Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_shpor_kyskartylgan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.89 Кб
Скачать

31.Жаңа дәуір кезеңіндегі эмпиризмнің негізін салушы.

Эмпиризм - танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт, негізін салушы Ф. Бэкон. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті

пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл - ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл - ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен.2. Әркімнің жеке басына тән «үңгір» елесінен.3. «Нарық» (базар) елесінен.4. «Театр» елесінен.

32.Ф.Бэконның «төрт елес» туралы ілімі.

Ф. Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып,адамның дүние тануына кеселiн тигiзетiн нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерлеу қажет. Сонда ғана жаңа әдiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол ғылымдағы кедергiлердi Ф. Бэкон “елестер” дейдi. Олар - төртеу. Бiрiншi елес - тектiк елестер. Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады.Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-бiлуге бағытталған кезде, оларды “өзiне ұқсатып” түсiндiруге тырысады. Тектi елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкiн емес. Бұл Ф. Бэконның айтқан ойларын растау үшiн мынандай мысал келтiрейiк. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниелердегi ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөнiндегi неше-түрлi аңыздарды тудырды. Ол қазiргi заманның тудырған мифтерi бойынша, ұшып келген тарелкалардың iшiнен шыққан пәнделер нақ жердегi адамдар сияқты екi аяқты, қолды, екi көздi, тек олардың түсi- көкшiл екен т.с.с. Екiншi елес - ол үңгiр.Әрбiр адам белгiлi бiр жанұяда, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп тәрбиеленедi, ересек адамға айналады. Бiреу адам түгiл құдай да ұмытқан ауылда, екiншi - район орталығында, үшiншi - астанада, ия болмаса үлкен қалада туып тәрбиеленедi. Бiреу- кедей, екiншi- ауқатты жанұяда өсiп өнедi, көбiнесе, соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған "үңгiрден” дүниеге қарайды, ал оның өзi "табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды”,- дейдi ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы - дуниеден алған жеке тәжiрибенi жалпы халықтық тәжiрибемен ұштастыру болмақ. Үшiншi елес - алаң, ия болмаса базар елестерi. Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзi - зат пен соны көрсететiн, бейнелейтiн сөздi толығынан теңеу.

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]