді, пайымдаудың дерексіздік анықтамаларынан диалектиканың ерекшелігі осында Гегель ілімі бойынша, сол себепті диалектика ойдың ғылыми тұрғыда өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден бір принцип болып табылады. Дүниедегінің бәрінің өзін өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімінде, өмірді де ойды да революцияландыратын негіз болады, сол себепті алдыңғы қатарлы ойшылдар Гегель диалектикасын «революция алгебрасын» көрді. Гегельдің диалектикалық жүйесі сандық және сапалық өзгерістердің табиғатын көрсетеді:қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі «прогресс», «регресс», «даму» ұғымы мен тығыз байланысты.
41. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі
Фейребахтың пікірінше, жаңа философия теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм — адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология — адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі, сондықтан ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғамнан және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Людвиг Фейербах (1804-1872) басқа неміс классикалық философтардан ерекшелігі, ол материалист философ болған. Оның негізгі шығармасы "Христианшылдықтың мәні”, мұнда ол идеалистік және материалистік философия арасындағы тарихи күресті көрсетуге ұмтылды. Фейербах пікірінше барлық мәртебе антропологияға берілуі керек. Ол философиялық зерттеудің негізгі мәселесі етіп табиғатты да, рухты да қоймады, керісінше адам мәселесін қарастырды. Адамды қарастырғанда оны сезім (материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде зерттеді. Адам тек қана ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар аударады: "теологияның құпиясы антропологияда жасырынып жатыр, теологияның мәні антропологияда” Бұл ұран нені білдіреді? Оның пікірінше Христианшылдық-бұл Құдайдағы үш білім зерттеу обьектілерінің қосындысы:Табиғаттар. Құдай-Әке-физикаЛогикалар. Құдай-Ұл-адамның рационалды әрект аумағыРухани іс-әрекет. Қасиетті Құдай Рух.Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген идея ұсынған.
Гегель ізбасарларының сол қанаты жас гегельшілердің ішінен атақты неміс материалисті Л.Фейербах қара үзіп алдыңғы қатарға шықты. 1848 жылы буржуазиялық революцияның қарсаңында неміс идеалистік философиясы тоқырауға ұшырап тұйықтан шығар жол іздеді. Осы мезетте Фейербах тарапынан жүзеге асырылған материализмнің бағзы замандағы беделін қайта көтеру әрекеті идеалистік неміс философиясы үшін өте ауыр соққы болған-ды.
Фейербах Маркске дейінгі материалисттердің ішінен ең көрнектілерінің бірінен саналады. Оның идеялары неміс мәдениетінің дамуында өшпес із қалдырды. Ол XIX ғасырдағы демократтардың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рол атқарды. Оның материализмі Маркс пен Энгельске тікелей ықпал жасаған, гегельді философияның үстемдік бұғауынан босануларына бірден-бір жәрдем еткен.
Людвиг Фейербах (1804-1872) заң қызметкерінің шаңырағында дүниеге келіп, ер жеткен соң 1823 жылы Гейдельберг университетіне түсіп, діни мамандық алуға ден қойды. Алайда, аз уақыт етпей-ақ, бұл мақсатына кеңілі толмаған Фейербах Берлинге кешіп келіп, екі жылдай Гегель лекцияларын тыңдайды.
